Тақырыбы: Туған жер- тал
бесігім
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы,
алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: АҚТ
Слайдтар.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және де
оқушылар! Бүгінгі 2 «сынып» оқушыларының дайындаған «Туған жер-тал
бесігім!» атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер.
Ауыл көрінісі
слайд
Туған жер - ата қоныс,
атамекен,
Бауыры талай жанға болған
мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір
арнаға
Қазақ елі - ұлы ел, менің
өлкем.
Көз алдыңда көгілдір тау
мұнартып,
Аспанымда аққудың әні
қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған
далам.
Жатамын көк шалғында жаным
балқып.
Тасып жатқан өзендер
жағасынан.
Сары белде сағымдар
арасынан.
Тарайды дән жұпары бар
әлемге.
Ауылдың қасиетті
даласынан.
Сұлу дала! Менің сүйген
еркемсің,
Жаным сенен жаратылған
өлкемсің.
Қандай жақсы осы ауылда
туғаным.
О туған жер, тамашасың,
көркемсің.
Топырақтан ауыл иісі
шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та ауылыңнан
шығады.
Туған жер, кіндік қаным,
тамған жерім,
Шыр етіп, жарық дүниеге келген
жерім.
Бөленгем, ақ бесікке
сонда алғаш,
Айналдым, мен өзіңнен
туған жерім.
«Туған жер» әні Орындайтын Азилхан Ж, Жумалы
Б, Кунтуов Н.
Көріп өстім таң атып, күн
батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың
қатпарын.
Қалай ғана
сүймейін,перзент
болып
Осы ауылда жатыр ғой
қымбаттарым
Мен жаныммен сүйемін осы
ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы
ауылды.
Қалай ғана
сүймейін, қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол
тұсауымды.
Шахта-Тогус
– атамекен, құт қонған
жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған
жер.
Көкорай белестері мақпал
кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған
жер.
Даланың дархан
көңілін,
Бойымызға
жиямыз
Туған жерді
қорғайтын,
Азамат боп
шығамыз
Адамдары ақ
жарқын,
Ардақтадым бар
салтын.
Тұрып жатыр
ауылда,
Пейілі жомарт әз
халқым.
Туған жерім – алтын
бесігім,
Айқара ашқан
есігін.
Шахта-тогус менің
ауылым
Қандай ыстық
есімің
Кешегі асыр салған дала
мекен,
Есеңде ескірмей, бір қалады
екен.
Бір жұтсаң туған жердің самал
желін,
Сусының шөлдегенде қанады
екен.
Ән. «Жау-жау жаңбыр» Орындайтын Оралхан
Дария
Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады.
Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не
ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам,
атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын.
Ауылымыздың
болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын,
қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен
өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам,
«өткен өмір» деген өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай
болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан, балам, сен де өз
туған жеріңнің тарихын білуге
тиіссің.
Видио Ауыл ақсақалымен
кездесу.
Оқушылардың ауылда
орналасқан мекемелердің тарихы жайлы
таныстырылымы
-
№ 5 «Бағлан» балабақшасы 1966
жылы ашылған, 2012 жылы жаңа ғимаратқа
көшірілді.
-
Төлеби ауданы Шахта – Тоғыс
елді мекені фельдшер – акушерлік пункті 2012 жылы қараша айында
жаңа ғимаратқа көшірілген.
-
1958 жылы мектеп болып
құрылды. 1960 жылы №8 орыс мектебі болып ашылды. Ал 2007 жылы «№ 8
шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектеп» болып, жаңа
ғимаратқа көшті.
-
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ұланы 66-98 әскери бөлімі 2014 жылдың 5 желтоқсанында
ашылды. Бұл мекемеде еліміздің болашақ жауынгерлері Отан алдындағы
борыштарын өтеуде.
-
Біздің ауыл берекелі де
мерекелі ауыл. Өзі кішкене болғанымен мемлекеттік мекемелері көп
шоғырланған ауыл. Осы ауыл тұрғындарының барлығын жұмыспен қамтып,
өзге ауыл, қалалардан келген бауырларымызға құшағын жайып қарсы
алған ауыл. Мен осындай ауылда туғаныма
мақтанамын.
-
Немересі: Ата, туған жер деген
не?
-
Атасы: Балам туған жер деген
сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған
жер. Сен
туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың
керек.
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен
туған жерімді жақсы көремін, ешкімге бермеймін, оны қорғайтын
азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам.
Би. «Әке
толғауы»
Көрермендермен ойын. Мақал-мәтел
жарысы
«Туған жер» әні. Оралхан Д, Жақсыбай А,
Әмірхан С.
Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз
бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.
Балық сынада
патша.
Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.
Көгінде күн нұрын
төккен,
Жерінде гүл жұпар
сепкен.
Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем.
Алтын дәнді даласы
бар,
Ақ күмістей қаласы
бар.
Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем.
Ер еңбегі шалқып,
тасқан,
Ел еркіндей бақыт
тапқан.
Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем.
Ән. «Ақбұлақ»
Хор
Осымен «Туған жер, тал
бесігім» атты тәрбие сағатымыз
аяқталды.