400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

ашық тәрбие сағат - Су тіршіліктің мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Оқушылардың экологиялық сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру. Экологиялық тәрбие беру және суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: оқушыларға табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

Оқушылардың экологиялық сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Экологиялық тәрбие беру және суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.

Көрнекілігі: бейне ролик көрсету, слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, суды ластаушы заттар.


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.


Күн -Ана-бүкіл тіршілікке жылу береді. Жер –Ана – бүкіл тіршілікті нәрімен асырайды. Су – Ана –жер жүзінде тіршілік нәрін сіңіреді.

Ендеше, бүгінгі ашақ тәрбие сағатымыз «Су тіршіліктің мәні» деп аталады.

Балалар, өздерің білетіндей сусыз тіршілік жоқ. Адам денесінің басым бөлігі судан тұрады. Егер адамның салмағы 70 кг болса, оның 50 кг су болады екен. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды. Мәселен 1 кг картопқа – 300л су қажет. 1кг бидайға – 1200л су, 1т шойын қорытуға – 130т су керек, піл тәулігіне - 90л су ішеді екен.

Ендеше су тақырыбын ашу мақсатында бірнеше тапсырмалар орындаймыз.


Су – тіршілік тамыры

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын ,

Көп болған соң ұмытамыз маңызын.


Судың маңызы оқушылар өз білімін ортаға салады.

Слайдпен жұмыс.

Қызықты мәліметтер.

Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.

Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурудан қайтыс болады.

Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді

бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.

Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.

Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.

Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.

Мамандардың айтуынша судың 9,7 пайызы қатты күйінде, яғни мұз түрінде бұл суды пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Әр бір сусиыр (бегемот) су астында туылады.

Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін 70 пайыз су қорын қажет етеді.

Жай өнеркәсіпке 22 пайыз су керек екен.

Жылан суда шаға алмайды.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Су туралы мақал – мәтелдер.

1. Су ішкен құдығыңа түкірме

2. Ағын судың арамдығы жоқ

3.Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.

4.Сулы жер нулы жер.

Ата – бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды лайламау,былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан.

«Суды сабама – балығын шошытасың,

Бұлақты лайлама – құсын кетіресің» - деп тоқтау сөз айтып, өз ұрпақтарын тәрбиелеп отырған. Ендеше осыған байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?

Суға түкірме.

Ағын суға кір жума.

Суды бекер ағызба.

«Ойлаудың алты қалпағы» атты сергіту сәті (қонақтармен)

1 топқа. Судың пайдасы

2 топқа. Судың зияны туралы пікірталас.

Бейне ролик көрсету.

Слайдпен жұмыс.


«Суды ластаушы заттар»

сызбасын беру балалар сызбаны толтырады

Оқушыларды екі топқа бөліп сынақ тапсырмалары беріледі.

1топ – Тапқырлар .Судың пайдасы туралы пікірлерін айтады.

2 топ – Ойшылдар. Судың зияны туралы пікірлерін айтады.

Есте сақта:

су қоймаларына барып велосипед,

көлік жууға болмайды;

- бөгде заттарды суға лақтырма;

- жағалауға қоқыс лақтырма;

бұлақтарды, жылғаларды тазалап

қолғабыс жасай жүр.

Бұл сендердің экологияға қосқан үлестерің деп біліңіздер


Тәжірибе жасау.

1топ.Судың түссіз, мөлдір екенін көрсету.

2 топ. Су - еріткіш екенін көрсету.

Шығармашылық сәті.

Су туралы бір шумақ өлең шығару.

Қорытындылау. Елімізде су қоймаларын қорғау туралы заң қабылданған. Ол заң бойынша барлық сарқынды су, өзендер мен көлдерге құйылар алдында міндетті түрде тазартылуы керек. Біз де суды ластамауға жол бермеуіміз қажет.

Таза су – денсаулық кепілі.Суды үнемдеп жұмсайық!





« Сарысай негізгі орта мектебі» КММ












Сабақтың тақырыбы: «Су тіршілік тірегі»




Өткізген: Тасымова А.Т.




































2018-2019 Оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
1974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі