жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағат, 7 сынып Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш
Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы
«С. Сауранбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің
7 «ә» сынып оқушыларымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі: Абилдаева Гульзинат Рысбайқызы
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Садуахасова Гулсім
Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Мақсаты: Ұлы ақынның қалдырған мол мұраларымен таныса отырып, Абай шығармаларын дәріптеу.Рухани азық, рухани күш, рухани тәрбие алу. Абай өлеңдері мен қарасөздерін оқыта отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеп өзіндік ой –пікір айтуға, байлам жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сөз құдіретін түсінуге шақыру.Халқын сүюге, халқы үшін, адам баласы үшін қызмет етуге шақыру.
Түрі: әдеби кеш
Көрнекілігі: Ақын жайлы пікірлер, ақынның қанатты сөздері, ақын суреттері,шарлар,
Барысы: Сынып хормен ән «Желсіз түнде жарық ай»
Аружан: Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Дулат:Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан
Нұрай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,- деп әрбір сөзі тәрбие құралы болған қазақ халқының ұлы ақыны, ұлы кемеңгері Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Аружан: Қазақ елінің дәл бүгінгідей ерікті,берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көксеген Абай, Абай шығармалары-біздің рухани толыса түсуімізге, тәлім алуымызға көмектесетін тәрбие құралы.
Дулат: Менің Абайым! Бұл сөз бәріміздің жүрегімізде жүрген, бәріміз айтуға тиісті сөз. Бұл сөздің мәні мен мағынасы менің жерім, менің елім деп жалпыхалықтың атынан айтылар аса кең аядағы рухани меншіктеп сөйлеумен сабақтас, салалас жатпақ.
Нұрай: Сөз жоқ, менің жерім, менің елім, халқым дегенді рухани махаббат,рухани сүйіспеншілік қана тудыра алады.Адам-жерімен, елімен, халқымен ғана адам.Өйткені адамды адам ететін - сол жері, елі мен халқы.
Аружан: Олай болса , біздің рухани қалыптасуымызға , рухани түлеп жаңғыруымызға, рухани баюымызға өлшеусіз әсер еткен, сарқылып таусылу дегенді білмейтін рухани ресурстарымызды да менікі деп меншіктеуге хақымыз бар. Сол рухани ресурстарымыздың бірі және бірегейі,біз үшін Абай шығармалары.
Дулат: Сондықтан да қазір менің елім, менің жерім, сияқты қасиетті сөздердің қатарында менің Абайым деген сөздің де орын алып , орнығуы заңды.
Нұрай:Сондықтан да хат біліп,қара танитын адам Абайды оқымай,танып білмей өз халқының кешегі,бүгінгі рухани бет-ажарын танып білуі мүмкін емес.
Аружан:Абай сөздерін ең әуелі,жадыңа емес,жаныңа,қаныңа сіңіруің керек.Олай болса келесі кезекті оқушыларға береміз.
Бір ғылымнан басқаның
Бәрі де кесел асқанға,-деп ақын айтқандай оқу,ғылым жайлы өлеңдері.
Ерсін,Біржан,Төлеген,Сая.
Сая:Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазды.Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес,ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын,содан туындайтын даналық,философиялық түйіедерді жинақтаған.Сол арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл –өнеге,өсиет,ғибрат қалдыруды көздейді.
Келесі кезек Абай қара сөздерінде.Оқушылар.
Аружан:Абай қазақтың ірі феодал тобынан шыққан.Әкесі Құнанбай өз дәуірінің феодалдық табының бел баласы, айқын өкілі.Ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адам.Бірақ Абай өзінің ісінде болсын, өлең-жырларында болсын өзі шыққан таптың сөзін сөйлемейді,халық сөзін сөйлейді,халық намысын жоқтайды.Атаның ұлы болмайды,адамның ұлы болады.
Көрініс: Әке мен бала
Нұрай: Абай қазақтың әрбір ұлы, әрбір қызының еркі, бостандығы үшін ой-санасын жетілдіру,ержеткізу үшін күресті. Оларды халқын сүюге,халқы үшін,адам баласы үшін қызмет етуге шақырды,адамгершілікке баулыды.
Шолпан: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Осыны біл,талап қыл,өнер, кәсіп ізде.
Қайғы келсе,қарсы тұр,құлай берме,
Қызық келсе қызығып,оған да ерме.
Жүрегіңе сүңгі де,түбін кез де,
Бұдан тапқан шын асыл,тастай көрме,- деп ақыл айтып,қайрат жігерлендіреді.
Нұрай, Мағжан,Айнара,Жанерке, Біржан ақын өлеңдерін оқиды
Ән: «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма»
Дулат: Абай қазақтың жаңа әдебиетін мағынасы терең, тілі орамды,өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады.Шын мағынасында өлең өнерін жасады. «Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ, деген сертіне жетті.Абай халқына «іші алтын,сырты күміс» өлең қазынасын, мәңгі өлместей сөз қазынасын қалдырды.
Әлішер, Ақжол
Арнау: Разхан Мағжанның орындауында
Нұрай: Абайдың нәрлі еңбегін айтқанда, ылғи ақындығын сөз қылып қоймай, осымен қатар одан қалған мәдениет мұраларының ішінде үлкен, елеулі орны бар әншілік еңбегін де атау керек.Абай өзі жақсы домбырашы болған.Қазақтың ескі ән-күйін жете білген,барынша сүйген.Елдің ән-күйін елти сүйіп айтқан.
Ақнұр. Ән «Сегіз аяқ»
Аружан: Абай жуандар тобы сияқты би-болыстар тобы да шірік топ,шірік орта еді.Елдің қамын ойламай,өз құлқынын ойлайтын, елдің сорына біткен топ еді. Мұны Абай айқын аңғарды.
Ұлдана,Шолпан, Аружан, Сабина ақын өлеңдерін оқиды.
Аружан: Ұлы Абай сабағы бізді кең өріс, жаңа белестерге бастайды. Оның шығармаларын қайталап оқыған сайын өзің рухани толыса түсумен бірге, мың қырлы тәлім,үлкен тәрбие аласың.
Дулат, Сая, Камшат ақын өлеңдерін оқиды.
Дулат: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп ақынның өз өлеңін өзіне айтуға болады.Абай халқының асыл азаматы болғандықтан мәңгі өлмейді.
Нұрай: Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі 7-«ә»сыныбының дайындаған « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты кешімізге уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіре отырып, бүгінгі кешімізді Мағжан Жұмабаевтың «Хакім Абайға» деген өлеңімен аяқтағымыз екеледі.Көркем
Қорытынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген