Ашық тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз

Мақсаты:
а) Оқушыларды еліміздің
тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) Оқушыларды Қазақстанның болашағы жайлы болжап, өздерінің тигізер пайдасы жайлы әңгімелету
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ұғады, жеткен жетістіктерінен мағлұмат алады, Қазақстанның болашағын көз алдарына елестете отыра, болашақта еліне тигізер пайдасы жайлы әңгімелейді.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, плакат, буклет, үлестірме материалдар

Сабақтың барысы:
1.Кіріспе бөлім Жағымды ахуал туғызу:

-Балалар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды сиқырлы конверттерді таратудан бастайын деп тұрмын. Әр топ алған конвертті ашып, ішіндегі қиықтардан сурет құрап, қағазға жапсырады.

Барлық топтарда жүрек шықты. Енді біз бір-бірімізге шын жүрегімізбен жақсылық тілейік, күлімдейік.

-Жүрек не үшін керек?

-Иа, жүрекпен адамдар аналарын, әкелерін, отбасы мүшелерін жақсы көреді, ал біз бүгін өз Отанымызға деген махаббатымыз жайлы әңгімелемекшіміз. Себебі алдымызда үлкен мереке келе жатыр.


2.Негізгі бөлім

- Бұл мереке жайлы не білесіңдер?

  • Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
    Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бану:
Көк аспанда тулардың

Желбірейтін күні бұл!

Амина:

Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні бұл!

Арсен:

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл!

Сұлтанәли:

Менің ана тілімнің

Жаңа ашылған күні бұл!

Амина Б:

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні бұл

Қанағат:

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл
Аяна:

Дүбірлетсін өңірді

Дүрілдетсін дүлдүлі,

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

Хормен:

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

-Ал сол тәуелсіздік, егеменді сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

-Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

«Фрейер» моделімен жұмыс

Тәуелсіз Мағыналас сөз



Толық мағынасы Сөйлем


Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. 

«Жылдар жаңғырығы»

Батырхан:

1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы кеңестің бірінші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.

Батыр:

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады.

Аяна:

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарға Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік туын және Әнұранын бекітті.

Нұрай:

1992 жылдың 8 мамырында Президент «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Отанды қорғау үшін Қарулы күштер – әскер ұйымдастырылды.

Аңсар:

1992 жылы 1 қазанда Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

:

1993 жылдың 15 қарашасында Төл теңгеміз дүниеге келді.

Амирхан:

  1. жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.

Әмір:

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.

Арайлым:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.

Хормен:

Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,

О,халайық, құтты болсын қуаныш!


Ән : «_________________» орындайтын: Аяна,Аңсар,Іңкәр

Амирхан Батырхан,Іңкәр,Дәулет,Арайлым,Алихан,Айза,Анель


Топтық жұмыс:

Енді «Сөздер банкісі» ойынын ойнайық. Ол үшін топтарға әртүрлі сөздер беріледі. Сол сөздердің ішінен Қазақстанның 25 жылдығына қатыстыларын теріп алу қажет.
Тәуелсіздік Елтаңба Әнұран Ту Шаңырақ Президент Астана Ата Заң Теңге Тоқтар Әубәкіров Назарбаев 26 жыл 16 желтоқсан Ресей Путин Соғыс жамандық аштық бүркіт барыс


  • Дұрыс, балалар. Міне біздің халқымыздың 26 жылда жеткен жетістіктерінің біразы осындай. Енді елімізді ары қарай дамытатын, биікке самғататын сендерсіңдер. XXI ғасыр-Білім ғасыры.Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. Біз гүлденген Қазақстанға өз білімімізбен үлес қосуымыз керек.

Тақпақ

3.Қорытынды бөлім

Әр топ өздері сабақ басында құраған жүректеріне Қазақстанға деген тілектерін жазып, тақтаға іледі.


Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Яғни өз отбасыңды, мектебіңді, достарыңды сыйлаудан, жақсы көруден басталады. Сендер мектеп ережелерін қатаң ұстап, ұстаздардың берген білімдерін миыңа сіңіре білсең, ата-анаңды сыйласаң, Отанның дамуына қосқан үлесім деп біліңдер.

Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.



Хор: «Туған жер», «Отаным-Қазақстаным»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2020
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі