Сабақтың тақырыбы: Көктем аруы
қыздар арасында байқау.
Мақсаты:Қыз баланың жан
дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз
тәрбилеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа,
ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз – елдің көркі» ұлттық киімді қыздардың среттері, «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал – мәтелдер, қанатты сөздер.
1 - жүргзуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
2 – жргізуші:
«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – «ана».
Мыржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Ендеше бүгінгі сайысымыз – АНА деген ардақты жанның құрметіне арналады.
1 - жүргзуші:
Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.
2 – жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар және ару қыздарымыз, қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Ана – өмір тірегі» атты аналар мен қыздарымыздың сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Олай болса, Тоғжан бүгінгі «Ана – өмір тірегі» атты аналар мен қыздарымыздың сайысын ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
1 - жүргізуші:
Мың
бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) Аяжан қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) Інжу қызымыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) Назерке
біздің елгезек
Алады тез тіліңді.
4) Ақша бетті Айша
(Тұрсынбекова)
Ұқсайды хор қызына
5) Айшамыз келеді үлбіреп, (Айтмукашова)
Қос жанары мөлдіреп
6) Шұғыламыз
шығады
Бұрымдары желбіреп.
7) Атыңнан айналайын Айша деген,
Болашақта жандырар үміт отты.
8) 1 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Кәусар өнерлі қызымыз.
Ендігі кезекте аналарымыз қоржынның ішінен
сандар жазылған жетондарды алып, сол ретпен өз өнерлерің
көрсетеді.
2 -
жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1 –
жүргізуші:
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап
өтейін.
1 – тур.
«Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару
өзін - өзі таныстырады. (5
мин)
2 - тур.
«Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін
көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би,
мәнерлеп оқу).
3 - тур.
«Қол өнер», яғни қыз баланың анасынан үйреніп,
бірлесіп жасаған бұйымы
4 -
тур. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін
көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
5 - тур.
«Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
6 – тур. «Ас – адамның арқауы» деп аталады.
7 – тур. «Сән үлгісі»
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздары -
мыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға
баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
2 –
жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті
танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін
таныстыруды бастасын. Ендеше І тур
таныстыру.
1 – жүргізуші:
2 тур: Өз
өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
«Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық
өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу, ертегіден
үзінді).
3 – тур. «Қол өнер», ару қыздарымыз бен аналарына берілген тапсырма
«Шеберлік» деп аталады. Қыз баланың анасынан үйреніп, бірлесіп
жасаған бұйымы
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата – баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерің көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Кезекті үйден дайындап алып келген бұйымдарын көрсетіп,
таныстыруға береміз.
4 - тур: «Кім
жылдам»
(Әр топ мүшелері
өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
5 тур: «Сұрақ -
жауап»
Ақылдылық қыздарға
жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға
жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап
берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам
(құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес,
өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі
жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер
(желатин)
6. Анаңның анасы кім болады? (Нағашы апа)
7. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б.
қалай аталады? (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті - кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек?
(түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын
машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
6 – тур. «Ас – адамның арқауы» деп аталады. Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағандығын айтып қорғайды.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың өнерің тамашалайық
Ән шашу: ТұрсынбековаТоғжанның орындауыңда «Ана» әнің қабыл алыңыздар!
7 - тур: Сәндік үлгілері
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгілері.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысы- мыз
да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын
есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп
көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Қорытынды: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»
демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген
оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Сөз кезегін
-------------------
Би билеп ән мен күй де аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға береміз.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер
көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан аналарымызбен қыздарымызға және
көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға
белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі
кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты 1 сынып 8 наурыз "Көктем аруы" қыздар арасында байқау

шағым қалдыра аласыз