Кештің тақырыбы: Елбасы-ел тірегі
Мақсаты:
а)1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
б)Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
в)Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кештің тақырыбы,газет,сөзжұмбақ.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар!1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елбасы- ел тірегі» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
«Миға шабуыл»
оқушыларға
сұрақтар қойылады.
- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7%
дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.
- Соңғы
сайлау қай жылы өтті?
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95, 5
процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
1 -
оқушы:
Мақпал
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған. Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
2 -
оқушы:Ақерке
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
3 –
оқушы:
Нұргүл
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1995
жылдың 29
сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.1999
жылдың 10
қаңтарында
өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78
процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.2005
жылдың 4
желтоқсанында
сайлаушылардың
91,
5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
4
– оқушы:
Жангелді
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
5 - оқушы: Ринат
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
6 -
оқушы:Ясмин
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,
дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
7
– оқушы:Рәзбан
Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
«Елім менің» әні хор.
8– оқушы:Мақпал
Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны
жоқ,
бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
9
- оқушы:
Дидар
1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән
«Астана» орындайтын Рәзбан
10 -
оқушы:
Айгүл
11
– оқушы:Дана
12-оқушы:
Айдана
Елбасыммен мен бүгін
мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып
шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткөл дүние әлемін сілкіндіріп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін.
13-оқушы Айым
Елбасым, ер жүректі, ер
мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге,
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасшысы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым,
Қақтырған талай дүниенің таңдайын.
Мен мақтанам Елбасыммен әрдайым.
Ән «Туған жер»
орындайтын Қыздар тобы
14 -
оқушы:Санат
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
15
- оқушы:
Ақбота
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
16- оқушы:Жұлдыз
Нұрсылтанды тудырған, заманалар Желтоқсан жел.
Ұл мен қыз Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады
17-
оқушы:
Еркебұлан
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
18-
оқушы:
Айгүл
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетм.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
19-оқушы:Айым
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
20- оқушы:
Қанағат
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
21-
оқушы:
Ақерке
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Би «Қара жорға»
22 -
оқушы:
Берік
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
23- оқушы: Дана
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Ән
«Көк тудың желбірегені» орындайтын Рәзбан,
Еркебұлан
Қорытынды.
Мұғалім: «Еліңнің ұлы болсаң,еліне
жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз
мемлекеттің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек
ет. Жердің де,елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа! »деп Нұрсұлтан
Назарбаев сөзімен бүгінгі кешімізді
аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз