ашық тәрбие сабағы 8сынып "Міржақып Дулатов "Оян Қазақ!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық тәрбие сабағы 8сынып "Міржақып Дулатов "Оян Қазақ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тұңғыш роман авторы,ақын,публицист,мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оян.қазақ!»тәрбие сағаты. Сабақтың мақсаты Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру арқылы әр адамның еңбегі мен қадір-қасиетін әділ бағалау,оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайлық таныту қағидаттарын басшылыққа алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құндылық:

Әділдік және жауапкершілік

4апта дәйексөзі

«Әділетте берік болсаң,аяғын талмайды

Педагогтың аты-жөні

Танирбергенова Сауле Оразалиевна

Күні

27\11\2025

Сынып:8 «А»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың тұңғыш роман авторы,ақын,публицист,мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай ұйымдастырылған «Оян.қазақ!»тәрбие сағаты.

Сабақтың мақсаты

Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру арқылы әр адамның еңбегі мен қадір-қасиетін әділ бағалау,оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайлық таныту қағидаттарын басшылыққа алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері,уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Мұғалім амандасады Әнұран айтып болған соң қауіпсіздік сабағындағы тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіледі.

Сынып бөлмесі қараңғылынады және сыныптың ортасына шамшырақ жағылады.

Сол уақыттан бастан жаңды дауыста күй тартылып

Сабақ әнұранмен басталады.

Қауіпсіздік сабағы

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтерінің нөмірлері туралы тыңдап,таратпа қағаздармен танысады.Мұғалім таратқан жедел қызметтерінің нөмірін алып,өзіне сақтап қояды. Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтерінің нөмірлері туралы мәліметтер беріліп,қағазға шығарылып таратылады

МАДИЯРЛЫ РАСУЛ«Оян,қазақ!»

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?

«Оян қазақ!» өлеңін оқиды,мәнерлеп оқу аяғында шамшырақ өшіріліп,бөлмеде перде ашылады.

Дискриптор

Сенім телефондармен жедел қызметтерінің нөмірлерін біледі.








Дискриптор

Міржақыт Дулатовтың «Оян,қазақ!өлөленңмен

танысады

Таратпа кеспе қағаздар









Шамшырақ





«Міржақып

Оян,қазақ!»телехикаясынан үзінді

3.26 минут


Сабақтың ортасы

25минут

Асылай,Алихан мұғалім орнында тәрбие сағатын басқаратын болады.

Асылай қазақ тілінде Алихан ағылшын тілінде жүргізеді.

Тәрбие сағатында балалар бір-бірімен орындықта отырып мәліметтерімен өзара бөлісіп отырады.

ӘБЛАШИМ АСЫЛАЙ:Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазақтың тұңғыш роман авторы,ақын,публицист,мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Оян қазақ!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

МОХАММАД АЛИХАН:Good afternoon, dear teachers and students!
Welcome to the educational hour “Oyan kazakh!”, dedicated to the 140th anniversary of Mirzhakyp Dulatov — the first Kazakh novelist, poet, publicist, and prominent figure of culture and society.

ӘБЛАШИМ АСЫЛАЙ: Міржақыптың балалық шағы туралы айтып өтсек

МОХАММАД АЛИХАН:Let’s talk about childhood of Mirzhakip Dulatov.

МҰРАТ НҰРАСЫЛ: Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.

БАҚЫТЖАН ӘМИНА: «КІМ СЕНДЕРДІ БАЛАЛАЛАР СҮЙЕТҰҒЫН»

АЛИ АЙЖАН: Міржақыптың балалық шағы

Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған."Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ араб тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ", - деп жазды Дулатұлы.

ТҰРСЫНХАН АЛЬФИЯ«КІМ СЕНДЕРДІ БАЛАЛАЛАР СҮЙЕТҰҒЫН»

ҚЫМБАТБЕК МЫРЗАХМЕТ Міржақыптың балалық шағы

Молдадан кейін Міржақып ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. 12 жасында әкесінен айырылады. Ағасы Асқар әкесінің тілегін орындаймын деп, Міржақыпты ары қарай оқытады. Сөйтіп, інісін өзі оқыған екі кластық орыс-қазақ мектебіне береді. Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады."Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым", - деп еске алды Дулатұлы.

АСҚАР ЖАНАСЫЛ «МҰҢ»

ҚҰРАЛБЕК НҰРИСЛАМ:Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен арыстардың қатарында Міржақып Дулатұлы да болды. Ахмет Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятамын деп, "Масасын" ұшырса, Міржақып Дулатұлы "Оян, қазақ!" деп ұран салды.1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуына болғандықтан, қазақ жұртын мүфтилікке қаратуды сұраған", - деп жазды Әуезов.

УСКЕН ЖАНСҮЙЕР «ПАСЫҚ БАЙЛАРҒА»

ЛЕСБЕКОВ ДИЯС Жас мұғалім ел өміріне қалай араласты?

Бұл сапарынан Міржақып Дулатұлы саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. Газеттің дәл сол санын шығаруға қатысқан адамдардың барлығы жауапқа тартылсын деген үкім шығады. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелеген. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен бүркеншік аттың иесін таба алмайды.

1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.

ЕРТАРҒЫН БЕКНҰР: «ЖАСТАРҒА»

КЕҢЕСБАЙ СЫМБАТ: Жас мұғалім ел өміріне қалай араласты?

Ақын-жазушы әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе "Айқап" журналына үзбей жазып тұрды. Ел тұрмысын өз көзімен көремін деп, қазақ ауылдарын аралайды. Семейде полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады.1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. Ахмет Байтұрсынұлымен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – "Қазақ" газетінің негізін қалайды. Ал 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады.

УСЕРБАЙ ДИДАР-Жас мұғалім ел өміріне қалай араласты?

1922–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1924 жылы Орынборда екі жылдық "Қирағат кітабы" (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада "Есеп құралының" жаңа басылымы жарық көрді.

ОРАЛБЕК ҰЛБАЛА «ЕЛІМ-АЙ»

ЗИНОБИДИН НҰРГЕЛДІ.Міржақыптың шығармашылығы

Міржақып Дулатұлының көптеген әңгімелері лақап аттармен шыққан. Оның жиі қолданған есімдері: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.Қаламгердің алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" болса, бір жылдан кейін "Бақытсыз Жамал" романы жарыққа шықты. 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры

АЛИХУЖА КӘУСАР. Міржақып Дулатұлы жайлы деректер

Міржақып Дулатұлы - I Дүниежүзілік соғыста қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында қазақ тарихындағы ең алғашқы "Жанар" жәрдем қорын ұйымдастырғандардың бірі;Міржақып Дулатұлы 1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда осы іске Жүсіпбек Аймауытовпен бірге бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жинап, ашыққан елге үлестірген;

ЖОРАБЕКОВА АЙСҰЛУ .Міржақып Дулатұлы жайлы деректер

Міржақып Дулатұлы өткір тақырыптарға өте жылдам жазған. Елдің сұранысын жақсы білетін журналист болды. "Қазақ" газетінің сондай сапада, сондай мазмұнда, сондай биіктен көрінгені де содан;Міржақып Дулатұлы - Алашорда үкіметінің бағдарламасын жасағандардың бірі;

ИЛЬЯС ДІНМҰХАММЕД.Түрме шығармашылықты шектей алмады

1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты тағы қамауға алды. Қызылорда түрмесінде көршілес камерада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да отырған.1929 жылы тергеу кезінде Міржақып Дулатұлы соңғы сөзін айтты.

"Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады", - деді ол.Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутыр түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды

ҚҰЛБЕК ДАНИАЛ.Түрме шығармашылықты шектей алмады

Лагерьде жүрсе де, шығармашылықтан қол үзбеді. Түркі-орыс сөздігін жазды. Міржақып осы оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және басқа түркі тілдес елдердің өкілдері үшін жазып берген. Арестанттар оны өз қолымен көшіріп жазып таратқан, өйткені олардың көбісі сол уақыттағы өмірлік маңызы бар орыс тілді білмеген.Міржақып Дулатұлы лагерьде қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын да жазып шықты. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеді.1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.

БАЙХОДЖАЕВ АЛДИЯР «ОЯНБА,ҚАЗАҚ,ОЯНБА!»

ӘБЛАШИМ АСЫЛАЙ:BARIBAR сайтынан Мыржақып Дулатовтың өміріне,шығармашылығына байланысты тест орындайық және вордволл тапсырмаларды орындайық!

МОХАММАД АЛИХАН:

Students will complete an online test on Mirzhakyp Dulatov the designated educational website in order to assess their knowledge of the writer’s life and legacy.Let’s answer for the question about Mirzhakyp Dulatov in the wardwall.

ӘБЛАШИМ АСЫЛАЙ Сабағымызды қорытындылау үшін «Міржақып.Оян,қазақ!»телехикаясынан үзіндімен қорытындылайық!

МОХАММАД АЛИХАН:

This event, dedicated to the 140th anniversary of Mirzhakyp Dulatov — the first author of a Kazakh novel and a distinguished public figure — features a viewing of an excerpt from the film ‘Oyan, Qazaq!’.










Дискриптор

Міржақып Дулатовтың балалық шағы туралы мәліметтер біледі.





















Дискриптор:

Міржақып Дулатовтың баспа беттері туралы біледі





Дискриптор

Міржақып Дулатовтың қоғам қайраткері ретінде қызметі туралы біледі






Дискриптор:

Міржақып Дулатов шығармашылығымен танысады.















Дискриптор:

Міржақып Дулатов-журналист ретінде таниды.



















Дискриптор:

Міржақып Дулатовтың түрмедегі өмірі туралы мәлімет алады






















Дискриптор:

Міржақып Дулатовтың туралы алған білімін жүйелей алады

Міржақып Дулатов шығармашылығына байланысты көрме ұйымдастырылады.







Міржақып Дулатовтың суреттері, нақыл сөздері ілініп тұрады.










ЖИ«Gamma» арқылы жасалынған презентация.















































«Міржақы

Оян,қазақ!»телехикаясынан үзінді


https://youtu.be/VRq5nm2Eh5U?si=-TE425znJ5U0tVsN






















https://wordwall.net/resource/71965927/%D0%BC%D1%96%D1%80%D0%B6%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BF-%D0%B4%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B2

«Міржақып. Оян,қазақ!»телехикаясынан үзінді.

https://youtu.be/VRq5nm2Eh5U?si=-TE425znJ5U0tVsN

46:25-55:40

Сабақтың соңы

10мин


ӘБЛАШИМ АСЫЛАЙ

Қазақтың тұңғыш роман авторы,ақын,публицист,мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай 8 «А» сынып оқушыларының ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз.Сабағымызға кері байланыс беруді ұмытпаймыз

МОХАММАД АЛИХАН

In honor of the 140th anniversary of Mirzhakyp Dulatov, the first Kazakh novelist and a well-known cultural and social figure, we declare the open homeroom session held by class 8 'A' closed.Don’t forget about your reflection of our lesson.

КЕРІ БАЙЛАНЫС Қонақтар сандық өзіме алған құнды мәліметтерім және ойланатын ой сүзгісінен өтетін мәліметтер туралы кері байланыс береді

Оқушылардың


4минут



Тексерілді:___________________________________

Checked by _______________________________

6


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі