400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сценарий мақсаты:

1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сценарий дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Тәуелсіздіктің ақ жолы, Қазақтың бақ жолы» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

1-жүргізуші:

-Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздіктің ақ жолы, қазақтың бақ жолы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

-Қазақстан тәуелсіз азат елім,

Кең байтақ қасиетті туған жерім.

Таңдай қағып бар әлем тамсаңатын,

Құдіретіңнен айналдым асыл елім.

2-жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Ол - ел мен жер және ана тіл.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Исатай, Махамбет батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
2-жүргізуші: Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

1-жүргізуші: Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

2-жүргізуші:

Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға  арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

1-жүргізуші: Біз Тәуелсіздікті іздеп, соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік. Біз мың өліп, мың тірілдік. Дегенмен мойымадық. Бүгін де Тәуелсіздік даңғылына түстік.

2-жүргізуші:Ұлттық тарихты білу және оны құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің мызғымас негізі екені сөзсіз. Ендеше, тарихымызға үңіліп көрейік.

Тарих туралы Видиоролик

1-жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған.

Бұл далаға жылап келіп қуанған. – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңші?!

2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады. Күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы бір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1-жүргізуші: Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз – сұрқия саясаттың құрбандары.

2-жүргізуші: Осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары ел бақыты үшін Алашорданы құрған болатын.

Олардың ішінде Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды өкілдері бар еді.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізде төрледі.

2-жүргізуші: Тағы да ел басына күн туды. 1941-1945 жылдар ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланды.

1-жүргізуші:

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

1-жүргізуші: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2-жүргізуші: Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2-жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Көрініс. 9-10-сынып

1-жүргізуші:Желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев және Сәбирадай қыздарымыздың рухына тағзым етіп, еске алу ұлттық парызымыз.

2-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруақ ағалардың ырза болсын. 1 минут үнсіздік.

Видиоролик

1-жүргізуші: Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

1-жүргізуші: Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Президент туралы видиоролик

7. Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн. 
Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең, 
Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын кереген. –дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Омарханова А.М.беріледі.


1-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.

2-жүргізуші:Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз –
тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

Ән: Сақанова Мөлдір

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


2 - жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Би:7-сынып

1-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Ән: Дюсенбаев Дастан Аханұлының орындауында

1 - жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Номер:_____________________________

1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Номер:__________________________________

2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Номер: ___________________________
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Хор: (Барлығы шығады)




1-жүргізуші: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



БЕКІТЕМІН: ______________

Шұңқыркөл №11директоры

Омарханова А.М.











Shape1

Тәуелсіздіктің ақ жолы,

қазақтың бақ жолы











(Мерекелік концерт)









Жауапты: Аязбекова А.Р.

Кесикова Р.Б.

Тексерген: Омарова М.М.

________________











2019-2020 оқу жылы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі