Материалдар / Ашық тәрбие сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қызыққа толы бұл әлем»

Мақсаты: 

Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштері жайлы білімдерін кеңейту. Кереметтердің бәрі адам қолымен жасалатынын, яғни адамның ақыл – ойы мен шеберлігінен туындағанын, оны сақтау керектігін ұғындыра отырып, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу

Міндеттері :

     -  Қуаныш  сезімінің  адам өміріндегі  мәнін  түсіндіру

      - Оқушыларда әлемді жақсы жағынан сезіне білу құндылықтарын кеңейту.

      - Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Көрнекілігі: әлемнің жеті кереметі суреттері, Қазақстандағы мәдени ескерткіштер суреттері, пайдалы қазбалар түрлері, слайдтар, бейнесөз

Әдісі: сыныпаралық сайыс

Барысы:

І.Кіріспе

Мұғалімнің сұрағы: 

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қызыққа толы бұл әлем»деп аталады.

- Балалар сендер «Әлем» деген сөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

«Әлемді қызыққа толы» деп қай уақытта айта аламыз?

-Адамды,айналаңды,қай  уақытта,қандай  жағдайда болмасын қуантуға  бола ма?

-Күлімдеп,ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді.Жаның сау болса денің сау болады.Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың.Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты молшылықта өмір сүреді.Сол себепті  де халық   даналығында «Қуаныш-Өмір шаттығы»-деп айтқан болатын. Ал адам көңілді жүрген болса оның өмірі де, қызыққа толы болмақ.

Қызығушылығын ояту.

Мұғалім сөзі: Халқымыздың «Ізденген жетер мұратқа » деген сөзі бар. Әр нәрсені білуге талпыну, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани жағынан байытады. Дүниеде балалар түсіне білмейтін жәйттар көп. Өмірді танығысы, бәрін білігісі келетін балалар «Ол кім?»,  «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Бүгін біз де сондай ізденімпаз, білуге құштар балалар арасында «Қызыққа толы бұл әлем » атты сабағымызды бастаймыз.


ІІ.Негізгі бөлім

А)Сайыс кезеңдерімен таныс болайық

1. Әлем  кереметтерін білесің бе?

2. Ойлан тап

3.Біз – зерттеушіміз

4. Тұлғаны таны







Біздің әлем ғажайыпқа  толы. Өзінің сұлулығымен, сәулетімен таң қалдырған ғимараттар мен құрылыстар ғажайып кереметтер қатарын құрайды. Адамдар еріксіз назар аударатын дүниелер жасауды тоқтатқан емес. Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Соның бірі – «Ежелгі әлемнің жеті кереметі».Бұл жерлерді жылына миллиондаған саяхатшылар тамашалайды.

Ендеше сайысымыздың 1-кезеңі «Әлем кереметтерін білесің бе?» деп аталады. Әлемнің жеті кереметінің сурет ілінеді. 1,2,34,5,6,7 деген нөмірлер сурет артына қойылған. Нөмірі бойынша таңдап алып, сол керемет туралы әңгімеленеді.

1. Мысыр пирамидасы 2. Галикарнас кесенесі 3. Артемида ғибадатханасы
4. Александрия маягы 5. Семирамиданың аспалы бағы 6. Зевс мүсіні
7. Родос алыбы

 2- кезең «Ойлан тап» Сөзжұмбақ жасыру. Екі топқа ортақ сөзжұмбақ. Еліміз тыныш өмір сүруі ол елдің ынтымағыны байланысты екен.

Сөзжұмбақ «Ынтымақ»

1.Қалтықсыздық шын ықыласпен істелген шынайылық (риясыздық)

2.Елін жерін сүйетін адам (елжанды)

3.Қазақ халқының адал ниеті, жақсы тілек білдіретін ұлттық дәстүрлерінің бірі (бата)

4.Жақсылық, игі іс (қайырым)

5. Біреудің қамын ойлайтын, оған тірек болатын адам. (қамқор)

6. Атадан қалған,ертеден келе жатқан мирас. (атамұра)

7.Адам бойындағы кеңпейілділік, байсалдылық қасиеті (дархандылық)

Picture 3 Picture 6













Сөзжұмбақ «Бауырмалдылық»

1.Басқаға тек жақсылық ойлау,игілік жасау. (Мейірбандық)

2Picture 5 .Әкенің әкесі (ата)

3.Бірге туған қандас ,ағайындас, туыстық байланыс.(бауыр)

4.Бір әкеден жаралған ағалы-інілілер.(ағайын)

5.Біреудің қамын ойлайтын ,тірек болатын адам. (қаморлық)

6.Берегендік ,қолы ашықтық ,дарқандық, кендік қасиет.(жомарттық)

7.Адам бойындағы мәдениеттіліктің белгісі.(дарқандық)

8.Адам бойындағы мәдениеттіліктің белгісі .(әдептілік)

9.Ұ рпақтан-ұрпаққа көшетін,әдетке айналған салт-сана ,ғұрып.(дәстүр)


1 0. Адамдардың тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық, көрсету. (ауызбірлік)

11. Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлығы. (татулық)

Мұғалім сыйы : «Әлемде талай қызық бар» бейне ролике назар аударайық.














3-кезең «Біз зертеушіміз» Тапсырмалар

1-топ «Достың адам өміріндегі орыны» туралы мәлімет жаз. 2.Дос туралы өлең құрастыру,мақал-мәтел жазу.













2-топ «Өмір қымбатсың сен маған» тақырыбына өмірдің қаншалықты қызық екенін баяндап жазу.2.Өлең құрастыр

Сергіту  сәті     Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін  сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Балалар өлең жолдарының мазмұнына сәйкес  дауыс  ырғағына  келтіріп,қимылдар жасайды.

Шаршадым «Уһ!»дедім,                                       Шарасыз «Еһ!»,

Ренжідім «Туһ!»дедім,                                          Таңырқап  «О!»     

Қорықтым «Ой!» дедім,                                        Кейідім  «И!»дедім,

Өкіндім  «Аһ!» дедім,                                             Біліп ап «Е!» дедім,

                                                                                   Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

4-кезең «Тұлғаны таны»

1-сурет Сара Назарбаева Өзін-өзі тану пәнінің авторы

2-сурет Нұрбақыт Теңізбаев Олимпиада чемпионы

3-сурет Шәмші Қалдаяқов Композитор

4 -сурет Фариза Оңғарсынова ақын

5-сурет Мұқағали Мақатаев ақын

6-сурет Сұлтанмахмұт Торайғыров

7-сурет Абылайхан

8-сурет Абай Құнанбаев

9-сурет Қабанбай батыр

10-сурет Ахмет Байтұрсынов

Табиғатта талай қызық бар бейне ролик көрсетем  

ІІІ.Қорытынды

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық  пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырына - дей келе, сабағымызды аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

































« Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Shape1















Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі : Н.Ж.Елтаева















2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!