400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты.Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Раздольный орта мектебі






СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: «Тапқыр достар»

(интеллектуалдық ойын)





4 «А» сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Онгарбай Жанерке










2015-2016 оқу жылы




Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Мақсаты:

1
. Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, сайыс ұйымдастыру арқылы олардың сырттай оқу жетістіктерін бақылау (CОЖБ) (пәндерден),АКТ-ны дұрыс, орынды қолдана отырып,оқушылардың білімділігін,білімге деген қызығушылығын арттыру, кез-келген жағдайда тығырықтан шыға білуге үйрету;
2.
Дамытушылығы: ой ұшқырлығын, қиялын, жауапкершілігін дамыту;
3.
Тәрбиелілігі: оқушылардың патриоттық сезімін ояту және бауырмалдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, түрлі сурет, әріп бейнеленген жұлдызша.

Күтілетін нәтиже.

1. Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, сайыс ұйымдастырылады, олардың сырттай оқу жетістіктерін бақылау (CОЖБ) мақсатында білімі тексеріледі, АКТ-ны дұрыс, орынды қолданылады ,оқушылардың білімділігі, қызығушылығы артады, кез-келген жағдайда тығырықтан шыға білуге үйренеді;
2. Дамытушылығы: ой ұшқырлығы, қиялы, жауапкершілігі дамиды;
3.
Тәрбиелілігі: оқушылардың патриоттық сезімін оянады және бауырмалдыққа, ауызбіршілікке тәрбиеленеді;

Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды
І. Ұйымдастыру кезеңі
Екі топ көрермендерге өздерін таныстырады,ал мұғалім әділ - қазылар алқасын сайлайды, оларды «Тапқыр достар» сайысының бағдарламасымен таныстыру

I.Тапқыр болсаң тауып көр. 4 пәннен сұрақтар / Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, /

II. «Кубик» ойыны. (Тұлғаларды тану)

III. Алфабиттік сұрақтар /Әріптерге байланысты/

IY.Сөз құрастыру.

Y.Мақал-мәтелдің жалғасын тап.





ІІ. Негізгі бөлім
1.Тапқыр болсаң тауып көр. «Тапқырлық » ойыны Слаид №5 /гиперссылка/

Оқушыларға 4 пән бойынша 20 сұрақ беріледі. Әр топ кезекпен өздері пәнді таңдап, сұрақтарға жауап береді.Әр ұяшықа жазылған ұпай бойынша бағаланады.





Әдебиеттік оқу.

100

1.Автобиографиялық әңгіменің авторы кім? (Ғ. Мүсірепов)

200

2.Тәуелсіздік монументі –өлеңінің авторы? (Күләш Ахметова)

300

3. Жатты да кейде бауыр дер

Жақсы қыз бенен жалынды ер.

Жиын той болса-бәрі ақын,

Жау тисе, түгел-жауынгер.

-Бұл өлең жолының тақырыбын атаңыз!

-Авторы кім? («Алатау» өлеңі. Авторы:Жамбыл Жабаев)


400

4.Монолог деп нені айтады? Мысал келтір.(Әдеби шығармада кейіпкердің өзіне-өзі қарата айтылған, ішкі сырын білдіретін ойы.Мысалы: Менің атым Қожа.)

500

5 .Тізілген таулар бар Жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың.

Дариядай тулап аққан судың –Авторы: Жамбыл. «Алатау»

Қазақ тілі

100

1.Не істеді? Не қылды?Қайтті? сұрағына жауап беретін сөздер?(Етістік)

200

2. Есімдік дегеніміз не? ( Есімдік-сөз табы. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз. Мысалы: мен, сен, ол ,ешбір т.б)

300

3. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

(Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтыуын дыбыс үндестігі деп атайды. Мысалы: аспаптар, ескектер)

400


4.Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.

(7 септік бар. Олар:

Атау: кім? не? кімдер? нелер?

Ілік: кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?

Барыс: кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда?

Табыс: кімді? нені? кімдерді? нелерді?

Жатыс: кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда?

Шығыс: кіммен? неден? кімдерден? нелерден? қайдан?

Көмектес: кіммен? немен? кімдермен? нелермен? )

500

5.Етістіктің жіктелуі деген не? Неше жақ бар?

(Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атайды. Үш жақ бар )



Дүниетену.

100

1.Ауа қабатында жанған аспан денелерінің сынықтары?(Меториттер)

200

2. Түнде бағытты анықтауға болатын жұлдыз.(Темірқазық)

300

3.Жел деп нені айтамыз? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды )

400

4.Ауаның 21 пайызы құрайтын газ.(Азот)

500

5. Шипалы судың атауы?(Арасан)


Математика

100

1. Жылыжайда 2т қызанақ өсірілді. Оның 569кг базарға жіберілді,қалғандары әр жәшікке 27 кг-нан

салынды. Қызанақтарды салу үшін неше жәшік қажет болды?

(2т=2000кг

2000кг -569кг=1431 кг

1431кг/ 27=53

Жауабы: Қызанақты салу үшін 53 жәшік қажет болды. )

200

2.Палетка деген не? (Палетканың көмегімен фигураның ауданын табады.

S=n+m:2)

300

3. Есепте.

23957*2+70020-4679 (Жауабы:113255)

400

4.Теңдеуді шеш. 70902+x*2=95000 (Жауабы: 12049)

500

5.Есепті шығар.

Болат пен Жарқын бір уақытта үйлерінен шығып, стадионға бет алды.Олардың үйлерінің арасы 200метр.

Болат Жарқынға қарағанда алыс тұрады, оның жылдамдығы 175м/мин. Егер Болат Жарқынды

2 минуттан кейін қуып жеткен болса, онда қандай жылдамдықпен жүрген? U=? м/мин Формуланы анықта.( Жауабы: Формула: U қуып жету = U 1-U 2 U=75 м/мин )





2. «Кубик» ойыны «Тұлғаларды тану» Әр дұрыс сұраққа 10 ұпай беріледі. Слаид №6 /гиперссылка/

Сұрақтары:

1.Саяхатшы-ғалым( Ш.Уәлиханов)

2.Қазақтың балуаны(Қажымұқан Мұңайтпасов)

3.Атақты күрішші кім?(Ыбырай Жақаев)

4.Атақты тарышы?(Шығанақ ата)

5. «Желаяқ» деп кімді айтқан?(Ғұсман аға)

6.1916жылғы Ұлт-азаттық қозғалыстың ұйымдастырушысы?(Амангелді Иманов)

7. «Үш бақытым» өлеңінің авторы?(Мұқағали Мақатаев)

8.Геолог-ғалым кім? (Қаныш Сәтбаев)

9. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбаев)

10.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубакиров)

11. Тұңғыш ағартушы ғалым ..(Ы.Алтынсарин).

12. Тұңғыш хрестоматия жазған –(Ы.Алтынсарин)

13. «Абай жолы» атты роман-эпопеясы арқылы қазақ елін әлемге танытқан жазушыны атаңыз...(М.Әуезов)

Бұл роман дүниежүзі халықтарының отыз тілінде аударылды.

14.Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр, жазушы, Көкшетау қаласының тумасы кім?(Мәлік Ғабдуллин)

15. Күй атасы-(Құрманғазы)

16.Қазақ әйел затынан шыққан асқан домбырашыны атаңыз...(Дина Нұрпейісова)

17. Сал –серіні атаңдар... (Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан сал,Сәкен... )

18. «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» деген нақыл сөздің авторы?(Абай)

19.Қазақтың танымал суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

20.Ең алғаш көмірді тапқанкім?(Аппақ Байжанов)

21. Атақты қазақтың биші қызы?(Шара Жиенқұлова)

22.Атақты шешендерді ата...( Сырым шешен, Жиренше шешен, )

23. «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторы кім?(Тәуке хан)

24.Үш биді атаңыз...(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

25. Вальс королі-(Шәмші Қалдаяқов)

26. Тоқсан жастағы тарлан(Кенен Әзірбаев)

3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Алфавиттік сұрақтар. Көрсетілген әріптерден басталған сөздер айту. Әр дұрыс сұраққа 10 ұпай беріледі

1-топқа

А
1. Досың кім?
2. Күнделігіңді уақытылы толтырылады ма?
3. Сыныпқа қандай үлес қостың?

Т
4. Қандай пән ұнайды?
5. Бос уақытыңда немен айналысасың?
6. Өлең жаттайсың ба?

М
7. Бантикті кім тағады?
8. Сабақты жақсы оқисың ба?
9. Нешедесің?
10. Мұғалім болсаң не істейсің?

3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Алфавиттік сұрақтар.

2 топқа.

А
1. Көп сөйлейтін кім?
2. Алма қайда өседі?
3. Болашақта кім болғың келеді?
Т

4. Досыңыздың аты кім?
5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
6. Қазақстанның табиғи байлығы не?
Б

7. Олимпиада чемпионы болғың келе ме?
8. Қай түсті ұнатасыз?
9. Тағамдардың атын ата.
10. Әдемі қыз көріп тұрсыз ба?




4. Сөз құрастыру («сүтқоректілер» сөзінен әртүрлі сөз шығару)
5 . Ойлан тап ( мақал - мәтел жалғастыру.) Әр топ алдын-ала дайындап келген мақал-мәтелдің жалғасын тапқызады.

1 топ.

  1. Еңбек етсең...(емерсің)

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ... .(ұлтан бол)

3.Тұлпар түбін табады.

Жақсы адам ... .(елін табады)

4. Су ішкен ... .(құдығыңа түкірме)

5. Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап ...(бала өсер).

2 топ.


1. Отын олжа, су ... .(қорлық)

2. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың ... .(жаны тәтті)

3. Өтіріктің құйрығы,

Бір –ақ ... .(тұтам)

4. Қарыз, қарызды беру... .(парыз)

5. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың ... .(жағасы бар)




ІІІ. Қорытынды:
Әділ қазылар алқасы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың қатысуын айтып өтіп, жеңіске жеткен топ мүшелерін марапаттап, мадақтау қағазын берді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі