жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сынып сағаты "Төрлет,Құтты Жаңа-Жыл!"
Тақырыбы |
Төрлет,құтты Жаңа жыл |
Күні |
|
Сыныбы |
7 |
Жалпы мақсаттар |
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. |
Негізгі мақсаттар |
1. Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек түсінік беру. 2.Өз ойын жинақтап, толық жеткізуге дағдыландыру |
Күтілетін нәтижелер |
Жаңа жылдың шығу тарихы, басқа елдерде атап өтілуі туралы біледі. |
Түйінді идеялар |
Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. |
Ұйымдастыру |
«Жақсы сөздер айту» жарысын жасау
|
Ой қозғау |
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады. |
Меңгеру |
Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады? Болгарияда Болгарияда сағат тілі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Сол кезде әркім көңілі қалаған адамымен 3 минут бойы сүйседі екен. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен. Венгрияда Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың барлығын “Бақыт құсының” туыстары деп есептейді екен. Италияда Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен. Оңтүстік Америкада Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді. Франция Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен. Үндістан Үндістанда Жаңа жыл - Дивали жарық пен оттар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейтін көрінеді. Еврейлер Дивали мерекесі еврейлердің Жаңа жыл - Рош Хошан қазан, қараша айларында тойланады. Бұл күні адамдар алма мен нанға бал жағып жейді. Бұл жаңа жылда өміріміз балдай тәтті болсын дегені. Жаңа жыл таңы діндарлардың қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы адамдарды синагогқа құдайдың алдында өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнәлары болса кешірім сұрауға шақырудан басталады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнәдан тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады. Голландия Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. Финляндия Финляндияда Жаңа жыл кешінде тұрмыс құрмаған бойжеткендер кебістерін иықтарынан асыра лақтырады, кебіс есікке тұмсығымен тисе, сол жылы жолы болып, сол жылда тұрмысқа шығады деп есептеген. Бирма Бирмада Жаңа жылда да күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшаратуға болады. Гвинея Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді. Куба Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен. Қазақстан Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды ,кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі. Қытай Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді. Ұлыбритания Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр жанұясы таныстарын ашық хат арқылы құттықтағанды ұнатады. Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Әмірлігі. |
Кері байланыс |
Қорытынды Бүгінгі сабақтан мен......... Ләззат алдым Қызық болды
Ештеңе түсінбедім Ой түйдім
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген