400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 5 сынып арасында өткізілген ашық тәрбие сағаты. Мақсаты оқушылардың бойына Ұлы, дана тұлғаның өмірбаяны, шығармашылығы, қызметі, аудармалары туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы

«№12 жалпы орта білім беретін мекеме» КММ











Сыныптан тыс іс-шара


Тақырыбы: «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»



Picture 2













Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Отынбаева М.Қ









2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.


І. Видео. (Бастама Абай туралы)


1-Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

2-Жүргізуші:

Құрметті Абай шығармашылығын сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара қош келдіңіздер!

Кешімізді Абай өмірбаянына шолудан бастаймыз!

Абайтегі
Гүлнұр:Қазақ әдебиетінің алтын діңгегі, біртуар тамаша дарынды да ұлы тұлғасы атанған Абай Құнанбаевты ақын, ойшыл, данышпан ретінде білгенімізбен, ол данышпандық қасиетке Абай қалай ие болды деген де сұрақ туындары анық. Ол үшін Абай атамыздың тегіне назар аударалық. Орта жүздің Тобықты Арғын руынан шыққан Олжай батырдың ұрпағынан тараған. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тараса, Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Топай, Торғай тараған. Ырғызбайдан Өскенбай, Үркер, Мырзатай, Жортар болып өнген екен. Өскенбайдың әйелі Зере. Сол арқылы Құнанбайдан тараған тектілік Абайда да сақталды. Шыққан, өскен ортасы өте дәулетті болатын.
Мына көрініске зер салайықшы. Әжесі Зере де қыз күнінде өте бай отбасында тәрбиеленген көрінеді. Шын аты да басқаша еді. Ол ұзатыларда өз руының дәстүрімен күміс әшекейлермен оранып шыққан деседі, тіпті мұрнын тесіп сырға да салған екен. Міне, осындай оқаларды көрген Тобықтының әйелдері «Бұл Зерлі келін болды ғой» дескен екен. Содан оның есімі Зере атанған.

Дамир:Зеренің келін болғаннан кейін көрген түсі жайында айтатын болсақ, бірде Өскенбай түзде жүргенде Зере киіз үйде демалып жатып түс көрген екен. Түсінде атасы Ырғызбай үйге кіріп келе жатады. Қолында үлкен - үлкен үш бірдей қып - қызыл алма екен. Кірген беттен бірден сүріне жаздап, қолындағы алмасының бірін жерге түсіріп алыпты да, екіншісін қалтасына салып қояды. Ал үшіншісін сүртіп келіні Зереге сондай ілтипатпен ұсынған көрінеді. Кейін осы түсі өңінде болғандай өмірге үш нәресте алып келеді. Қызы Тайбала жат жұртқа ұзатылып, көрмей кетіпті. Ұлы Құнанбай өте ақылды, зерек, салмақты болып ерекше өседі. Ал Құттымұханбет үйленер жасқа жеткенде қайтыс болған көрінеді.

Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған. Немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай атанып кеткен.

1-жүргізуші:Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)

Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.

Сахнаға Абай шығады. (Арнұр)

«Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап» өлең жолдарын орындайды.

Ән «Көзімнің қарасы»

2-Жүргізуші:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1-жүргізуші: Ұлы ақын және оның шығармашылығы, кітаптары туралы жалпы шолу жасау үшін ортамызға мектебіміздің кітапханашысы ____________________________________ шақырамыз.

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

  1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

  1. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

  1. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

  1. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

  1. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

  1. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).

  1. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

  1. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)

  1. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

2-Жүргізуші: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

Карина: «Қыс»

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Макпал: «Жазғытұры»

«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күннің кһзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Жұлдыз: «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

1-Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында болды.

2- Жүргізуші: «Гүлдер –ай» би тобы. Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Ендігі кезек жас ақындарымызда. Абай өлеңдерінен үзінді. Қошеметпен қарсы алайық.

Дильназ: «Әсемпаз болма әрнеге»

Димаш: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Макпал: «Ғылым таппай мақтанба»

Саян: «Не верь разным людям» 

Аружан: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Арнұр: «Мен боламын демеңдер»

Наргиз: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Амир: «Жасымда ғылым бар деп ескрмедім»

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар аударыңыздар

2-жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шараны көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол. Қатысушыларға үлкен рахмет!

1-жүргізуші: Жез таңдай әншілеріміздің орындауында ән: «Мен Қазақпын».




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі