жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Гимн орындау
Мұғалім: - Балалар, «Отан дегеніміз не?» «Миға шабуыл» әдісі
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Бастаушы:Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін айта білген
Отан туралы тақпақтар
Отан туралы мақал-мәтелдер айту
Отан от басынан басталады. Туған жердей жер болмас Туған елдей ел болмас. Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл Отан оттан да ыстық. Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Бастаушы:. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Бастаушы:- 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
1-оқушы Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
2-оқушы Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құстың үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып
Бастаушы-1994 жылы 1-желтоқсанда Республикамызда Бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті .Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды
Баст:- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Рамазан
Нұрсұлтанның әкесі — Әбіш Назарбаев әкесінен ерте айырылған. Әбіш 11 жасында еңбек ете бастайды.Сол еңбекте шыңдалып, алғашқы кәсіби дағдыға бейімделеді. Әбіштің көптеген басқа құрбы-құрдастарынан бір өзгешелігі — өзінің еңбексүйгіштігі мен білімге деген ынта-жігерінің арқасында орыс тілін үйреніп алады. Жер жыртуды, диірменді басқаруды, етік тігуді меңгереді, бағбандық пен сауданың әліппесін ұғынады. Мұның өзі оның ортасы үшін мейлінше сирек кездесетін жәйт еді.
Ақдидар
Нұрсұлтанның анасы Әлжан Назарбаева Қасық ауылында — қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Талапты селосында, Жатқанбай молданың отбасында туған. Анасы Әлжан ақжарқын ,мейірімді, әзілқой мен суырып салып ән айтатын ерекше жан болған. Ол өмір бойы ұжымшарда қатардағы еңбеккер болып жұмыс істеп, үй шаруасымен айналысқан.
Бастаушы: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Тақпақтар:
1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды
Алтың заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың, бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
Бастаушы:Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде
ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
Тақпақ: Іңкәр
Туған тілім-бабам тілі –өз тілім!
Туған тілім-анам тілі өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тіліт-адам тілі-өз тілім!
Бастаушы:1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
Арнұр
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет
Бастаушы:1991жылы қазан айындат ұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғаған.
Ұлбибі
Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Осынау елде бақ табам
Осынау елде шат балам
Мерейін елдің арттырған
Астанам менің – Астанам!
Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
« Күн көзін бұлт баспасын» сұрақ-жауап әдісі тәрбие сағатын аяқтау
ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? –
Еліміздің бас қаласы ?
ҚР тұңғыш Президенті ? ҚР туының авторын ата
ҚР елтаңбасының авторлары ?
Гимнің авторлары ?
Қорытынды:
Ерлан
Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Бақберген
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген