ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ
Колледж әдіскері Директорының тәрбие
ісі
____________Албакова К.С. жөніндегі
орынбасары
«____»____________2018ж _________Шөмшеков
Н.А.
«____»____________2018ж
Тәрбие сағаты
Қарттарым – асыл
қазынам

Топ жетекшісі: Ибраева Ж.М.
Жастар ауылы, 2018ж.
Тақырыбы: «Қарттарым – асыл
қазынам»
|
Мақсаты
|
Білімділік: Білім алушыларға ұлттық
қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге
құрмет көрсету керектігін
түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге,
Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Өз бетінше қорытынды жасауға,
өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске
дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін
дамыту
|
Шараны жабдықтау:
Көрнекіліктер:
Интерактивті
тақта, нақыл сөздер,фломастер, стикер, постер, мақал – мәтелдер,
слайд, бейнебаян.
Тәрбие
сағатының барысы:
I. Ұйымдастару
II. Кіріспе
сөз
III. Негізігі
бөлім
-
Мақал –
мәтелдер
-
Слайд,
бейнебаян
-
Жағдаяттық
сұрақтар
-
Ой
қозғау
IV.
Қорытынды
Қарттарым – асыл
қазынам
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Білім алушылар назарын сабаққа
аудару
ІІ. Кіріспе сөз
Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап
қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген
қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған
игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде
қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет
тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне,
еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы
ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді
қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен
мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-
апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа
табылмас қазына.
ІІІ. Негізгі бөлім
-
Мақал-мәтелдерді талқылау
Елу
шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.
Ат
қартайса – ұрыншақ,
Ер
қартайса – жаңылшақ.
Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ
түсті.
Көп
жасаған Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ – Жолдасынан айрылады.
Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.
Отырса — от басында
Көшсе — көш басында.
-
Слайд арқылы мәлімет
беру
Қарттар үйін көрсету
(бейнебаян)
-
Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып
өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу
жолдарын ойлап табу)
-
Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды
құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп
жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?
-
Осы
заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен
әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне
ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп
ойлайсыз?
-
Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады.
Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан
көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете
барды. Сіз не істер едіңіз?
-
Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір
қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі
келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын
сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің?
Баласының пікірі туралы не айтар едің?
-
Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі
мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды.
Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың?
Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен
қосыласың ба?
-
Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек
сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға
шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың
ба?
Әр
білім алушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, білім алушы
жауабына сараптама жасйды.
-
Ой
қозғау
Қазіргі таңда қарттар үйі керек
пе?
Ұлттық
құндылықтарды бойына жинаған тұлға деп қандай адамды
айтамыз?
1.білімді
2.сыпайы
3.аталы сөзге
тоқтай білетін
4. өзін-өзі
тану
1.үлкенге
құрмет кішіге ізет көрсету
керек
2.
ақылды
3.мейірімді
1.төзімді
2.еңбекқор
кішіпейіл
3.қайырымды
жомарт
Көрсетілген
суреттерге ой қозғау

Сабақты қорыту.
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген
халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу
– біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандай
міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз
алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы,
адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде
құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар,
қадірлеңдер!
Арада көп күн өтпей Қарттар үйіне барып
концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Текелі қаласы «Қарттар үйі» білім алушылардың
концерттік бағдарлама өткізуі.
