400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды бағдаршам, жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру. Көшеде жүру ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аягөз қаллық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның тәрбиешілері Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы


Ашық тәрбие сағаты «Бағдаршам және мен»



Мақсаты: Балаларды бағдаршам, жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру. Көшеде жүру ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Жауапкершілік сезімдерін дамыту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, қауіпсіздікке тәрбиелеу. Сұраққа  толық  сөйлеммен  жауап  беруге  дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.слайд видео.
Көрнекілігі:  Жол белгілері, көше макеті, бағдаршам, алдын ала әзірленген киімдер, ойыншық, интерактивті тақта. машиналар.

Сөздік жұмыс: Қызыл, сары, жасыл; 

Өтілу барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ғажайып сәті.

Телефон шырылдайды. Топқа  «Полиция» кіреді.
 Полиция: Сәлеметсіңдерме балалар?

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа кім келді?

Полиция: -Балалалр мен сендерге жолда жүру ережесі және бағдаршам туралы қызықты видио алып келдім.

II.    Негізгі бөлімі.

Бағдаршам жол белгілерімен таныстыру  видео слайд арқылы.

Балалар Тимур өзінің достарымен апасының үйіне бармақшы. Бұл балалар жолда жүру ережесін біледі екен, сондықтан олар жолдан өтуге дайын, ал сендер жолда жүру ережесін білесіңдерме. Мына балалардың алдында жаяу жүргіншілердің белгісі тұр. Қараңдаршы мына белгінің қайсысы жолдан өту белгісі?

Бағдаршам ол біздің жолдан өтуге көмектесетін көмекшіміз.

Бағдаршам өзінің әр түрлі түстерінің көмегімен жолдан өтуге болатыны туралы айтып тұрады. Оның түстері қызыл, сары, жасыл.

Жолдан өтер кезде қызыл түсті адам бейнесі шықса жолдан өтуге болмайды.

Жасыл түсті адамның бейнесі шықса өтуге болады.

Балалар естеріңе сақтаңдар жасыл түс қауіпсіз, ал қызыл түс өте қауіпті.

Ал енді бір ойын ойнайық: «Бағдаршам».

Бағдаршамның бірінші түсі қандай?

Екінші түсі қандай?

Үшінші түсі қандай?

Ал мына екінші бағдаршамда неше түс бар?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде жолдан өтуге болады?

Қызыл түс жанған кезде не істейміз?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде машина жүрмейді?

Бағдаршамның қай түсі жанған кезде машина қозғалып жүреді?

Жаяу жүргіншілердің белгісін көрген кезде ғана жолдан өт.

Мына суреттен балалардың дұрыс жасап тұрғанын көрсет?

Ал,  енді  балалар сендер « Жолда  жүру  ережесін»  білесіңдер, мен осы ережені сендер қалай түсінгендеріңді тексерейін.

Бауырсақ жолда келе жатады, алдынан қоян шығады,

- Бауырсақ бауырсақ мені мына жолдан өткізіп жіберші?

-Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң өткіземін.

- Маған бағдаршамды құрастырып бер,

Қоян бағдаршамды құрастырып береді. Бауырсақ қоянды жолдан өткізіп жібереді.

Әрі қарай домалап кетеді. Келе жатса алдынан қасқыр шығады. Бауырсақ бауырсақ мен қалаға келіп адасып кеттім, маған орманға баратын жолды көрсетесіңбе?

- Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң көрсетем.

- Бағдаршамның қай түсі жанған кезде жолдан өтуге болады?

- Қасқыр белгіні көсетеді, бауырсақ қасқырды орманға қарай баратын жолды көрсетіп береді.

Бауырсақ ары қарай жүгіріп келе жатады, алдынан аю шығады мен осы жерде доппен ойнап жүр едім добым домалап жолға шығып кетті, енді қалай аларымды білмей тұрмын.

  • Бауырсақ сен менің тапсырмамды орындасаң добыңды алып беремін.

Қай түс жанған кезде жолдан өтуге болмайды?

Аю тапсырманы орындайды, бауырсақ аюдың добын алып береді. Доппен жолда ойнауға болмайды, машиналар тоқтай алмай қағып кетуі мүмкін.

Бауырсақ жүгіріп келе жатады алдынан түлкі шығады.

  • Түлкі бауырсақ бауырсақ маған маған балабақшаға баратын жолды көрсетші?

  • Бауырсақ менің тапсырмамды орындасаң көмектесем.

  • Мына марблс тастарын түстеріне қарай бағдаршамға орналастыр?

Түлкі жол белгісін айтып береді.

Бауырсақ түлкіге балабақшаға баратын жолды көрсетеді.

Полиция: Бауырсақ сен бәрін біледі екенсің, рахмет саған, жануарларға көмектескенің үшін. Барлығына рахмет айтып қоштасып шығып кетеді.

Флеш моб «Бағдашам биі»

  1. Қорытынды.

1. Балалар бүгін немен таныстык

2. Жолдан қалай өту керек екен?

3. Бағдаршамның қандай пайдасы бар?

- Балалар,  осы «Жолда  жүру» ережесін  естеріңе сақтандар, ұмытпандар!

«Жол  жүру  ережесін!», өмірімізді сақтау  үшін керек, соны біліңдер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі