жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты
Ашық тәрбие
сағат 9-10-сынып
Сабақтың
тақырыбы: Терезесі
тең, керегесі кең өркениетті
Қазақстан!
Сабақтың
мақсаты: а)
Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.ә)
Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс
қалыптастыру.
б) Өнерге,
елге, жерге деген патриоттық сезімдерін
ояту.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер,
көрініс.
1.Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп
өтем.
М.
Мақатаев
2. Отанды сүю -
өркениеттіліктің бірінші
белгісі.
Нұрсұлтан
Назарбаев
3. Отаншылдық
рухы бізге ауадай
қажет.
Нұрсұлтан
Назарбаев
Сабақтың
түрі:
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру
кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе
сөзі
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада
үнтаспадан күй ойналып
тұрады)
Мира: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік
шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр
сәулетті Қазақстан!
Айдана: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар
тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая
панамыз – Қазақстан көркем
жер!
"Қазақстан" туралы
видеоролик.
: Бүгінгінің биігінен көз салып көр
еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін
міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан
бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың
бұтағындай, күн нұрына
таласқан!
: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен
жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей мандай
терін төккен
жер!
: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық
пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің
байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты,
ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым
қатты!
: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып
өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан
қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна
елім, аршында!
: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын
алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан
ғасырлық шерімен!
: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла
шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды
ғасырды!
: 1990 жыл
...
24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған
Жоғарғы Кеңесінің I-
сессиясында
Н.Ә. Назарбаев
республиканың алғашқы Президенті болып
сайланды.
25 қазан. «
Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң
жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт
негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш
рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік -
құқықтық нормаларын
бекітті.
: 1991 жыл
...
1 желтоқсан
республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ
ССР-інің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын
сеніп тапсырып, өз басшысын
сайлады.
: Елің үшін
қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен
өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай
бастаған жапырағымды,
Аяздарға
тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың
жадында даусың қалсын,
Дала өзінді
жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді
бақытқа, көзіндегі
Елге деген
мейірім таусылмасын!
: 10
желтоқсанда Қазақ ССР Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің
мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол
қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа
тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық
қоғамды тандағанын
білдірді.
: 16 желтоқсан
ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі
«Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық
занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз
аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі
жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін
заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ
ұрады).
:
Мерейім –
нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін
бақытымның азаттығын.
Тауымды
тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар
әлемге қазақ бүгін.
Құттысың
тәуелсіздік – киелі
күн!
Құт күшім
–егемендік иелігім,
Уақыттың
биігінен шуақ төгіп,
Бақытым –
еркіндік боп үйілер күн.
: 1992 жылдың 4
маусымы. Казақстан тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні
Қазақстанның Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден
бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және амандықтың белгісі –
байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік, ізгілік
белгісі - алтын түс таңдап
алынды.
: Мәңгілік
азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет
мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін
Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол
биіктен көрген кісі.
: Шарықта,
шарла көкті көк Байрағым,
Арманым,
Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің
салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын
шашақ шоқ байладым.
: Ал самға
әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта
Елтаңбасы - шаңырағым.
Көк Байрақ,
көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам
қазақ Аруағын!
: 1992 жылдың
29 қырқүйегі мен 3 қазаны Алматы қаласында қазақтардың бірінші
дүниежүзілік құрылтайы болып
өтті.
: 1993 жыл. 28
қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық
Конституцияның қабылдануы - Қазақстан өміріндегі тарихи, кең
көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның
орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және
егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің
нығаюына ықпал етті.
: 15 қарашада
Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы - теңге
енгізілді.
: 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты
түрде атап өтті.
: 1997 жыл ...
Жаппай қуғын –сүргін құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың
жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр
билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып,
демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей
білуге көмектесті.
: Қуғын-сүргін
құрбандары:
1. Әлихан
Бөкейханов
2. Ахмет
Байтұрсынов
3. Жақып
Ақбаев
4. Әлімхан
Ермеков
5. Шәкәрім
Құдайбердиев
6. Мағжан
Жұмабаев
7. Міржақып
Дулатов
: 1998 жыл ...
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы! Дәл осы жылы Қазақстанның
астанасы Алматыдан Астанаға
көшірілді.
: Ұзақ
жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік –
біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын
көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға
қосып, әлемдік қауымға
ендірді.
^ : Мен жастарға
сенемін.
Мәңгілік
есімізде:
Қайрат
Рысқұлбеков
Ләззат
Асанова
Сабира
Мұхаметжанова
: Тәуелсіздік –
ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз
тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп
жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,
барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын
сүйдірді.
^ Назарбаев туралы
видеоролик
: Аз ғана
уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде
жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі
көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп
маң–маң басатын болды. Еліміз өркениетті замана ағысына қосылды.
Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі мен қосқан үлесі
емес па? 1 желтоқсан - тұңғыш президентіміздің күні деп
бүкіл Қазақстан
халқы бір ауыздан қабылдады. Өзінің парасаттылығымен,
көшбасшылығымен, көргендігімен әлемге қазақ елін танытқан ел
кемеңгері.
Гимн
ойналады.
Тәрбие сағаты
аяқталды.
Ашық тәрбие сағаты

10-11
сыныптар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген