Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сабақтар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жанашыл маман 2015»
Мақсаты: Тәрбиешілер мен мамандардың ұйымшылдығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденіске, жаңашылдыққа баулу. Қазіргі уақыт талабына сай баланың тұлғалық дамуына сай жаңа әдістемелер шығаруға ұмтылысын арттыру.
Жүргізушілер: Жосжанова Жанна, Әбдіхамитұлы Мадияр және «Ерке» тобының тәрбиеленушілері Эритаева Тоғжан, Сағызбек Ерсұлтан
Тоғжан мен Ерсұлтан ортаға шығады
Ерсұлтан: Жарқырап күн ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
Тоғжан: Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Бақшамызға келіп отырған
Қонақтарға қарашы
Екеуі бірге: Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Қош келдіңіз қонақтар
Тоғжан: Ерсұлтан енді не істейміз? Апайлар әлі жоқ, Қонақтар болса келіп отыр.
Ерсұлтан: Білмеймін Тоғжан, мүмкін қонақтарды ойын ойнауға шақырармыз, апайларымыз солай жасаушы еді ғой. Бір қонағымыз кешіксе, «Келгенше ойын ойнайық» деуші еді
Тоғжан: Сенде айтасың ау. Енді үп үлкен апайларға «Келіңіздер, «тышқан мен мысық» немесе ұшты ұшты ойнайық дегің келеме? Басқа бір нәрсе ойлап табу керек.
Ерсұлтан: Жарайды, онда өнеркөрсетейік. Сен өлеңді керемет айтасың, биде жақсы билейсің ғой.
Тоғжан: Жарайды, мен құрбым Ақеркені шақырайын. Бірге билейік
Би аяқталуға жақындағанда Ерсұлтан залда әрлі берлі жүріп ұялы телефонмен апайына хабарласа алмай жүреді. Би аяқталған соң топқа ұрланып 2 жүргізуші кіреді.
Балалар: Апай, ағай неге кешіктіңіздер? Қайда болдыңыздар?
Жанна: Жарайсыңдар балалар! Сендер орын алған келеңсіздіктен қалай шығар екен деген едік, сөйтсек қолдарыңнан бәрі келеді екен.
Мадияр: Мен сендерді қайтып кететін шығар деп ойлаған ем, тіптен апайларыңмен бәстесіп те қойған болатынмын.
Жанна: Әкеліңіз менің тәтті шоколадымды
Тоғжан: Апаааай, бізде қонақтар бар.
Жанна: Ой кешіріңіздер. Мадияр ағай бастайық енді тезірек. Тіптен ұят болды.
Мадияр: Уа халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Құлан атты ауылда
«Жанерке» бақшасында
Шабыт тасып шалқытып
Көңілді кеш жасайық
Жанна: Армысыздар мұғалімдер, ұстаздар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Сал ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолды шарлаңдар
Мадияр: Қадірменді қонақтар, «Жанерке» балабақшасында тәрбиешілер мен мамандар арасында ұйымдастырылып отырған «Жанашыл маман 2015» байқауына қош келдіңіздер! Қазақ аруы әрқашанда күлкісі сыңғырлаған, шолпысы сылдырлаған, ақындар жырлаған, ақылына көркі сай болған! Бүгінгі байқауымыздың мақсаты да осы. Нағыз қазақ аруының нағыз педагог – тәрбиешінің бейнесін ашу.
Жанна: Жүректен өлең төгіп қосқан жырға
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға
Қошеметпен асыл халқым қарсы алыңыз
Мамандығын мақтан еткен мамандарға
Мадияр: Шетел тілін меңгертіп бүлдіршінге
Балғын ұрпақ жолына нұр тілеген
Балабақшам, мақтанышым деп тұратын
Бейнегүл Акрамовна лайық зор құрметке
Жанна: Балабақша ордасында дара тұлға
Жан ғой өзі ұғынатын ұстаз ісін
Орыс тілі мәртебесін биік тұтып
Анатольевна Ұлжан сынға түссін
Мадияр: Базарова Патима нағыз маман
Байыпты, саз маманы жаңашыл ғой
Күнделікті білімін жетілдіріп
Ізденістен ешқашан жалықпаған
Жанна:
Байыппен сөйлеп бүлдіршінге
Білім мен тәрбиені біре білген
Кишкенова Гульвираны шақырайық
Ата- ананың көңілінен шыға білген
Мадияр:
Мінезі ұяң, ісі қыран
Мейірімді, тәрбиелі.
Бекмағанбетова Маралдың
Байқалар бүгін бар өнері
Жанна:
Топқа кірген ақ, адал көңілменен
Сыйлаған бүлдіршінге жан жылуын
Мырзатаева Балнұр ортамызда
Жас та болса тәрбие ісін білген
Мадияр: Мінекей сұлуда, ақылды, мейірімді тәрбиешілеріміз алдарыңызда. Ал енді байқау шарттарымен таныстырып өтейік.
Байқау бес кезеңнен тұрады
-
Таныстыру 2-3 мин
-
Шығармашылық жұмыс 3-4 мин
-
Жүйрік қиял (Ертегі құрастыру) 2-3 мин
-
«Күтпеген жаттығу»( Бұл біздің мамандарымызға дайындалған тосын сый)
-
Өнер сайысы 3-4 мин
Жанна: Байқаудың шарты бойынша тәрбиешілер әдептен аспауы керек. Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, тәрбиешілеріміздің өнерін бағалайтын әділ қазылар алқасы мен таныс болыңыздар
______________________________________________________ ______________________________________________________ ________________________________________________________ _______________________________________________________
Мадияр: Сайысымыздың алғашқы кезеңі Таныстыру
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді
Жүргізушілер ортаға шығады
Жанна: Мадияр ағай, білесізбе? Біздің мамандарымыз бен тәрбиешілеріміз алдыңғы жылдарға қарағанда шыңдалып қалыпты.
Мадияр: Арине, «Жүре, жүре көш түзеледі» деген бар емеспе. Алғашқы жылдары жұмыртқадан жаңа шыққан балапандай жан жағына алаңдап қысылу барлығында болады.
Жанна: Бірақ өтіп кеткен соң бәрі қызық. Өткенге көз жүгіртейікші.
Графа проектордан алдыңы жылғы байқаулардың көріністерін тамашалаңыздар.
Мадияр: Тәрбиешінің сан түрлі әдісі бар
Оның сырын біледі ме ару қыздар
Әр ұстаз өзі жаңалық еткен бір ісін
Уақыты келді ортаға қазір салатын
Байқауымыздың екінші кезеңі шығармашылық жұмыстарымен таныстыру.
Ерсұлтан мен Тоғжан қастарына бір- екі бала алып шығады, «Жасыл жайлау» әнін музыкасыз айта бастайды. Сахна шетінен жүргізушілер сыбырлап қайтыңдар деп ымдайды. Олар естісе де ән айтуын доғармайды.
Жанна: Балалар сендер ерте шығып қойған жоқсыңдарма?
Тоғжан: Білмейміз, бізді тағы тексеріп жүрген шығар деп Ерсұлтан жүр әнімізді айтайық деген соң шыға бердік.
Жанна: Ә, солайма, негізі мен өзім шақырам ғой деп тұрғанмын...
Мадияр: Жанна апай балалар ортаға шыққан екен, кедергі жасамайық, балабақша өміріндегі қызықтар осылай таусылмасын.
«Жасыл жайлау»
Жанна: Мамандардың әр түрлі әдісі бар
Оның сырын біледі ме ару қыздар?
Аруларға берілетін тапсырма бар,
Ал қане кімнің жүйрік қиялы бар?
Сайысымыздың үшінші кезеңі «Жүйрік қиял». Мамандар жасырын карточкаларды алып, ішінде бейнеленген ертегі кейіпкерлерін пайдалана отырып, 3 мин ішінде ертегі құрастырып беруі керек.Кімнің ертегісі мағыналы әрі балаға тәрбиелік мәні көбірек болса, сол маман жоғары бағаланады.
Мамандар карточкалармен жұмыс жасайды.
Сахнада Ерсұлтан, Тоғжан, Жанна, Мадияр ағай
Жанна:Балалар сендер тосын сый деген не екенін білесіңдерме?
Тоғжан: Ия білеміз Ол күтпеген жерден сыйлық жасау.
Жанна: Ал сендер тосын сый жасап көргенсіңдерме?
Балалардың жауабы
Жанна: Мадияр ағай, сіз осы тосын сый дегенді білесізбе, Жалпы тосын сый сізге ұнайма?
Мадияр: Әрине,білем тосын сый кімге ұнамайды. Бірақ тосын сыйдың түр түрі болады емеспе. Оны неге сұрадыңыз?
Жанна: Себебі мамндарға мен кішкене тосын сый дайындаған болатынмын Оны «Күтпеген жаттығу» деп атадым. Бұл жаттығуды кішкене сергіту десекте болады.
«Өз керегіңді тап» жаттығуы
Ортаға екі маман шығарылып қолдарына үлкен, бос сөмке ұстатылып, көздері орамалмен байланады. Осыдан кейін ортаға үстел қойылып, үстіне сөмкеге сиятын әр түрлі заттар қойылады.
Қажетті құралдар: кітап, қалам, қарандаш, тарақ, кілт, қол айна папкалар, журналдар, орамал, қайшы доп, әмиян, кесе, қасық, көзілдірік, газет, майлық, телофон, пакет, кәмпиттер, қуаттандырғыш, ойыншық, опа-далап, кірем, туфли, қағаз, шұлық т.б.
Нұсқау: Жұмысқа асығып бара жатқан педагог осы заттардың ішінен жұмысына қажетті заттарды тез арада тауып, жинақтап алуы керек. Бұл сайыста бағаланады.
Мадияр: Тосын сый деп осыны айт. Бұндай тосын сый көрмеппін.
Жанна: Өнер деген көп заманның алуан ісі
Өмірдің әлемге аян бар мәнісі
Өмірді өнерімен қоса алмайтын
Кер құлақ көр соқырдың алданысы
Мадияр: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, енді бірі ән салыпты
Бүгінгі байқаудан бәйге алуға
Мамандар аянбай жан салыпты
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Өнер сайысы»
Мамандар өнерлерін ортаға салады
Мадияр: Бойларыңда от барын да байқадық
Жүректерде шоқ барында байқадық
Тәрбие мен білім шамын өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Міне енді ең қобалжитын сәтте жеттті. Әділқазы алқасы шешімдерін шығарғанша байқауға қатысқан мамандармен сергіту ой бөлісу тренингін өткізген дұрыс болар.
Мадияр: Баспаса - елдің көсемі,
Сөйлесе сөздің шешені
Ақылы асқан абыздай
Бар түйінді шешеді - демекші әділқазыларымыз өз шешімдерін жария етсін
Жанна: Міне біздер анықтадық тұлпарды
Айта алмаспыз міне мынау кеш қалды
Риза боп әділқазы уәжіне
Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан
Жүзден жүйрік, мыңнан шыққан тұлпарды
Мадияр: Барына риза болсын көрермен
Ой бөлісті бақ сынасты үміткер
Осыменен сайысымызды тамамдап
Кездескенше дейміз енді сіздерге