400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сабағы: Ысырапшылдық - дағдарыс баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ысырап жасамау,обал мен сауап туралы түсініктерін кеңейту.Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне өызығушылығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шоманова Замираның рухани жаңғыру бағдармалаық мақаласы аясында «Туған жер»арнайы жобасын насихаттау мақсатында «Ысырапшылдық –дағдарыс баспалдағы»тақырыбы негізінде оқушыларға «Обал мен сауап»атты ауыл ақсақалдарымен өткізілген кездесу сабағы.

Сабақтың тақырыбы: «Ысырапшылдық- дағдарыс баспалдағы» «Обал мен сауап»

Сабақтың мақсаты:

а)Ысырап жасамау, обал мен сауап туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын ояту.

б) Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» арнайы жобасын насихаттау мақсатында «Ысырапшылдық- дағдарыс баспалдағы» тақырыбы негізінде оқушыларға «Обал мен сауап» атты ауыл ақсақалдарымен кездесу сабағы.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:өзіндік жаттығулар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау,ойын.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, халықтық педагогика, әдебиет
Көрнекі құралдар: алма ағашы, алмалар, сюжетті суреттер, даналық сөздер.
Сабақ барысы :
Шаттық шеңбері: - Қайырлы күн, менің сүйікті шәкірттерім! Бүгін біз үшін ерекше күн,біздің бүгінгі сабағымызға аталар мен әжелер,ұстаздар және қонақтар келіп отыр.Барлығымыз сабаққа жақсы қатысайық, бір-бірімізге игі тілектерімізді білдірейік.
Рахмет, балалар.Бүгінгі сабағымызда сендерді топқа бөлемін. Ол үшін қызыл және сары кәмпиттерді таңдаймыз.

Қызыл кәмпиттер «Шардара ауылы» 1-ші партаға отырамыз

Сары кәмпиттер «Қоссейіт ауылы» 2-ші партаға отырамыз.

Мұғалім: -Ашаршылық жайлаған жылдарды басынан өткеріп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі таршылықты көру маңдайына жазылған аға буын өкілдерінің қатары тым селдіреп кеткендіктен бе, ас-судың қадірін түсініп, атам қазақтың «Бір тоқтықтың – бір аштығы, бір аштықтың – бір тоқтығы болады» деген ескертпесін көпшілігіміз білгенімізбен, оның ішкі мәніне тереңдеп бойлай бермейтіндейміз. Жарықтық тоқшылық тоңмойынымызды жан-жаққа бұрдырар түрі жоқ. Мелдектеп тойған қарнымызды баппен сипап, аяғымыздың астындағы нанды шіміркпестен мыжып өте шығу үйреншікті жайтқа айналғандай.

1.Көрініс:Осыдан біраз бұрын бір танысым көшеде кездесе кетіп, ол асығыс екенімді айтқаныма қарамай: - «Түскі ас ішетін уақыт болып қалды, үйге кіресіз» деп, қояр да қоймай шаңырағына бас­тады. Менің ойда жоқта қонақ болып келетінімнен хабарсыз болған әйелі дастарқан мәзі­рін жасай жүріп, «Қалтаңда теле­фоның бар. Үйге қонақ ертіп келе жат­қаның­ды алдын ала ескерте салсаң нең кетеді? Дүкеннен оны-мұны әкелу­ге бала-шағаны жүгіртіп жібе­ретін едім ғой», – деп күйеуіне өкпе-назын білдіргенсіп қояды.

Дастарқан басына жайғастық. Алдымызға аппақ нан, қант,тәттілер, тәбетіңді ашар иісі бұрқыраған тамақ қойылды. Бәріміз ас ішуге кірісе бергенімізде танысымның 7 жасар баласы кіріп келді де,Ана, жейтін не бар? –деді.Анасы: Балам, кел дастарқанға отыр. Біршама үңіліп отырды да: «Ту-у, дастарқанда сүйсініп жейтін ештеңе жоқ», деп орнынан тұрып кетті. Басқамыз үнсіз қалдық. Баласына сынай қараған үй иесі: «Е, е-е, тоқшылық не дегізбейді» деп жеңіл күрсінді.

-Ия, балалар,қалай ойлайсыңдар 7 жасар баланың қылығы дұрыс па?Дастарқанда барлық жейтін тағамдар тұр,баланың олай айтқаны дұрыс болмады.Жейтін тамақтарымызды ысырап қылмай,үнемдесек біз дағдарысқа ұшырамаймыз.

Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ысырапшылдық- дағдарыс баспалдағы» «Обал мен сауап»

-Ысырап дегеніміз не ?

Ысырап жасамау- Алла берген нығметтерді шектеу деген сөз емес,бұл өзіне қажет мөлшерден артық жұмсау,мұқтаждықты ғана өтеу,мақтангершілікке, «ел көрсінге ұрынбау,қысқасы,шектен шықпау.

Ысырап ұғымы тек дәулетке,байлыққа ғана емес,білімге, уақытқа, денсаулыққа,сөзге қатысты да қолданылады.Ысырап жасамау,яғни үнемшіл болу.Мысалы: элект қуатын үнемдеу,суды шашып төге бермей үнемдеп жұмсау,ақшаны көп мөлшерде артық жұмсамай үнемдеу дегенді білдіреді.

Әбубәкір Кердері бабамыздың: «Ізгілік етсең сөйлеме, ысырап болар қалғаның»деген даналық ойы осы тұста айтылғандай...

-Ал дағдарыс деген не? Мәселенің аса асқынып,ушығып,басқа мәселелерді кері ысырып,алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі.Ал оның жағымсыз салдарының орнын толтыру оңайға түспейді.Мысалы: саяси,экономикалық,экологиялық және т.б. дағдарыстар. Қысқасы, ақша жетіспей қиындыққа тап болу.Ісі алдыңға журмесе кіріс кірмей,шығыс көп шыға берсе қарызға әбден батқанды айтады.

Сабақта оқушылардың «Обал», «сауап» деген сөздердің мағыналарын қалай түсінетіндерін білу мақсатында әңгіме жүргізіледі.

Екі топқа сұрақтар қойылады.

-Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сауап дегенді қалай түсінесіңдер?

-Нанды жерге тастауға болмайды,обал болады.

-Құсты атуға болмайды, обал болады.

-Суды ысырапсыз төгуге болмайды,обал болады.

-Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге көмектес,сауап болады.

-Автобуста үлкендерге орын бер,сауап болады.

-Көршіңе көмектес,сауап болады.

Мұғалім: -Балалар, обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
-1 оқушы: Обал мен сауап мағынасы жағынан бір – біріне ұқсас ұғымдар.
Обал жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген мағынаны білдіреді екен.
-2 оқушы: Сауап деген – адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу деген мағынаны білдіреді.

Егер обал ,сауап сөздерінің айырмашылығын білсек,бізден жақсы тәртіпті оқушылар шығады балалар.
Дәйексөз: «Обалды біліп өссең-сауапқа кенелесің»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3 оқушы: - « Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар. Өйткені, үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, балаларды жаман әдеттен сақтандырады.

4 оқушы: -«Сауабын аласың» деп отырып жақсы істерге жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл жақсы іс істегеннің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады, сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жетелейді.

Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі.

Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі.Суретке қарап,қандай жағдайларда обал болатынын айту тапсырылады.

1.Торға қамалған құстың суреті.

2.Төгілген сүттің суреті.

3.Өсіп тұрған гүлдің суреті.

4.Кітаптың суреті.

Әр топтың жауаптары тыңдалып,талқыланады.

-Балалар,біздің тұрғылықты жеріміз Шардара су қоймасында балықтар бар.Осы балықтарды жылдың қай мезгілінде аулауға тиым салынады?

Көрініс: «Алма жинауға барғанда»

Мұғалім: Ақнұр мен ағасы екеуі алма жинауға барды.
Ағасы:
-Ақнұр,алманы абайлап ал, бұтаны сындырып алма.Бізден кейін келетіндер де бар – деді ағасы.
Ақнұр:
-Расында да келген адамның бәрі алманы бұтасымен жұла берсе,ағаштан түк қалмайды ғой.Мен мұны бұрын неғып ойламағанмын.Мен бұрын алма жинауға достарыммен келгенде алманы алуға ерініп, сабағымен жұлып алатын балалар болған. Олай істесек обал болады екен ғой.Біз оны білмей келіппіз.
Енді мен достарыма:
-”Алманы сабағымен жұлмаңдар”,-деп айтып қояйын.
Сұрақ:
- Балалар! Ақнұрдың ойынан кейін не айтуға болады?
- Иә, балалар,алманы сабағымен жұлуға болмайды, ол кезде обал болады, ал алмаға жақсы қарап, оған су беріп қарасаң сол кезде сауапқа кенелесің.
Мұғалім: -Балалар, обал мен сауап туралы өлеңдер білеміз бе?

« Көк алма»өлеңі.

-5 оқушы: Жас түйнек көк алма
Түсіп қапты көк алға
Көктей жұлған оларды
Сотқар бала оңар ма?
-
6 оөушы: Сауап пенен обал да
Көкейіне қонар ма?
Мәуе берер ал күзде
Қайдағы алма оларға?

-7 оқушы : Соны неге білмейді,
Құлағына ілмейді.
Күтіп – баптап неге ертең
Тәтті алма жеп жүрмейді.

-Балалар, өлең не туралы, не жайлы айтылған? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
-Сотқар бала туралы
-Піспеген алма туралы
-Сауап пенен обал
-Піскен, тәтті алма туралы

Мұғалім: Әр топқа жағдаяттар беріледі, топтар талдайды.
1.Әжейдің қолында су толы шелек...
2.Балапаны ұядан құлап түскен торғай шыр-шыр етіп шырылдап жүр...
3.Бөпесін көтеріп келе жатқан жас ананың қолында сөм
кесі, баласының тамағын салған сөмке...
4.Бір топ бала кішкентай күшікті бірі теуіп,бірі тас лақтырып ызаландырып ойнап отыр. Сендер сол кезде не істер едіңдер?


-Балалар,сергіту сәтін ойын түрінде өткіземіз.

Ойын: «Обал- сауап»

Қазір біз «Обал- сауап»деген ойын ойнаймыз.

Мен «Шардара ауылы»тобына жақындап,кез-келген оқушыға алма лақтырамын, кімнің қолына тисе,сол оқушы сөйлемді «обал болады» немесе «сауап болады»деген сөйлеммен аяқтауы тиіс.Мысалы: Көк шөпті жұлма,обал болады,торға түскен құсты босат,обал болады.Құстың ұясын бұзба,обал болады.Ақты төкпе обал болады.Қарияның жүгін көтеріс,сауап болады.Нанды жерге тастауға болмайды,обал болады.

2.Көрініс:Бірде аялдама маңында 8- 9 жасар ұл баланың аяқасты болып жатқан нан

бөліктерін теріп алып, қолындағы пакетке салып жинап жатқанын,бір қария көріп қалады.

Қария жақындап келіп, сөзге тартады.

– Өзің тәрбиелі, әдепті бала екенсің. Нанды қадірлеу керектігін кім үйретті? Ол ересек

адамдарша салмақпен: – Маған көкем мен апам нанның қадірін үнемі айтып отырады. Көкемнің айтуынша, біздің көптеген туысқандарымыз кезінде бір түйір дәнге зар болып, аштан қырылып қалған екен. Бір тілім нан таппай өзегі талып өмірден озудан артық азап жоқ шығар. Сондықтан, нанды барынша қастерлеуіміз керек», – деді.

-Ия балалар,бұл көріністен не түсіндіңдер?

Балалардың ойлары тыңдалады.

-Балалар,нан дастарханға қандай еңбекпен келетінін білесіңдер ме?

Балалардың жауаптары:Диқандар жер жыртып,бидайды егеді.Бидай піскен соң,комбайындармен орып, жинайды.Машиналар бидайды диірменге апарады.Диірменнен наубайханаға апарып нан пісіреді.

-Міне,көрдіңдер ме балалар, қандай еңбекпен нан дастарқанға келеді.Нанды шашпау,аяққа баспау керек екенін білдіңдер ме? Нанды жерге тастауға болмайды, обал болады .
Нан болса, әнде болады
Ас атасы-нан
Нансыз өмір жоқ
Балалар,мен сендерге аңыз әңгіме айтып берейін. Бір аттылы кісі қарны ашып,жолда келе жатып сөмкесіндегі нанды алып жейді. Кеш болып қалады.. Нан ұсақтары жерге түскенін байқап,аттан түсіп, нан қиқымын терейін десе,таппайды.Содан нан қиқымы түскен жерді қоршап сызып кетеді.Таңертең келіп нан ұсақтарын теріп алайын деп келсе,бір қап алтын тұр екен.Таң қалып, бұл жерде нан ұсақтары түскен еді ,теріп алайын десем...алтын тастап кетіпті дейді.Бұл Алла тағаланың маған берген сыйы,нан ұсақтарын тастауға болмайды,обал болатынын білгенмін деп айтады. Демек, нанды қастерлеп,жерге тастауға болмайтынын біз біліп жүрүіміз керек.

Бұл орайда әдебиетіміздің көрнекті тұлғаларының шығармаларына иек артсақ та жетіп жатыр. Мәселен, Бейімбет Майлин, Шерхан Мұр­таза, Смағұл Елубай және басқа да көптеген жазушылардың бір үзім нанның қадірін тереңнен қоз­ғар еңбектері жас ұрпақтың жан дүние­сіне, санасына оңтайлы әсер етер еді.

Қазіргі таңда қалалардағы қоқыс жәшіктерінің іші, айналасы қалтаға салынған, тіпті, ашық түрде шашылып жатқан наннан аяғыңызды алып жүре алмайсыз. Ішің ашиды, жаның ауырады. Осындайда әлемнің басқа өңірлерінде өзек жалғарлық бір түйір нан таппай, аштықтың азабын тартып отырған халықтардың бар екені жадыңда жаңғырып, әрі-сәрі күй кешесің. Ал біз нанды таңдап жеп, сәл қатыңқырағанын қоқысқа лақтырамыз.

Ауылдық жерлерде жуындыны малына азық етіп, әжетке жаратады. Ал қалалардағы көп қабатты үйлердің тұр­ғындары нан және өзге де тағам қал­­дықтарын амалсыздан қоқыс жәшік­теріне тастауға мәжбүр. Осы орай­да, басқасын былай қойғанда, ұн өнім­дерінің қалдықтарын тастайтын арнайы жәшіктер орнатылса,сонда обал-сауапты ойлайтын тұрғындар ас атасын, өзге қоқыстарға қоспай, бөлек жинап, әлгіндей арнайы жәшікке салып кетер еді. Бұдан кейін, әлгі жәшікке салынған нан қалдықтарын қала маңындағы мал шаруашылықтарына пайдалану ұсынылар болса, қанеки. Егер осындай жұмыстар бір жүйеге келтірілсе, нанның обалына қалмас едік.

Қорытынды: -Балалар,бүгінгі сабақта не білдік?

- Бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. «Ұйқасын тап» әдісі
Құстың ұясын бұзба
Үлкеннің алдынан кесіп өтпе
Ақты төкпе
Адасқанға жол сілте
Малды теппе.

8 оқушы:Қарт адамдарға көмектессең сауап болады
9 оқушы: Досыңды ренжітуге болмайды
10-оқушы: Үлкендерді алдауға болмайды
11-оқушы: Ата-анаңды сыйлау керек
12-оқушы. Өскенде ата-анаңды асырау керек, сауап болады


Жетімдерге көмектесу керек, сауап болады .Сондықтан үлкен адамдардың «Обал болады, сауабын аласың» деп айтқанда тілін алып отырыңдар. Сонда сендер үлкен жақсылықтарға жетесіңдер.
Мұғалім:Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта – тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.

Ұсынылған стикерлерге бүгінгі сабақта нені білгендеріңді жазып,тақтаға ілеміз.

Бүгін біздің сабағымызға аталар мен әжелер келіп отыр.Сол кісілерді тыңдайық. Аманбай Ляззаттың әжесі Көшалиева Сапаркүл апайымызға беріледі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі