400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық тәрбие сабағы "Әліппемен қоштасу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту. Коррекциялық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау барысында толық жауап беруін, қабылдау, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту, сөйлеуін, толық жауап беруін дамыту.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әліппемен қоштасу

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту.

Коррекциялық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау барысында толық жауап беруін, қабылдау, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту, сөйлеуін, толық жауап беруін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, әріптер, «Біз ХХІ ғасырдың ұрпақтарымыз!», Қош бол, сүйікті Әліппем!, Абай, Ыбырай суреттері, өлеңдері, оқу-білім туралы мақал-мәтел, Республика рәміздері, қоңырау, әліппе, ана тілі, қазақ тілі кітаптарының мұқабалары.

Барысы:

Мұғалім: Қымбатты қонақтар! Ұстаздар, тәрбиешілер! Бүгінгі қуанышты күн –«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Қош келдіңіздер!

Балалар, 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын именне аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған үнін естіп еді.

Мұғалім қоңырауды сыңғырлатып соғады. Оқушылар тізбектеліп ортаға шығады.

Мектебін мсынау, класың,

Осында он жыл тұрасың,

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың, - деп М.Мақатаев аталарын айтқандай сендер осы мектепке кіп-кішкентай болып келіп, енді үп-үлкен азамат болып шығасыңдар.

Армысыздар ата-әже, қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар,

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап ақыл берген әліппесің,

Армысың құрбы-құрдас, достарым.

Осындай көңілді бір кештерде,

Өзімше осындай бір көш бастадым, - дей келе кешімізді бастаймыз.

Мерей: Жырын бастап жатамыз,

Жалықпастын қыс-*жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге,

«Кел, балалар оқылық!».

Деген сөзін көңілге,

«Ықыласпен тоқылық!»...

Оқығаннан кезінде,

Озған алғаш – сол екен,

Әліппенің өзін де

Жазған алғаш сол екен!...

Талғат: Құрметті, ұстаздар мен ата-аналар!

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін.

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

Бірге: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың,

Басчтаңғысын жасайық.

(Сандық ашылап, шашуды бір ана шашады)

Мұғалім: Енді балалар «Әліппені» ортаға шақырып оған арналған өлеңдерімізді айтып, шығарып салайық.

Әліппе: Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендер менімен қоштасып, ары қарай білім беретін «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» болады, оны да жақсы оқындар. Сендерге менің қояр сұрағым бар. Соған жауап беріңдер.

1. «Әліппе» оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім?

Жауабы: Ыбырай Алтынсарин

2. «Әліппе» оқулығынан қанша әріп үйреніп, жаздыңдар?

Жауабы: 42 әріп

Сендерге рахмет, мені жақсы менгеріпсіңдер? Сендерге сәт-сапар тілеймін. Сабақтарынды жақсы оқып, мұғалімдердің, ата-аналарынды қуанышқа бөлеп қуанттыңдар!

Назира: Жақсы кітап – Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Ануарбек: Бүкіл қазақ баласын дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті – Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

Ораз: Қош бол, құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Ғалымбек: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Медина: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы!

Ануарбек:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі