Ашық сынып сағаты "Рақмет саған, Әліппе!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сынып сағаты "Рақмет саған, Әліппе!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың алғашқы білім жолында маңызды кезең – әліппемен қоштасу рәсімін қызықты әрі мазмұнды етіп өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әліппемен қоштасу шарасының сценарийі

Мақсаты: Оқушылардың алғашқы білім жолында маңызды кезең – әліппемен қоштасу рәсімін қызықты әрі мазмұнды етіп өткізу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн. Бүгінгі «Рақмет саған, Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен қоштасып, білім жолында жаңа бір белеске қадам басқалы тұр.

-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 «Ә» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік

Жүргізуші: Әліппемен қоштасу шарасын бастамас бұрын, алдымен оқу мен жазуды үйреніп, білімге қадам жасаған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық!

Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға 1 «_ә__» сынып оқушыларын шақырамыз: (музыка ырғағымен балалар ортаға шығады)

Ал, құрметті ұстаздар және ата-аналар «Әліппемен қоштасу» кешімізді ашып беру үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ергешова Рабиға апай мен директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісі Саттаров Талғат ағайға сөз кезегін береміз.

Әрбір оқушыны таныстыра кетейік:

  1. Суретті жаны сүйеді, жай ғана күлімдеп жүреді – Жохонгир

  2. Үздік оқушы, маған көмектесіп жүреді, өте қайырымды, тап таза оның жүрегі - Іңкәр

  3. Байсалды әрі ақылды, қылығы оның тартымды - Бобонозор

  4. Әдемі жымиып күледі, бәрімен дос боп жүреді - Самира

  5. Әдепті әрі білімді, алып жүретін тіліңді - Азамат

  6. Жігітке тән мінезі оның салмақты, білімді әрі ақылды да ардақты – Арман

  7. Сабағын оқып күн сайын, үнемі дайын жүреді, оның тәртіпті екенін бәрі бәрі біледі - Замира

  8. Мінезі сондай салмақты, ешқашан ол асықпайды, еркелік деген мінезден жайлап жайлап қашықтайды - Нематбек

  9. Білімді және салмақты, оқып жүреді сабақты - Имамали

  10. Менің екінші көмекшім, қолдап үнемі жүреді, сыныпты таза ұстауды оның жаны сүйеді – Тахмина

  11. Өнері оның сан алуан, әнші және палуан - Шохром

  12. Үздік әрі көркем жазудың шебері, бұл қыздың қайталанбас өнері – Айсезім

  13. Сабақты үздік оқитын, алғанын бойға тоқитын - Алиназар

Міне, алдарыңызда 1-ші «__Ә__»-нің оқушылары жиналды,

Шығармашылық концертін беріп, өткізейік финалды.

Өзімді таныстырып кетсем Бахытқызы Гулжамалмын,

Осы сыныпты талай уайымдап, шаршадым мен күні-түн.

Ендеше, асықпаймыз, саспаймыз,

Әліппемен қоштасуды бастаймыз!


Жүргізуші: Әліппенің әріптерін көріп, олардың қандай тапсырмаларды бергенін еске алайық. Ал, балалар, әліппе кейіпкерлері қайда? Әліппе мен әріптерімізді ортаға шақырамыз!

Балалар: Әліппе, әліппе! (Аудиожазба) №1 қыздың даусы.

Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)

- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Хор: «Әліппе». (Мектеп бізге барлығын, әріптердің әрбірін, үйретеді, 3)

БИ: «Менің атым - Әліппе» (Балалар ақ көйлектерімен қыздар ақ кофталарын шешеді)

сөзі: Б.Дәуренбеков, әні: Н.Еспанов

Менің атым, менің атым әліппе
Үйретемін, үйретемін әріпке
Оқу білім, оқу білім сыйласа
Барлық бала, барлық бала дәріптер

Ал балалар келіңдер
Үйренідер, көріңдер
Қырық екі әріпті
Жатқа айтып беріңдер

А дегенім, А дегенім ана ғой
Б дегенім, б дегенім бала ғой
Меніменен, меніменен достасып
Білім нәрін, білім нәрін ала ғой.

Би аяқталған соң жанындағы әріптер өздерін таныстырады.

Әліппеге арналған тақпақтар:

А әрпінен  есімім,

Айтсам сөздің кесімін.        

АЙСЕЗІМ қыз мен боламын, АЙСЕЗІМ

Айдай өсіп толармын.


Б әрпінен басталған,

Бобоназардай есімім                                     БОБОНОЗОР

Батыр бабам әрқашан

Ардақтаймын есімін.


Т әрпін саған білу керек пе?

Мен ШАМУРАТОВА ТАХМИНА демек те

1-сынып оқушысымын тәлімді,                   ТАХМИНА

Озат та боламын ,әрі зерек те


Ж әрпінен басталатын ЖОХОНГИРМІН

Досы болам сыныптағы ұл қыздың.

Жұлдыз болып жарқырасам көгімде,         ЖОХОНГИР

Мақтан болам мынау байтақ елімде


БАТЫРҰЛЫ АЛИНАЗАР мен едім,

Оқумен өскен кемелім.

Қ ына тасқа бітер,

Білім басқа бітер дегендей, АЛИНАЗАР

Аламын білім тереңін.


Мен-СЫРЛЫБАЙ АРМАН біліп қой,

М- ны білу керек қой.

М  дегенің мектеп қой,                        

Еркелікті шектеп қой. АРМАН


Н әрпі НЕМАТБЕКПІН мен деген,

Білім іздеп ,оқу оқып терлеген.

Үздік оқу ,саналы өріс біліммен,                      НЕМАТБЕК

Айтыңызшы, бәйгеден кім келмеген?


САМИРА ҚЫЗ мен едім

Мен біріншіде жүргенде ,

Бағындырдым білім тереңін

С әрпінен басталған                                         САМИРА

Сәлем жолдаймын сіздерге !


И  әрпі кездеспейді бекерге,

Есімдерден іздесеңіз егер де.

Исатай, Иса аталар,                                   ИМАМАЛИ

Ислам,Индира балалар,

Бәрі И- ден басталар


«Ш»әрпінен басталған.

Шохром балаң мен болам.

Шыншыл ,шебер,шыныққан                  ШОХРОМ

Шынайы шаруа тындырған


«З» әрпімен Замира  қыз көркемделген.

Заң сөзімен заманымыз өркендеген.

Заңгер болу- Замираның арманы,             ЗАМИРА

Заңғар болу бар баланың  арманы.


Ілім іздер даналы,

ІҢКӘРМІН мен  саналы.

«І» әрпінен басталар.         ІҢКӘР

Ізет,ізгі ілтипат,

Адамдыққа жарайды.


Жаны жаздай АЗАМАТПЫН

Келешекке бой түзеттім . АЗАМАТ

«К»әрпінің кереметін,            

Кітапты  тек серік еттім.


Ән: «Оқып, біліп, үйренеміз» Орындайтын: Шамуратова Тахмина

Би: «Гүлдер» биі

Әліппе (қолына ана тілі кітабын ұстап, ортаға шығады):
Жүргізуші: Әліппе балаларға әріптер мен сөздерді үйретті, балаларды білім жолына бастады. Ендеше, балалар, сендер әліппенің берген білімін қаншалықты меңгергендеріңді тексеретін кез келген сияқты.

Мұғалім: Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болыпты.

  1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 
    4. У дыбысы қандай дыбыс? 
    (Дауысты да, дауыссыз да) 
    5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата 
    (ю,я,ё) 
    6. Дыбыс бермейтін әріптер 
    (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 

  1. Дыбыстар неше түрі бар?

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

  1. Сөз неден құралады? 
    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 

Жүргізуші1:

Қане, ойын ойнайық,

Қателесіп қоймайық.

Дұрыс нәрсе айтып жатсам,

Қол соғыңдар шапалақпен.

Қате нәрсе айтып жатсам,

Топырлаңдар аяқпенен.

Ал, кеттік!

Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар (қолдарын соғады, дұрыс)

Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып бөлінеді (қолдарын соғады, дұрыс)

Балапан сөзі 2 буынға бөлінеді (аяқпен топырлайды, қате)

А жуан дауысты дыбыс (қолдарын соғады, дұрыс)

Ә-де жуан дауысты дыбыс (аяқпен топырлайды, қате)

Әліппе кітабында тек қана есептер болады. (аяқпен топырлайды, қате)

"Б" әрпі "балалар", "балапан", "бақша" сөздерінде кездеседі. (қолдарын соғады, дұрыс)

Әліппе кітаптарын балалар тек мектепте ғана оқиды, үйде оқу үшін пайдаланылмайды. (аяқпен топырлайды, қате)

Әліппені оқып біткен соң, балалар ертегілерді және өлеңдерді жақсы оқи алады. (қолдарын соғады, дұрыс)

Жүргізуші: Тамаша! Білімді балақайларымызға қошемет көрсетейік!

 

Жүргізуші: Әліппеге алғыс айтып, шығарып салатын кез келді.

Әліппе сөзі: Аудиожазба №2

Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!


Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Әліппе:

Әр сөзімді жаттаған,

Балалар үшін мақтанам.

Рахмет айтып, шаттанам,

Риза болып аттанам.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман есен болыңдар!

Барлық балалар: Рахмет саған, әліппе!

(Әліппе шығып кетеді. Орнына Ана тілі оқулығы келеді).

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Әліппемен қош айтысып, енді біздер Ана тілі оқулығын алғаш рет қарсы аламыз! Таныс болыңыздар - Ана тілі оқулығы!

Ана тілі: Сәлем, балақайлар! Мен Ана тілі оқулығымын. Сендерге өз тілімізді қадірлеп, оны жақсы меңгеруге мүмкіндік беремін. Бүгіннен бастап, әрбір жаңа сабақпен тілдің тереңіне бойлап, жаңа білімдерге қадам басамыз!

Балалар: Қош келдің Ана тілі! Аудиожазба тыңдау


Ән: «Біз бақытты баламыз». Орындайтын: Сырлыбай Іңкәр

(Оқушыларды марапаттау сәті)

Хор: «Ұстаз».

Ата-аналардың құттықтау тілектері.

Жүргізуші 1: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қымбатты оқушылар! Бүгін біз әліппемен қоштасу арқылы білімнің жаңа қадамдарын бастаймыз. Әліппе бізге білімнің негізін салып берді. Одан әрі біз жаңа биіктерге көтерілу үшін көп жұмыс істейтін боламыз! Әліппемен қоштасып, үлкен білім жолына қадам басатын оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Болашақта үлкен жетістіктерге жететіндеріңізге сенімдіміз!

Бірге: Қош, сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі