400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, әдебиет сүйер қауым! Бүгінгі «"Фариза - әлем, Фариза - жыр" атты Фариза оқулары атты поэзия кешімізге қош келіпсіздер!


Армысыздар, ардақты көрермендер! Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ елінің мақтанышы, қазақтың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынованың құрметіне арналған «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Шараның мақсаты: студенттерге қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист

Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,  

Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Деген ұлы Абай атамыздың сөздерін көкірегімен түсініп, ұғына білген бірден бір ақын – Фариза Оңғарсынованың туғанына бүгінгі күнде 80 жыл толып отыр.

Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға, қазақ поэзиясының падишасы – Фариза Оңғарсынова.

«Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем,

Сиқыр сырын түсінер тұлға де кем.

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы –ырғақ, әуен.

Поэзия арудай құпиясын ұқтырар жылдап әрең..» деп өзі жырлағандай, жыр құпиясынан бұрын өмір дерегіне көңіл бөле кетсек.

 1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.

Жүргізуші: Фариза – үлкен ақын! Фариза, алдымен, лирик ақын!Ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикасында жатыр. Фариза ғасырдан ғасырға жалғасқан қазақ поэзиясындағы мәңгілік махаббат тақырыбын жырлады. Ал махаббат, сүйіспеншіліктің шалқар шыңы Отанға, туған жерге деген сезім емес пе?

Фариза жырларын оқыған сайын көз алдымызға шыңның басындағы мұңлы шынар және кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді. Фаризаның сирек бақытқа ие болуының ең бастысы тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын, адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы тұңғиық тереңдік пен айна көлдей айқындықтың қос қайнары өткеннің өзек өртер өкініштері мен келер күннің үмітті үздіктірер пәк арманы болса керек. Фариза жырлары- айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхитқа теңеледі.

 

  

Жүргізуші:  бүгінгі Фариза оқуларының шарты:

Фариза шығармаларын кезекпен мәнерлеп жатқа айту. Мәнерлеп  оқуға берілетін ең көп уақыт мөлшері -4 минут


Қазылар  орнықтырар  әділдікті,

Аламанға атой салған сәйгүлікті.

Бүгінгі  Фариза  оқулары  жарысында,

Жеңіске  жетсін  дейміз  нағыз  мықты.

 

Жүргізуші:  – Әділ- қазылар алқасымен  таныс  болыңыздар.


Педагогика ғылымдарының кандидаты: Демеуова Фарида Гановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сулейменова Хазина Какабаевна


Бүгінгі сайыс тұсауын қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің Фариза анамызға арнап жазған үшбу хат өлеңімен ашпақпыз. Ортаға ЭЭО-222 топ студенті Атказин Нурболды шақырамыз.


Жүргізуші:  

Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу- парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Осы кеште Фариза Оңғарсынованың өлендері сіздердің жандарынызды жылытып, жүректеріңізді тербетеді деген ойдамыз.

Бақ пен бабы шыңдалған,

Тілдерінен бал тамған,

Шақырамыз ортаға,

Қырандарды самғаған


Дей келе кезекті сайыскерлерге береміз.




Әділ қазылар сайыс қорытындысын шығарғанша, Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған Қарақат Әбілдинаның орындауында «Ауылымды сағындым» деген әнді ұсынамыз


Сөз кезегі мен құттықтау сөзін әділ қазыларға ұсынамыз


Жүргізуші: Фариза –аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Ол –қоғам қайраткері, халқының ардақтысы. Атаның қаны, ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен өскелең ұрпақ үнемі үлгі алуы қажет.



Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемінде өзіндік орны бар Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі