Мемлекеттік рәміздер (Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш)
Тақырыбы: мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса
маңызды мемлекеттік белгілер-
рәміздер
жөніндегі білімдерін
жан-жақты
сарапқа салу,
оларға мемлекеттік
белгілердің аса
маңызды екенін
ұғындыру, оны ерекше
құрметтеп, мақтан тұту
керектігін ашып көрсету7
2. Дамытушылық:
Ой-өрісін, танымдық
қабілетін, жеке дара
тұлға ретінде дамыту.
3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін,
тегін, тарихын сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Рәміздер авторларының
суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер т.б.
Сабақтың барысы:
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Гимні орындалады
Қазақ елі ұлан-
байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан
құстың қанаты талып, жортқан аңның
тұяғы
шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600
шақырым, жалпы аумағы
2717.3 мың шаршы
шақырым алып
аймақты қалай әсірелесе
де тұрарлық.
Осындай кең-байтақ
жерге ие жас, егеменді еліміздің
өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол-
көтерген Туы мен
Елтаңбасы, асқақтата
әуелеткен Әнұраны.
Еркіндікке ұмтылған
қай ел, қай
халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар
салуды армандайды. ҚР-ның Ата
заңының 9-бабында « Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
рәміздері- Туы,
Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
Біздер тәуелсіз
қазақ елінің ең жас
ұландарымыз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді
әкелер мен аталарымыз
сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс
екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім,Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы
–мемлекеттік рәміздерді
қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан
Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15
жылдығына
арналған «Менің
Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде:
«Мемлекеттік рәміздер
–еліміздің егемендігі мен
тәуелсіздігін паш ететін
нышандар. Бұл
рәміздер біздің
мемлекетіміздің өткені, бүгіні
мен болашағы
арасындағы
сабақтастықтың жарқын
бейнесі.
Мемлекеттік
рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен
даналығын,
болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше
құнды белгілер. Желбіреген аспан
түстес байрағымыз халқымыздың арманын
асқақтатып, қыран
бүркіттей елімізді аспан
әлемінде қалықтап
тұр» деп атап
көрсетті.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
тәуелсіз республика болып
жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда
Қазақстанның ел
басшысы - Президенттің сайлауы
болды. Тұңғыш Президент болып
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
Ата Заңымыз
бойынша мемлекет
басқарушысы –Президент. Латын
тілінен аударғанда «президент»
сөзі «алдында
отырған» деген
мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4
желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Қазақстан
Қазақстан дейтін
менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін!
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам
қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған
ортасы.
Бүгін бізге
таңдай қағар
күллі әлем,
Бұның бәрі
Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап
алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден
қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап
алған.
Президентім бар менің елі
түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Бас білгізіп
жер тарпыған
тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады
екен қарты аңға.
Қалай
оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса
ен – таңба ?!
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары
танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта
«Шаңырағың биік,керегең кең,
босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба
авторлары осы сөздерді
басшылыққа алған.Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы көгілдір
түстің үстіне салынған
шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн
сәулесі тәрізді уықтар
тарайды. Шаңырақ
пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп
жатқан көптеген халықтардың бірлігін
көрсетеді. Қазақстан
Республикасының Елтаңбасының бір
бөлігі ертедегі
қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы
жағындағы бес бұрыш –
бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы
«Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.
Масақ Отанымыздың
байлығы іспеттес.
Ерасыл:
Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Алинар:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы
елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар
жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды
шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Тұғырлы
туымыз.
Бәрі болған қазақ
сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер
де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
2-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер
салсаң, автордың
оны жасағанда үлкен
мазмұнды
ойластырғаны
байқалады. Ол жер
жүзінде әлемге нұрын
шашқан Күн сәулесі
астында қияға қанат
қаққан қыран -
тыныштық пен баянды
өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай
елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы –
Шәкен Оңдасынұлы
Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті,
тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті
көрсетеді. Оның
қақ ортасындағы
сәулесін шашқан алтын Күн –
тыныштық пен
байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау
ерте заманнан бері қыранды
киелі, қасиетті
құс деп есептеген. Туда
қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан
қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты
ғұмыры ұзақ болсын
деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай
ұлттық ою-өрнек
салынған тік жолақ
қазақ елінің өзіндік
сипатын, танымдық бейнесін
көрсетеді.
Аяжан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Жанатын да
өзі отша
Жалын шарпып бетіңді
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған
секілді
Матасы
қандай, матасы-көк түстерден
таңдалған,
Қазақтың
ою-өрнегі, қыраны
және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге
төгіп тұрған арай
нұр,
Туымды менің көргендер
қызыға қарап
таңданған.
Батырлыққа уызынан
жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі
ақын , өзі әнші
халықта ,
Кім айта алар болмаған
деп Әнұран ?
Асқақтаған Гимн.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –
Гимн. Гимн-мемлекеттің
салтанатты әні. Ол халықты әйгілі
етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған
жылғы тарихы,
бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнд3 түрегеліп ,жүректің тұсына
қолдарын қойып айтады. Бұл өз
мемлекетіңе деген
құрметті көрсетеді. Халық өмір
салтын бүгінгі тіршілігі мен
келешек армандарын, мың жылғы тарихын
осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным»
бостандық аңсаған
қазақ жастарының бейресми әнұраны
болған
еді.
2006
жылғы 7 қаңтардағы
Конституциялық заңға
сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа
редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның
авторы Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан
Республикасының Гимн3
ретінде
«Менің
Қазақстаным» әні
10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау
рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның
сөзі
республикамыздың барлық
халықтарының жүрегіне
жақын, жұрттың бәрінің
көңілінен шыққан,
терең отаншылдық
сезімдегі ән.
Руслан:
Әнұран
Әнұраным
–жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім
сағынарым
Бақыт-бірлік
күн талабы.
Тоқтамайды дабыр
әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Балауса:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер
жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран
шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады
аймақты.
Енді
бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным
алды жаулап ғұмырды
.
Босағада
қалып келген
Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
1-топ: Өзіңдікі
туың да,
От пен ауа,
суың да.
Жаса
Қазақстаным,
Белді бекем буын
да!
2-топ: Елтаңбасы
елімнің
Неткен
көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада
аспан әлемі.
3-топ: Әнұраным,
жан ұраным,
Айтар
әнім, сөйлер сөзім.
Туған
жерім-сағынарым,
Мәңгі-бақи
шырқалады
Осы көк туымызды
желбіретіп ұстап, гимнді
асқақтата шырқайтын
біздерміз.
Біз Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы
рәміздеріміздің
еңсесі ешқашан
түспесін, оны кір шалмасын,
мәртебесі өсе берсін.!
Қазақстан
Республикасының Ата
Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
Олай болса, өз
мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп,
қастерлейік!
Бұл – біздің
Гимн!
Бұл – біздің
Ту!
Бірге: Бұл – біздің
Елтаңба!
2.Жүргізуші Мемлекеттік
рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай
белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта
құжаттарда бейнеленген ...........
(Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде
ілулі тұрады. Барлық
мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ...........
(Әнұран)
Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді
қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір
азаматының қасиетті борышы.
Мемлекеттік рәміздерді
құрметтеу – елді,
халықты, тарихты,
әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді
қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көп
рахмет!
Сабақты қорытындылау.
Арайлап
таңым, асқақтап
тауым,
Ән ойнап
көгім, күй тартты көлім.
Қол
жетті, міне, аңсаған
күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым
менің.
Қазақстаным –
жасыл орманым,
Қуанышымды
жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостандық еді – ау
асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан
босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау босағаң.
Бабамның қаны, анамның
жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың
басы,
Ұрпаққа
мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың,
сүйсінсін
досың,
Жиылсын қауым,
құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің
– оу,
Таси берсін – оу өрісің.
«Мемлекеттік
рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан -
жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың
өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны
құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының
патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың
портреті, ҚР Конституциясы, баптар
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін үлкен мереке - Білім күні. Осы
мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгін сіздердің назарларыңызға
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын
өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады)
Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен
терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер
күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9
- бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері -
Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі
конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл
болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс
мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны
қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай
жалғастырамыз.
Айгерім: Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы -
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
Берік: Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Бақытжан: Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.
Рахмет: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.
Мадина: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық
эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып
түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың.
Әділ: Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
Нұрсейіт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы,
Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн
өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз
қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін
бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы
кім?
Жұлдыз: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.
Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент
политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.
Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала
құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас
сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Болат: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген
сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері.
1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет
ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ
қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда
аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным»
әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып
өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте
қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының
жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған
ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Хиуаз: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері
қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты
қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау
облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың
Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас
досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған.
Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін
ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
Рахмет: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің,
бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп
отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының
болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден
басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында
болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991
жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.
Мұғалім:. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар
балалар
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 4. Еліміздің жер
көлемі
5. Қазақстанда қанша облыс бар? 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері
тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі? 8. ҚР - ның тұңғыш
президенті кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз 10. ҚР - ның рәміздерін
атаңыз
Қазақстанға саяхат
Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының
аттары аталады. Картадан көрсету керек.
Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа),
Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс),
Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь
Шань)
Қорытынды.
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа
ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға
сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және
сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер
оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе
деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген.
Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен
азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл
халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің
Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының
астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты
сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді.
Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем
таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар.
Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.
Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына
сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу
керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош
сау болыңыздар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
№77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі
Келісемін Бекітемін
ТІЖ директор орынбасары: мектеп директоры:
________ Г. Халаева ________Ғ. Бегмуратов
Тәрбие сағат
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу парызымыз
Орындаған: Халаева Л
Қарабұлақ
Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу парызымыз
Мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,
буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:
Әнұран орындалады
-
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр». Неге біз бұлай айта аламыз?
-
Өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
-
«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
- Отан дегеніміз не?
- Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші- (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
«Отан» жайлы тақпақтар
Али: Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем Астанам
Отан аудан ауылым
Райхона: Отаным алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен кезде есімде
Саиджон: Отан, Отан бәрінен биік екен
Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
-
Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.
Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
-
Ендеше тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н.Ә.Назарбаев.
Тұңғыш Президент.
-
Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
3. «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
ҚР Конституциясы -
1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
9-бап: ҚР мемлекеттік
рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран заңмен бекітілген
29-бап: ҚР азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар
30-бап: Тегін орта білім алуға кепілдік береді
34-бап: Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге
міндетті
20-бап: Баланың міндеттері:
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандығын,ар-ожданы мен қадір қасиетін,Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға,тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға,табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті
Хадича: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Мақтанамын анам туған тіліменен
Дүниеге жар саламын айқайлап
Сәби жүрек пәк періште үніммен
Отабек: Қазақстан қасиетті мекенім
Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін
Елім үшін, жерім үшін жан пида
Республикам, Отаным, Атамекенім
Муниса: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 24 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Көк аспан»
тобы
тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға
салады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір
түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық
аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк
түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын
білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен
байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің
бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар
нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық
бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.
Мұғалім:
- Міне, балалар, өздерің айтқандай,
мемлекеттік туымыз бүгінде Б¥¥- ы ғимараттарының алдында, әр түрлі
елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны
ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке
көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және
көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп
қуантып жатқаны қаншама.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік
ту ерекше орын алады.
Медина: Ақерке:
Айнымайды аспаннан Мереке бүгін бақ күні
Біздің тудың бояуы Егеменді елімнің
Оны халық қашанда Желбірейді көк туы
Биікке іліп қояды. Түсіндей боп көгімнің
Ән:Көк тудың желбірегені
«Алтын
дән» тобы еңселі
Елтаңбамыз туралы:
Ал бүгінгі
таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін
сөзді «Алтын
дән» тобының
мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының
суреттерін көрсетіп тұрады)
Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін
Елтаңба.Елтаңба
негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп-
негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ
биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің
уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ
мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін,
қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап
тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген
жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы
іспеттес.
Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
Елтаңба
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан – Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем,
әдемі.
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі.
Ән: Елтаңбасы елімнің
«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
3- бөлім: Ш/т:
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
4-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.
М
ұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар
қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім
туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ...........
(Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі
тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды
салтанатты мәжілістерде орындалады. ...........
(Әнұран)
4.ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?
Мемлекеттік Ту
ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік
комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың,
Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының,
бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының,
жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ
еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық
мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі.(Экраннан
мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері
көрсетіледі)
5.Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі
тұрған туды көрдіңдер?
6.Біздің ауылымызда ше?
5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– ҚР туының авторы
– ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
– Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы өлең
– Отан туралы мақал-мәтел
- ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. Нешінші бабында? 9 бап.
- Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта? 34 бап
Мұғалім.
- Қазір бәріміз
орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын
орындайық.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
«Көздің қарашығындай сақтауға:
-Құрметтеуге:
-Мақтанышпен қорғауға:
-Тұмардай сақтауға:
-Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сынып сағаты "Мемлекеттік рәміздер - мақтанышымыз"

шағым қалдыра аласыз