Ашық тәрбие сабақ жоспары "1001 мақал, 101 жұмбақ"

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық тәрбие сабақ жоспары "1001 мақал, 101 жұмбақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 7-9 сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«1001 мақал, 101 жұмбақ» танымдық сайысы


Мақсаты:

  • Оқушылардың ата-бабаларымыздан қалған халық ауыз әдебиетінің ерекше жанрларының бірі саналатын мақал-мәтел, жұмбақ, өсиет, нақыл сөздері арқылы адамгершілікке, ауызбіршілікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулып, логикалық ойлауын дамыту;

  • Оқушылардың ойын дұрыс жеткізуге, ұтымды пікір айтып, салмақты, сауатты сөйлеуге үйрету;

  • Ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорларын молайту, топқа бөлу арқылы ұйымшылдықты нығайту.


Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, тапсырма жазылған карточка, презентация, wordwall арқылы жасалған сәйкестік тесті, жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан оқушылар мен ұстаздарға арналған сыйлықтар, асық, стикер.

Сабақтың түрі: танымдық сайыс.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.    

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысты бастамастан бұрын өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларын сайлап алайық. Сабаққа қатысушы ұстаздардан 3 әділқазы алқасы сайланады. (Дорбаға ақ және 3 қызыл асық салып, ұстаздарға таңдатамыз. Қызыл асықты таңдаған 3 сабаққа қатысушы ұстаз әділқазы болып сайланады). Мақал-мәтел немесе жұмбақтар жазылған стикерлерді таңдау арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.


Жез күркенің ішінде, Ақыл – тозбайтын тон, Қара құлын кісінер (Қоңырау) Білім – таусылмайтын кен.

Жаңбыр жуды жерімді, Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. Көкте өрмек керілді (Кемпірқосақ)

Ағаш көрсе қышынар, Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, Сояу-сояу тісі бар. (Ара) Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Бір ұяда топтасқан, Жақсы арман оздырар, Түртіп қалсаң, от шашқан. (Сіріңке) Жаман құлқын тоздырар.

Көзге ілінбейді, Жығылып жатып, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Сүрінгенге күлме.

Пешсіз піскен Білім өз иесін білдіріп тұрады. Ыдыссыз ішкен. (Ананың сүті)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Су ішкен құдығыңа түкірме. Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

Сайыстың шарттарымен таныс болайық. Сайыс 4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім «Сөз мәйегі – мақал» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табулары керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Тапқырлар тобына

  1. Сөздің көркі – мақал, 6. Тіл тас жарады,

(Жүздің көркі – сақал) (Тас жармаса, бас жарады)

  1. Өз үйім – 7. Оқу – білім бұлағы,

(өлең төсегім) (Білім – өмір шырағы)

  1. Балапан ұяда не көрсе, 8. Балалы үйдің

(Ұшқанда соны іледі) (ұрлығы жатпас)

  1. Сөзің тәтті болсын, 9. Батыр туса, ел ырысы,

(Ашуың қатты болсын) (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

  1. Жақсы байқап сөйлер, 10. Ананың көңілі балада,

(Жаман шайқап сөйлер) (Баланың көңілі далада).


Жүйріктер тобына

  1. Еңбек етсең ерінбей, 6. Ер қанаты –

(Тояды қарның тіленбей) (ат)

  1. Тіліңмен жүгірме, 7. Мектеп – кеме,

(Біліміңмен жүгір) (Білім – теңіз)

  1. Сөзде қаңқу жаман, 8. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың,

(Ауруда шаншу жаман) (Көре-көре көсем боларсың)

  1. Арпа, бидай ас екен, 9. Еріншектің

(Алтын, күміс тас екен) (ертеңі бітпейді)

  1. Қоянды қамыс өлтіреді, 10. Білекті бірді жығар,

(Ерді намыс өлтіреді) (Білімді мыңды жығар)


ІІ кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты кезеңімізде оқушылар жұмбақтарды шешіп, жауабын 3 тілде айтады. Дұрыс жауап берген оқушыға сол жұмбақтың шешуі (су, алма, қалам т.б.) сыйлыққа беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі.

ІІІ кезең. Әр топ QR кодты сканерлеу арқылы сәйкестендіру тестін орындайды. Тестті орындауға 5 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


  1. Отан

ата-анасы

  1. Атаңның баласы болма,

жаны сау

  1. Ауырып ем іздегенше,

Адамның баласы бол.

  1. Оқу –

ел

  1. Баланың бас ұстазы –

Көп сөз – көмір.

  1. Ердің сыншысы –

зор байлық

  1. Аз сөз – алтын,

инемен құдық қазғандай

  1. Жеті рет өлшеп,

Ауырмайтын жол ізде.

  1. Дені саудың –

Бір рет кес.

  1. Денсаулық –

отбасынан басталады



ІҮ кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» атты кезеңде оқушыларға берілген мақалдарды дұрыс құрастыру тапсырылады. Мақалдарды құрастырғаннан кейін, ішінен 3 сөз таңдап, 3 жұмбақ құрастыру керек. Тапсырманы орындауға 7 минут беріледі.

Оқушылар дайын болғанға дейін сабаққа қатысушы ұстаздар мен оқушылар, мен жасыратын жұмбақтардың шешуін тауып, сыйлыққа ие болыңыздар.

  1. Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (Сабын)

  1. Шұбар ала түрі бар,

Айыр-айыр тілі бар. (Жылан)

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)

  1. Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр. (Тіс)

  1. Білек пен жүзік сөздерінен жасалған әшекей атауы? (Білезік)

  2. Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған. (Тауық)

V кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

Сөзжұмбақ

  1. Сын түзелмей- 6. (адаМның) басы –

(Мін) түзелмес. Алланың добы.

  1. Малыңа сүйенбе, 7. (Әке) көрген оқ жонар,

(Арыңа) сүйен. Шеше көрген тон пішер.

  1. (Қасқырдың) аузы жесе де қан, 8. Бірлік болмай, (Тірлік) болмайды.

Жемесе де қан. 9. Ел боламын десең, (бЕсігіңді) түзе.


  1. Бала тілі (бАл). 10. (қоЛы) қимылдаған адамға
    5. (баЛық) басынан шіриді Кедейлік жоқ.
    Аяғы қимылдаған адамға
    Алыстық жоқ



  1. Түнеріп келіп, 2. Басып озды құсты,

Гүл егіп кетеді. (Жаңбыр) Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)

3. Мыжғылаймын – жаны жоқ, 4. Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Кескілеймін – қаны жоқ. (қаМыр) Піскенмен, жей алмайсың.

Жарғаныңмен, қап - қатты,

Ал асқанда, тәп - тәтті. (асқаБақ)

  1. Көзге ілінбейді, 6. Қиналып көтеріп, өзінен ауырды Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Жорғалап кетеді, жүкшідей кәдімгі.

(Құмырсқа)


Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасына сөз беріледі.

Әділқазы алқасы дайын болғанға дейін, әзіл аралас сұрақтарға мақалмен жауап беріп көріңіздер.

Мысалы:

- Жылан інінен қалай шығады?

- Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.

1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанар).

2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай).

3. Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).

4. Не қорқақ? Не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).

5. Ең тәтті не? (Ананың сүті – тәтті, баланың тілі – тәтті).

6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

7. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

8. Кімге күлмеу керек? (Күлме досқа, келер басқа)

9. Қоянды не, ерді кім өлтіреді? (Қоянды қамыс өлтірер, Ерді намыс өлтірер)

10. Жігітте неше өнер бар? (Жігітке жеті өнер де аз)

1) Күлме кімге? 7) Талаптыға не жауар?

2) Қайда түкірме? 8) Тіл неден өткір?

3) Ол не қабымен? 9) Не шабады? Не шаппайды?

4) Ұят неден күшті? 10) Кімнен үйрен? Кімнен жирен?

5) Тіл не жарады?

6) Қандай үй базар?

«Тұз астың дәмін келтіреді,

Мақал сөздің мәнін келтіреді»

«Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей бүгін біз мақал-мәтелдер мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар. Назарларыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

























«Бекітемін» «Келісілді»

Мектеп директоры: Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары:

______777777 ______77777













«1001 мақал, 101 жұмбақ»

танымдық сайысы









Өткізген: Б. Тилеубек






2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2025
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі