400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Қарымсақ орта мектебі»КММ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі

Аймак Лайла

«Рақмет саған, Әліппе!»

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.

Жүргізуші мұғалім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Рақмет саған, Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен«Рақмет саған, Әліппе!»

атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік. 

Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппеге»өз өнерімізді және әнімізді арнайық.

Әліппе: (Әліппе әнін айтады)

Мұғалім: Тақпақ оқудан алдына жан салмайтын 1- сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Әліппеге арналған тақпақтар:

1. Жайық

Ана тілім, арымсың,

Саған жетер барым шын.

Жүрегімнің үні боп,

Жанымда әрдайымсың.



2. Айгерім :

Ана тілім – асылым,

Сенен нәр алып, тасындым.

Жырларыңмен, сөздеріңмен,

Жарыққа мен жол аштым.

Дария :

Әріптерді үйретер,

Әліппе – білім бастауы.

Оқып, жазып үйретер,

Болашақтың қас-қағы.



Марьям :

Ана тілдің сөздерін,

Әліппеден бастадым.

Әріптерді тізбектеп,

Оқу жолын аштым.



*Хамит :

Әріптерді тізбектеп,

Оқытады Әліппе.

Оқимын да білемін,

Ғылым, білім – бәрі де.



Кәусар:

Әліппемен достасам,

Әріптердің сырын біл.

Жаңа әлемге жол ашар,

Әліппе – сенің алтын кілтің.



Алдияр

Әліппе менің ақылшым,

Әр әріпті танытқан.

Әлем сырын аштырған,

Сенім болған жақыннан

Раян:

Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең

Том-том болған кітаптың

Басы болған әліппем

Жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша! Біз сіздердей оқушыларымен мақтанамыз.

Мұғалім: Әсем би-жанның шуағы демекші алдарыңызда 1- сынып оқушылардың «Әліппе» биі қарсы алыңыздар.

Би: «Әліппе»

Мұғалім: Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болыпты.

Ендеше мына бір тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңдерші

  1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 
    4. У дыбысы қандай дыбыс? 
    (Дауысты да, дауыссыз да) 
    5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата 
    (ю,я,ё) 
    Дыбыстар неше түрі бар?

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

  1. Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  2. Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  3. Сөз неден құралады? 
    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 


Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекті биге берейік. Алдарыңызда 1-сынып оқушысы Дәуіт Дария . Өзбек биімен.



Мұғалім:

- Рақмет, Дария!

Мұғалім: Жұмбақ- ақылдың азығы

Шешкеннің табылар қазығы дегендей балаларымыз сіздерге арнап жұмбақ жасырыпты, ендеше тыңдайық!

Мүғалім: Жарайсыңдар , балалар!

Мұғалім: Бірлік пен татулық-жеңістің бастамасы, ата-ана мен бала-ынтымақтың айнасы дегендей келесі кезекті ойынға берсек.

Мұғалім: Жарайсыздар!

Келесі кезекте мақал-мәтел айтып жарысайық, кім көп мақал-мәтел біледі?

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!

Әнші қыздарыңыз Адамова Марьям, қарсы алыңыздар!

Міне, біз әліппені аяқтадық. Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

Әсем биге кезек берсек.

Би: «Қара жорға» 1-сынып оқушысы Әнуаржан Айгерім


Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Мынау -Ана тілі.

Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер. Сіздерге ана тілін табыстауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:

Осымен«Рақмет саған, Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Рұқсат. Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде диплом табыстау үшін мектеп директоры Балгимбаева Галия Ысқаққызын шақырамыз. 

Диплом тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
 





































Shape1





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.11.2025
72
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі