400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

9.12.2017ж

Сабақтың тақырыбы:Жеті лақ

Сабақтың мақсаты:Ертегілермен таныстыра отырып , сұраққа толық жауап бере білуге, жағымды , жағымсыз кейіпкерлерді ажырату білуге үйрету. Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Адалдыққа , батылдыққа, байқағыштыққа , жан – жақты болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ.

Әдіс – тәсілі: ертегіні сахналау , өлең , диалогты сөйлеу.

Қажетті құрал: атрибуттар , үй ағаш, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе

-Балалар сендер «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін білесіндерма?

- Қасқыр туралы не білесіңде?

- Қасқыр қандай жануар?

- Жабайы жануар.Қауіпті аңдар қатарына жатады.

- Ал ешкі мен лақ туралы не білесіңдер?

- Ешкі мен лақ үй жануары.Олардың адамға пайдасы мол.

- Еті , сүті,терісі,түбіті адамға пайдалы.

- Ендеше, «Жеті лақ» ертегісінің қойылымын көрсетейік.

«Жеті лақ» ертегісінің сценарийі



Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:



Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –

Автор: деп өлеңдетеді екен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Автор: -дейді өлеңдетіп.

Лақтар:

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:Қолымнан келмейді.

Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: Бұл кім?

Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

Автор:дейді әндетіп

Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

- Балалар, қасқырдың іс- әрекеті дұрыс па? (жоқ)

- Өйткені ,ол құқық бұзды.

- Ол қандай құқық бұзды?

- Бөтен ешкінің үйіне баса көктеп кіріп, мүлкіне қол салды.Лақтарды үркітіп , қорқытып ұрлап алып кетті. Заңға сәйкес , қасқырды жазалауымыз керек. Қандай шара қолдануға болады?(Атамыз, басқа жаққа қуамыз, қамап қоямыз,тамақ бермейміз,суыққа қалдырамыз)

- Балалар, айтқаның бәрі орынды.Дегенімен, қасқыр өз кінәсін түсінсін деген оймен қайта тәрбиелеу орталағына жіберуге қалай қарайсыңдар? Себебі, қасқыр аш болғандықтан, тұрақты мекендейтін жері болмағандықтан осы әрекетке барды. Бұған не дейсіңдер?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі