Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сабақ "Қазақы дастарқан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыз қуанышты да , қайғыны да дастарқан басында бөліскен.Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды «Құттыхананың берекесі » деп қасиет тұтады. « Таспен атқанды, аспен ат » депхалық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі-киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той-тамашада ас-су беруге жайылады. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, басқа да бата беру рәсімдері орындалады. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата-анаға, үлкенге ұсынады. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолмен ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау, әдеп сақтау рәсімдері орындалады. Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкені,әрі құрметті адам асқа бата береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақы дастарқан

Сабақтың мақсаты: Балаларға астың маңыздылығын түсіндіру. Дастарқан басында сақталатын рәсімдер, ырым-тыйымдармен таныстыру.

Ұлттық тағамдарымызбен, оның қасиетімен және ұлттық ыдыс-аяқтармен таныстыру.

Еңбексүйгіштікке, сондай-ақ дәстүрімізді сақтауға, нанды, асты, тағы басқа да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрініс, сұрақ-жауап, ән,би, әңгімелесу,түсіндіру.

Көрнекілігі: шарлар , тақырыпқа байланысты мақалдар, сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсатымен таныстыру.

II. Дастарқан басындағы дәстүрлер.

Мұғалім: Халқымыз қуанышты да , қайғыны да дастарқан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды «Құттыхананың берекесі » деп қасиет тұтады. « Таспен атқанды, аспен ат » деп халық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі-киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той-тамашада ас-су беруге жайылады. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, басқа да бата беру рәсімдері орындалады. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата-анаға, үлкенге ұсынады. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолмен ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау, әдеп сақтау рәсімдері орындалады. Дастарқан жанындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкені, әрі құрметті адам асқа бата береді.

III. Дастарқан басында сақталатын ырым-тыйымдар:

1. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қою керек.

2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

4. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

5. Қонаққа сынық ыдыспен ас бермейді. Себебі сынық ыдыспен ас беру- қонақты сыйламағандыққа жатады. Жалпы сынық ыдыспен ас ішу-жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

6. Тамақты жатып ішуге де тыйым салынады, өйткені дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам ғана жатып ішеді, сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама, дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма деп ескерткен.

7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

IV. Асты қалай ішу керек?

1-оқушы: Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2-оқушы: Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3-оқушы: Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4-оқушы: Әр түрлі тамақта адам ағзасына қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5-оқушы: Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы.

6-оқушы: Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз , шұбат және тағы басқалар жатады.

V. Ән: «Қазақы дастарқан»

VI. Жұмбақтар шешу.

  1. Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастарқан)

  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (Бидай)

  1. Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем-дәмдә ас. (Күріш)

  1. Сұйық өзі аппақ,

Ішсең дәмі тәтті-ақ. (Сүт пен айран)

  1. Әжем сығып кептірген,

Дәмін кім бар жеп көрген? (Құрт)

VII. Көрініс: «Қайдан келдің бауырсақ?»

Үш оқушы сахналап көрсетеді: (авторы, қуыршақ және бауырсақ.)

VIII. Нан туралы тақпақтар айту:

10-оқушы: Нан-ардақты, асыл ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

11-оқушы: Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

12-оқушы: Бір кезде болып нанға зар,

Қадірін білген адамдар.

Әулие тұтып нанды ұстап

« Нан ұрсын» деп қарғанар.

13-оқушы: Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса, баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

14-оқушы: Жарып шыққан қауызын,

Дән өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.

15-оқушы: Ерте тұрып, ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын диқаннан,

Егін егіп, дән жиған.

IX. Би: «Жаңарған Маңғыстау»

X.Қорытынды:

Мұғалім: Ей, балалар,балалар,

Болмаңдар,сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.-демекші балалар бүгінгі тәрбие сабағында нанды,асты, дастарқанды қадірлеуді біліп ұғындыңдар. Нанды қадірлей жүріңіздер.



Манашы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі: Аженова Махаббат

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
919
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12