400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық тәрбие сабақ Алғыс айту -парызымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
1-наурыз алғыс айту күніне арналған тәрбиелі сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Целиноград ауданы №9 орта мектеп ММ

3 «А» сынып

Сынып жетекшісі : Танхай А

Өткізген күні: 01.03.2019ж


Тақырыбы: 1-наурыз «Алғыс айту күні»                               

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, әдептілікке, кішіпейілділікке, достыққа баулу;

Білімділік: оқушылардың өз ортасына, отбасына деген сүйіспеншілік, мейірімділік сезімін ояту.

Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ата – ананы құрметтеуге, сыйлауға, аялауға тәрбиелеу

Көрнекі құралдары: слайд, суреттер нақыл сөздер

Барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі:

А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»

В)Топқа бірігу


ІІ. Қызығушылықты ояту: «Алғыс» (ассоциация)

Кіріспе сөз:

Құрметті оқушылар,бүгін көктемнің алғашқы күні «1 наурыз-Алғыс айту күні» Бүгінгі сабағымызда біз өз отбасымыз жайлы әңгімелесіп,ата-анамызға алғыс айтамыз.

Алдымен сүй ардақты ата – анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ата – ананың жасалады.

Ата – анасын сағынар жырақ жүрген баласы,

Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңиұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.


«Ата – анаңа мың алғыс!» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Ой қозғау.

Ата – ана деген кім?

1-оқушы: Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата – ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірім кәусар бұлағы Ана есіміне қаттыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

2-оқушы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.

3-оқушы: «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

4-оқушы: Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Ана – үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.

Үйдегі алтын қазық кім?

5-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әкең – қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы сөзінде, ақылы көзінде.

6-оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

7-оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп ойнайтын, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

8-оқушы: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең?

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

9-оқушы: Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле – өлгенше.


10-оқушы: Әке – асқар тауым!

«Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым – сіз, менің сүйікті әкешім.

11-оқушы:

Сізсіз әке – ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке – ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

12-оқушы: Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады.

13-оқушы: Әке, әке, әке! Осы бір үш әріп мейірімді, естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын – осы әке. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. Біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек.

Менің әкелерге тілегім:

Қыстай суық денсаулық,

Жаздай ыстық махаббат,

Күздей шат көңіл, көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер.

Мұғалім:Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнаһар болу – Алла алдында күнаһар болу» дейді Пайғамбарымыз.

14-оқушы: Халқымыздың мақал – мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата – ананың қадір – қасиеті туралы айтылған асыл сөздер табар едік.

«Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде терең ой жатыр.

15-оқушы: Ата – анаға не істесең, алдына сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата – анаңды сыйласаң, сенің балаларын да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып – қағатын болады.

16-оқушы:

Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге –

Ақ тілеуі әкенің.

17-оқушы:

Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағыныш сазды жүрекпен

Сыр арнаймын өзіңе.

18-оқушы:

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүремін.

19-оқушы: Көкке өрмелеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсың ғұмырың.



ІV.Топтық жұмыс:

Сахналау.

Оқушылар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.


І топ: Мұғалімдерді мерекемен құттықтау сәтін сахналау;


ІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

ІІІ. Топ: Аналар мен жер табиғатқа алғыс айту туралы саханалау

Ү. Мерекелік кеш:

Ән «Әке ана» хормен орындалады.


Қорытындылау:

«Ашық микрофон» әдісі бойынша (оқушылар бір-біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
1050
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі