25.04.15ж.
9 «а» сынып.
Тақырыбы:
«Экстремизм
мен терроризмнің жалған діни
табиғаты.»
Мақсаты:
А) Оқушыларға терроризм туралы терең
түсінік беру, оның түрлері, себептері
мен зардаптарын ұғындыру;
Ә)
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік,
құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра
отырып, оларды террорлық, лаңкестік
және діни экстремистік бағытта арандатуға
жол бермеу;
Б)
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын
және мейірімділік пен ізгіліктің,
адамдарға жақсылық жасай білудің
өмірдегі басты ұстанымы екенін
ұғындыру.
Сабақ
түрі: Аралас.
Көрнекілігі:
бейнефильм, слайдтар.
І.
Ой қозғау.
-
Оқушылар, «терроризм» деген сөзді
айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
-
Террорлық іс - әрекеттерден зардап
шегетін кім?
(
Ойларын дәптерге жазады)
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.
Мағынаны тану.
1.
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] -
саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану;
ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі
кезінде якобиндықтар жүргізген
репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
- Терроризм не екендігі туралы біздің
заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің
анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты
әртүрлі болады. Мысалы, көптеген
тұлғалардың анықтамасы бойынша
«терроризм» сөзі өзінің ұғымында
джихадты, муджахидтарды, шариғат
елдерінде жаза қолдануды қамтиды.
«Терроризм» – араб тілінде «ирхаб»
сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту».
Тероризм мен діни экстремизм адамзат
баласына қауіп пен қатер төндіретін
ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру
үшін небір озбыр әрекеттерге барады.
Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін
ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан
кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар
өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында
алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.
Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда
«терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік
алатын боламыз.
ІҮ.
Бекіту бөлімі.
2.
Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің
белең алуы неліктен?»
А)
Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә)
Террористік іс - әрекеттер тек ер
адамдарға қатысты ма?
Оқушылар
өз ойларын айтады:
-
Діни секталардың таралуы;
-
Ашық дипломатиялық саясатымызды
пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
-
18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни,
саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған,
имандылық, патриоттық сезімдері
жетілмеген жастар барады.
-
Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар
емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі
кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың
көбеюі байқалады.
Ү. Үйге: қосымша дерек дайындау.