Материалдар / Ашық тәрбие сабақ. Ұлы жеңіс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сабақ. Ұлы жеңіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
272
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы Жеңіс күні

Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары, интерактифті тақта.

Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздармен қонақтар! Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Көрініс: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:

– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз:

– …не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді… (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Мұғалім: Міне, балалар осылай бейбіт жатқан елге фашистік Германия күтпеген жерден опасыздықпен соғыс ашты.

1941 жылдын жазында,

Ештеңе жоқ еліміздің жадында.

Тұт қиылдан соғыс ашты Гитлер,

Жерімізді жаулап алу жолында.

Қара бұлт үйірілгенде аспаныма,

Елін, жерін бермеу үшін жат қолына,

Қан майданға аттанды боздақтарым,

Жиырмадан жаңа асқан жас шағында.

1941 жылдың 22 маусымы күні сағат таңғы 4 те фашистік Германия Отанымызға тұт қиылдан шабуыл жасады. Әлемді дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін қанжылатты. Тыныш жатқан халықты бір-бірінен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан, әкесінен айырған сұрапыл соғыс басталды.

  1. «Ер есімі – ел есінде»

(Батыр аға, апаларымыздың суреттерін слайдпен көрсету).

  1. Б. Момышұлының өз дауысы.

2- жүргізуші: 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті. Бүкіл халықтық «Жеңіс қоры» құрылып, оған өз үлестерін қосып жатты.

1-жүргізуші : Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ совет халқы жан – тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Әр бір ауыл, әр бір қала үшін ұрыс болды. Жау алғашқы күннен-ақ Советтік Отанның жүрегі есепті болған ең негізгі қалаларға шүйелді. Соның бірі тарихи көркем қала Ленинград еді. Ленинград жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 күн бойы соғысты. Ержүрек Ленинградтықтар өз қаласын қорғап қалды.

1944 жылы қаңтарда Ленинград жаудан азат етілді. Неміс фашист армиясының ең негізгі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел болып қорғады. Совет жауынгерлері қалалар мен ауылдарды жан қиярлықпен қорғады. Фашисттерді жер жастандырған батыр қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Севостополь, Тула, қаһарман қамал Брест, Новороссийск, Керчьке Ленин ордені мен алтын жұлдыз тапсырылды.

  1. Батыр қалалар.

2-жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкімде ұмытылмайды, ешкімде ұмыт қалмайды» осынау сөздер Жеңіс күні мерекелеу кезінде жиі айтылды, тағыда осынау сөздер соғыста қаза тапқандардың ескерткіштеріне де қашалып жазылған.

  1. Ұлы Отан Соғысы батырларына қойылған ескерткіштер.

(Әр қаладағы ескерткіштерді көрсету).

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Жеңіс! Жеңіс! Бұл сөзді есту үшін жұрт төрт жыл күтті. Жеңіс келді, бірақ көптеген адамның Жеңістен күткен үміті, күткен адамдары келген жоқ. Көптеген ананаң баласы, жары, қаншама баланың әкесі соғыстан оралмады.

Туған жеріне орала алмай жат жердің топырағы бұйырған, Жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына бір минут үнсіздік жариялаймыз.

(1 минут үнсіздік).

Әдеби монтаж

Арылтып жерден жауымды,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күн?

Хор: 9 мамыр күні.

1 – оқушы: Жеңіс күні – 9мамыр. Бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

2 – оқушы: 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

3 – оқушы: 9 мамыр – фашизімді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

4 – оқушы: Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

5 – оқушы: Бұл күн – әділетсіздікті әділдіктің жеңген күн.

Ән: «Майдангерлер әлі сапта»

1-оқушы: «Көк түтінге көмемін деп көгімді,

Ес жидырмай еземін», - деп елімді.

Келді фашист жеңе алмады бірақ та,

Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

Бақыт деген келер дәйым күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өсті.

2 –оқушы: Ұмытылмай соғыс салған жарасы,

75 жыл Жеңіс күннің арасы,

45 – тің мамырында елім жаудан арылып,

Жеңіс күнін тойлап жатты бүкіл Отан даласы.

Ерлігіне теңеу жетпес елін жаудан қорғаған,

Ұрпағына аманат қып елін, жерін жолдаған,

Дақ түсірмей қорғайықшы кейінгі біз жас ұрпақ,

Әрдайым да тыныш болсын, тыныш болсын кең далам.

3 – оқушы: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне.

Аспан бәрін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде кетті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

4 – оқушы: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Жас ұрпақ, асыр сап,

Шырқайды ерлікті ән қылып,

Небір таулар құлазып шөксе де.

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

5 – оқушы: Соғыс десе қатуланам, қиналам,

Рас, оны көрдік біздер кинодан

Оққа оранып от кешкен арыстардың,

Арқасында аман қалды бұл қалам.

Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанымның бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

Хор: Жеңіс туы, Жеңіс туы!

Желбіресін мәңгілік.

Жеңіс жыры, Жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып.

  1. «Мен атамды мақтан етемін» (оқушылардың шығармасы).

Қорытынды:

Міне, Ұлы Жеңіске бүгін 75 жыл. Осы 75 жыл ішінде өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

Биік ұш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт, нелер мұхит, не бір шыңды.

Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,

Әлем жас ұрпағының өршіл үні.

Хор: «Ақ көгершін»


















49 жалпы орта білім беретін мектеп









Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс»






Орындаған: Амирова М



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!