Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әжелер мен немере

 

  • 11 сәуір 2013

 

  • 22552

 

  • 0

  • 0

































































Тақырыбы: «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»

Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.

1 - жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере тойы басталмақшы,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,
Қалайша мұны біз бекер дейміз.
Ұстаздар құтты болсын, ару тойы!
Әжелер, аналар құтты болсын мерекеңіз!
1 - жүргізуші: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2 - жүргізуші: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

1 - жүргізуші: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
2 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
1 сынып оқушысы: Бүркітова Амина мен Қырмызы әже
1 сынып оқушысы: Қалдыбай Диас пен Света әже
2 сынып оқушысы: Гимран Наз бен әже
2 сынып оқушысы: Мурат Фариза мен әже
3,4 сынып оқушылары: Әлихан мен Дәнелхан Зәрует әже
3,4 сынып оқушылары: Рысқали Саят пен Рысқали Райымбек Жұмасұлу әжесімен

4-сынып оқушысы: Серикова Асем мен Алтын әжесіменқарсы алайық,кәне бәріміз!!! Ду –ду шапалақ....
Мерекелік думанның беташар сөзін мектеп директоры Еркетлеуова Гульмира Жолайқызына береміз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
3. «Білгенге маржан»
Әжелерге – салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтар.

4.Өнер ағып жатқан бұлақ.

5. «Кім көп біледі?» (Бұл кезеңде сөздерді орысша-ағылшын тілінде аудару.)

2 - жүргізуші: Әділдікпен баға берер ортада,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нағыз Әже таңдап бүгін алуға.
Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

Еркетлеуова Г.Ж. - мектеп директоры

Джумаева А.М. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенов Тойлаш апа - ата - ана
1 - жүргізуші: Кішкентай арулар мен әжелер де келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға. Енді сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өздеріңізде.

1,2,3 балымен есептеледі.

2 -Жүргізуші:Келесі кезеңіміз: Үй тапсырмасына кезек береміз.

1 - жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,
Зерделі ой зейінді қызды сынар
«Білгенге - маржан» кезеңінде әжелер қазақтың салт – дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап береді.

Әжелерге берілетін сұрақтар:
1 - сұрақ. Сүйінші- қазақтың салт - дәстүрінің бірі. Мағынасын түсіндіріңіз.

(Нәрестенің дүниеге келгеніне қуану,сүйінші сұрау.)

2 - сұрақ. Қазақтың әдет-ғұрпының бірі – балаға ат қою.Мағынасын түсіндіріп беріңіз.

3 - сұрақ. Тұсау кесер деген әдет - ғұрыптың мағынасын түсіндіріңіз.

4 - сұрақ. Шілдехана деген әдет – ғұрып бар. Мағынасын ашыңыз.

5 - сұрақ. Базарлық деген не?

6 - сұрақ. Бесікке салу деген салт - дәстүрдің мағынасын түсіндіріңіз.





2 - жүргізуші: Асыл сөздің атасы,
Ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
«Өнер - өнерліге ғана оңай»- деп атамыз қазақ айтқандай, сайысымыздың «Өнер - ағып жатқан бұлақ» кезеңіне кезек те келіп жеттік.
Әр кластан келген немере мен әже өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші: Келесі кезең «Кім көп біледі?» кезеңіне де келіп жеттік.

Алма-яблоко-appil

Кітап-книга-book

Қалам-ручка-pen

Мысық-кошка-cat

Бір-один-one

Екі-два-two

1 - жүргізуші: Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Көрермендер орындауы: «Асыл әжем» әні. Қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!
1 - жүргізуші: Данышпан Әжем менің жаның таза,
Мейріммен сөзін айтқан күн шуақта.
Білімді, қайдан жидың парасатты,
Өзіңдей ақыл айтқан Сократ та.
Құрметті қонақтар, әжелер мен кішкентай бүлдіршіндер! «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайыс өз мәресіне де жақындады. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.
2 - жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ. Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ.
1 - жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізден алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.























































































































































Бекітемін:

Мектеп директоры: Г.Ж.Еркетлеуова







«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І жарты жылдық бойынша өткізілетін ашық тәрбие сағаттар кестесі



Р/С

Тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі

Жауапты мұғалім

1

«Әдептілік әлемінде

1

27.11.2017 жыл

А.Мүтиева

2

«Әжелер көңілдің ажары,Немере-өмірдің базары»

2

11.09.2017 жыл

Л.Рамазанова

3

«Кітап-сарқылмас қазына»

3

19.12.2017 жыл

А.Кушаева

4

«Сақтықта-қорлық жоқ»

4

18.12.2017 жыл

А.Файзулина

5

«Елін сүйген-Елбасы!!!»

5

27.11.2017 жыл

Н.Темирбеков

6

«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»

6

25.09.2017

А.Актамгалиева

7

«Денсаулық -зор байлық»

7

18.12.2017 жыл

А.Тналиева

8

«Қазақ халқының ұмытылмас салт-дәстүрлері»

8

20.11.2017 жыл

Б.Батырова

9

«Кітап-рухани байлық, жан азығы»

9

13.11.2017 жыл

А.Гайсиев









Сынып бірлестік жетекшісі: Л.К.Рамазанова



















Тәрбие сағаты тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.

Сабақтың барысы:
Жоспары
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?

- Кірқоймас.
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.

2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12