400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сынып сағаты "Еңбек бәрін жеңбек" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 1 сыныпқа арналған сынып сағатының жоспары. Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Оқушылардың еңбек туралы білімдерін толықтыра түседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы білімдері кеңейеді.Сөйлеу дағдылары жетіледі, ой өрісі дамиды. Оқушылар еңбексүйгіштікке, іскерлікке үнемді болуға үйренеді.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық.  
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. 
Сөзжұмбақ шешейік.
1. Қасиетті сан.

2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап» 
4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)
5. Аптаның соңғы күні.

Жарайсыңдар!

Ал, балалар, осы сөзжұмбақта ерекше болып тұрған қандай сөз?

-Еңбек

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы болмақ, қалай ойлайсыңдар?

-Оқушылар жауаптарын тыңдау.

Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Әңгімелесу 
Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Оқушылардың еңбек туралы тақпақтарын тыңдау.

Айып: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.

Жансая:Түбінде баянды еңбек егін салған,  
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
 
Би болған, болыс болған өнер емес,
 
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Келесі кезекте оқушылар еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді.

Кәне соны тамашалаңыздар.
Автор- Ерәлі:

Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ


Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
(қуыршақ Тумар): Қайдан келдің бауырсақ?
(бауырсақ Арман): Дүкеннен келдім нан сатқан.
(қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?
(бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.
(қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?
(бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.
(қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?
(бауырсақ): Даладан келдім жан – жақтан
Жер – анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген.


Шығармашылық жұмыс 
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. 
1 – топ: Мақал – мәтел кітапшасын жасайды.

2 – топ: Кітапшаға еңбек туралы мақал – мәтелдер жазады.


Ән: «Дос болайық бәріміз»

«Еңбек» сөзіне топтастыру жасау.

Сүйікті іс, күш, жігер береді, жарқын болашақ, қуаныш, ләззат алу, ақша, пайдалы,өмір сүруге үйретеді, ауыр, шынықтырады, жеңіл.



Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіреді.

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 

 Мұғалім:

Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,

Болса тәртіп-бала өседі сомдалып.

Бала нені білсе жастан, ұядан.

Өле  өлгенше соны таныр қиядан.

Жас кезінде  білім берсең,қалай да-

Өсе келе қолы жетер талайға.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма. Жүсіп Баласағұн










Picture 2



Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Новочеркас орта мектебі» ММ






Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»

Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша өткізілген ашық сынып сағаты





















Мусина К.Е.

Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: екінші























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі