400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сабақ "Сыйынар ем ана деген тәңірге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған тәрбие сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда 4 «Б» сынып оқушыларының аналары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариі:

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаға 2 ұл шығып Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңін оқиды.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.

Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

3-жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

4-жүргізуші: Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

  Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар   мерекесімен құттықтаймыз!



1-жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ... (апайға немесе ағайға) береміз.
2-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызда Әбдікәрім Балару мен Жалалиддин Ақниеттің орындауында «Ұстаз Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

3-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,
-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Нурикамал: Менің анам

Менің анам ақылды,

Менің анам көрікті.

Әлемде жоқ сұлулық,

Бар ғана менің анамда.

Жақсы көрем анамды,

Аяулы менің анашым.

Тілеймін бар жақсыны,

Аяулы анам ақ анам.

Асылзат: Ақ сүт беріп өсірдің,

Ардақтысың анашым.

Бәрінен де ең сұлу, бәрінен де әсемсің,

Рақмет сізге анашым.

Нұрислам: Айналайын балалар,

Аналарды сыйлаңдар.

Тұта біліп құрметті,

Ауыртпаңдар жүректі.

Райхан: Анашым менің аяулым,

Мәпелеп мені өсірген.

Мейірімің қандай керемет!

Анашым менің ардақтым.

Бақдаулет: Ана деген ақылшың,
   Анаң барда батырсың.
   Қасыңда кім болса да,
  Тек анаңа жақынсың.

Еркеназ: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Айана:Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

4-жүргізуші: Бекзат жұмбақ жасырсам шешуін табуға дайынсың ба?

1-жүргізуші: Ее, ол қандай жұмбақ болды екен. Жасыра ғой жұмбағыңды, тауып көрейін шешуін, мен дайынмын.



4-жүргізуші: Ал ендеше тыңда:

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)

1-жүргізуші: Жұмбағың ой салатындай екен, дегенмен жұмбақтың жауабын таптым, жауабы «қобыз»

4-жүргізуші: Жарайсың Бекзат, дұрыс айтасың жауабы қобыз
Алдарыңызда қобызшы қызымыз Сеит Ұлжаннның орындауында « » күйін қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
3-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
4-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, –дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

«Әке – ана» әні  орындайтын Полатбай Біржан мен Тұраш Амангелді, Жалалиддин Ақниет

1-жүргізуші: Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары,

Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған сыныптастарымыздың жазған шығармаларын оқуға кезек берейік:

Сапарбекова Меруерт, Рысқұлбек Айдана, Сүгр Назеркеге кезек берейік

4-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  сыныбымыздың ұлдары орындауында «Қазақ биін»  ұсынамыз.

2-жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер. Ал, осы біздің сыныптастарымыз үйде ата-аналарына көмектеседі ме? Оны аналарымыздан сұрап көрейік.
3-жүргізуші: 1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, –деп, Абай атамыз айтқандай Ілиясқызы Нурикамалдың орындауында «Еркемін» әнін,  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.



Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (оқушылар залда отырған көрермен ұстаздар мен ата-аналарға микрафон ұсынып сұрақтар қояды).

Журналист Ақниет: 1. Сыныптағы ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Балаңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең білімді оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

4-жүргізуші: -Нұрдәулет спортпен шұғылданғанды жақсы көресің бе? Саған қандай спорт түрлері ұнайды?

2-жүргізуші: -Әрине, Ақерке спорт денсаулық кепілі демекші спортты ұнатамын. Маған ....................................... ұнайды.

4-жүргізуші: -Ал, сен «Көркем гимнастика» спорт түрін білесің бе?

2-жүргізуші: -

4-жүргізуші: -Біздің сыныптың қыздары Көркем гимнастикаға қатысатынын білуші ме едің? Және қыздар өз өнерлерін көрсеткісі келеді.

2-жүргізуші: -Аа, солай ма? Білемін әрине. Олай болса қарсы алыңыздар Аскербек Нұргүл мен Манап Аянаның өнерлерін тамашалаңыздар.

4-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. Экранға назар аударыңыздар. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.  
2-жүргізуші:
 
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Тұрсын Аружан мен Сеит Ұлжанның орындауында «Абзал ана» әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
3-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрқамытова Ақмарал апай мен Умбетова Айсұлу апайға беріледі.

1-жүргізуші:
О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған 
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман 
Егер де сен еш ауырмай, күліп-ойнап қуансаң 
Бұл тәңірден одан басқа, ешбір тілек сұрамаң 
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

8 наурыз құтты болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 наурыз
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі