Сабақтың
тақырыбы:
Рухани бай елдің ұрпағымын
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларды
ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын
сүюге тәрбиелеу.
Оқушыларға
азаттығымыздың қалай келгендігін
түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге,
қадірлей білуге баулу;
Оқушы
бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына
ықпал жасау.
Сабақтың
түрі: тарихи-танымдық
тәрбие сағаты.
Оқыту
әдісі: әңгімелесу,
пікір алысу.
Көрнекілігі: слайдтар,
дербес компьютер.
Пәнаралық
байланыс: тарих
пәні, әдебиет.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Миға
шабуыл:
1.Балалар
біз қандай елміз? (Тәуелсіз)
2.Қай
жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16
желтоқсанда)
3.Тәуелсіздік
дегенді қалай түсінесіздер?
4.Қазақ
елінің іргетасы қай жылдардан қаланды
деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін
кім басқарды?
XV
ғасырдың ІІ жартысында Жәнібек, Керей
хандарымыз қазақ елін құрып, біздің
ата-бабаларымызды бір тудың астына
біріктіріп, ел шекарасын белгіледі.
Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше
хандар елімізді басқарды.
Ой
қозғау.
1)
Біздің
басқару жүйеміз қандай?
Біздің
Тұңғыш Президентіміз туралы кім не
біледі?
2)
Еліміздің
ұлттық рәміздеріне тоқталайық.
Ту
– елдіктің белгісі. Авторы – Ш.Ниязбеков.
1992 жылы Ту бекітілді. Көгілдір түсті,
жиегінде оюмен безендірілген, ортасында
күн және қыран бейнеленген.
3)
Елтаңба
– бейнесі. Авторлары – Ш.
Уалиханов,
Ж.Мәлібеков.
4)
Әнұран-Отанымыздың
салтанатты үні, өр үні, өміршең үні. Оның
қалықтай көтерілген әуенінде туған
жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.
Кеудені мерейлі қуанышқа бөлейді,
арманыңды аялай самғатады. Мәні мен
әнін еліміздің ұланы жанында сақтап
өседі. Әнұранымыз 1992 жылы қабылданып,
қоғам арнасына қарай 2006 жылы қайта
жаңартылды. Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев
пен Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
5)
Ата заңымыз туралы не білімезі оқушылар?
1993
жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының
алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995
жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда
өзгерістерге, жаңа талаптарға сай
толықтырылған қазіргі Ата заңымыз
қабылданды.
6)
Қазақстанда
қанша ұлт өкілдері тұрады?
-Қазақстан
көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт
өкілдері тұрады.
7)
Біздің ақша бірлігіміз қандай?
Валютамыз
– теңге. «Валюта» баға дегенді білдіреді.
Әр елдің өз бағасы бар. АҚШ-та доллар
болса, Ресейде – рубль, Францияда –
франк, Алжирде – динар, Қытайда – юань.
Ал бізде – теңге. Теңге – тәуелсіздік
жемісі. Теңге – ел мен елді таныстырады.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасы – теңге айналымға
енгізілді.
Ой
сергіту.
Ал
енді, рухани бай елдің ұрапақтарының
өлең шумақтарына кезек берейік.
Оқушылардың
тақпақтары;
Ән
«Жаса Қазақстан»
Ой
толғау. Оқушыларға
Мәңгілік және Рухани жаңғыру идеясы
бойынша презентациядағы тапсырмалармен
топтық жұмыс жүрізеді. Оқушылар өз
ойларын Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру
ағашын постерге сызып, оқушылар алдында
қорғайды.
Көрініс:
«Әке
қадірі»
Қорытынды.
Оқушылар
бүгінгі сабақтан алған білімдеріне
сүйене отырып, өз ой-пікірлерін
әңгімелейді.
Тәуелсізбін,
егеменмін, азатпын,
Туды
міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің
туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы
сендерсіңдер қазақтың!
Ән:
«Туған
жер».