400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Бекітемін:

Балабақша әдіскері: Қалымбетова М


Күні: 21.11.2019 жыл

Тақырыбы: Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі.

Мақсаты: Балаларға сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып - білудегі орны, маңызымен таныстыру. Көз – көру мүшесінің негізгі қызметі екенін анықтау. Көзді дұрыс күте білудің ережесін білу.Көз – көру мүшесінің негізгі қызметі екенін анықтайды. Көзді дұрыс күте білудің ережесін біледі.

Көрнекіліктері: Суреттер, слайд, алма және жуа.

Шаттық шеңбері

Балаларды шаттық шеңберіне жинау. Қол шапалақтау.

Қолдарына алма мен жуа беріледі. Ұстап көреді, иіскеп көреді, дәмін көреді.

Түсіндіру.

Жұмбақ

Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін - бірі көрмейді. (Көз)

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі

Көз туралы не білеміз?

Түсіндіру.

Көз – көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезе тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.





Сауықтыру сәті.

Енді көзге жаттығулар жасап көрейік.

Суреттегідей қалыппен жоғары-төмен қарайсыз.

Сағат тілімен және қарама-қайшы бағытта көзді айналдырамыз.

Көзбен қиғаш сызықтар сызамыз.

Төртбұрыш сызыңыз.

Көзбен доғал сызықтар сызыңыз.

Алдымен көздің жоғарғы жағынан, сосын төмен қарай доғал сызықтар сызу керек. Көзбен төртбұрышты ромб сызамыз.

S әрпін сызамыз.

«Сезім мүшелерін дұрыс тап» ойыны.

Мақсаты: Балалардың сезімін мүшелерінің атын және қандай қызмет атқаратынын үйрету.

Балаларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап берген бала тақтаға жабыстырады.

Пайдалы кеңес көру.

Қорытынды.

Тәрбие сағатты жинақтау мақсатында сұрақтарға жауап алу. Сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап алу арқылы тәрбие сағатты қорытындылау.

1.Көздің атқаратын қызметі

2.Көзді қалай күту керек.

3.Көзді шынықтыру үшін не істеу керек?

4.Балалардың көзіне зиян келтіретін әрекеттер.

Бағалау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі