400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік- әліппесі

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз-өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Типі: өнеге сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, ой бөлісу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар , шарлар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап алайық!

-Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік – әліппесі! Хош келдіңіздер!

- Олай болса видеороликтер көріп алайық.

-Оқушылар пікірлерін айтады.

- Олай болса , әдептілік деген не?

- Әдепті бала қандай болу керек?




















-Әдептілік туралы қандай мақал-мәтелдер, тақпақтар, тыйым сөздер білесіңдер?

І-ші топ: Әдептілік жайлы тақпақтар.

ІІ-ші топ: Әдептілік жайлы мақал-мәтелдер.

ІІІ-ші топ: Әдептілік жайлы тыйым сөздер.

І-ші топ:

1.Атам менің әрқашан,

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.


2. Атам менің әрқашан,

Бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда,

Қаншама дос бауыр бар.


3. Атам менің әрқашан,

Мейірімді бол деген,

Ақыл сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.


4.Атам менің әрқашан,

Ынтымақшыл бол дейтін,

Бірлік болса адамда,

Шын бақыт қой ол дейтін.


5. Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де

6.


ІІ-ші топ:

Дамир:

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

Әдеп басы – тіл.

Аружан:

Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

Дидарбек:

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Айнұр:

Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.

Гүлнұр:

Әдепсіз өскен адамнан,

Тәртіппен өскен тал жақсмы.

Жадыра:

Аға әдепті бролса, іні әдепті,

Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.



ІІІ-ші топ:

Ұлжалғас:

Үлкеннің алдын кеспе.

Үлкеннің сөзін бөлме.

Мағжан:

Анаңа ауыр сөз айтпа.

Табалдырықта тұрма.

Аиаулым: Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе.

Бүйіріңді таянба.

Кәусар: Түнде тырнағыңды алма.

Қолыңды төбеңе қойма.

«Сиқырлы сөздер әлемі»

  • Балалар, біз «сиқырлы сөздер әлеміне» келдік. Бізге әдептілік патшалығының ханшайымы келіпті

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Сәлеметсіз бе, ханшайым!

  • Балалар, мен әдептілік патшалығынан келдім.Сол елдің ханшайымымын.Біздің елдің тұрғындары бір-біріне тек «сіз» деп қана сөйлеседі. Қазір сендерге суреттер таратамын. Сол көрініске: рахмет, кешіріңіз,рұқсат па,көмектесейін деген сөздерді пайдаланып, мысалдар келтіріңдер.

«Не деу керек?» әнін орындау.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

Хормен: Рахмет, апа деу керек!

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сенде шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

Хормен: Кешіріңіз деу керек!

Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың,

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен деуді?

Хормен: Сәлеметсің бе деу керек!

Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.
























Динара: Айнұр:

Алдымыздан кезіккен, Әдептілік дегенің

Көп танысты көреміз. Әрқашанда керегің

Бәріне де ізетпен, Әсемпаздық дегенің

Біздер сәлем береміз. Әуре сарсаң әлегің



Саян: Т.Аиаулым

Атам маған әмандә, Атамыз біздің панамыз

Әдепті бол деген Атамыз біздің данамыз

Ата сөзі санамда, Атадан ақыл аламыз,

Жүрем тура жолменен. Атадан адам боламыз



Дамир: Дидарбек:

Ата-ананың тілегі, Сәлем -сөздің анасы

Адам болып өскені. Сәлем- сөздің сарасы

Адамдықтың белгісі Сәлемдесер үлкенге

Адам болып өскенің Қазақтың әр баласы



Жасұлан: Жадыра:

Кім үлкенді тыңдаса, Сәлем -сөздің анасы

Кім үлкенді сыйласа Білгені жөн әр қазақтың баласы

Үлкен болған кезінде «Үлкенмен де, кішімен де,

Сыйлы болмақ өзі де.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі