Жамбыл облысы, Шу
ауданы
Бірлікүстем
ауылы
«Домалақ ене» атындағы орта
мектеп
Ашық оқу қызметінің
тақырыбы:
«Ой мен
ойла»
Сынып жетекшісі:
Кайрамбаева Женисгуль Смайловна
Тақырыбы: «Ой мен
ойла»
Мақсаты: балалардың әр салада
білімдерін кеңейту. Білім деңгейін шығармашылық ізденісін байқау.
Ойы жүйрік танымдық деңгейі жоғары балалардың дарынын ашу. Жарыста
жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту.
Сұраққа толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін
жетілдіру.
Көрнекі
құралдар: сұрақтар, балдық жүйе шарлар,
мадақтамалар
Әдіс –
тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап, баяндау,
ой қозғау, түсіндіру, үйрету.
Барысы:
1.жүргізуші: бәйгеге түсіп
жарыспай
Жүйріктің бағы жанар
ма
Білім мен өнер
жарысып
Тәрбие тәлім табар
мән
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол
алда
Қайсар
Талшын: болашақта адам жанының арашасы
ақ халатты абзал жан дәрігер болғысы
келеді
Жетпісбай
Әли: болашақта халқына адал әрі
сапалы қызмет ететін таксит болуды
армандайды.
Серік
Айзере: болашақта елін, жерін барша
әлемге танытатын суретші болуды
армандайды.
Тұрысбаева
Сезім: Қазақстанның халық әншісі
болуды армандайды.
1.Жүргізуші: Мәңгі бақи есте
қалар
Ғажайып бір сайыс
болсын.
Білімдірек шәкірт
озар,
Қиынырақ сұрақ
болсын.
Сейтхан
Нұркелді: келешекте халқына адал қызмет
ететін Қазақстанды атын шығаратын білімдіде білікті президент
болуды армандайды.
Батырхан
Айдын: өскенде тілге шебер, ойға
жүйрік, танымал журналист болуды армайды.
Мейірхан
Мерей: білімді, адал, ойы ұшқыр,
шығармашыл ұстаз болуды армандайды.
Барманқұл
Дария: елін сүйетін, әділ шешім
шығара білетін, білімді сот ісін жүргізуді
армандайды.
2.жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан
танылады,
Зор білім терең ойы
сыналады.
Баға берер қазылар
ортамызда
Сіздерге құрметпен қол
соғылады.
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты
Қазылар орнықтырар
әділдікті.
Білім мен тапқырлардың
сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
Қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Мұғалім: бүгінгі зияткерлік ойынымыз 3
кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бала шығып
отырады.
І кезең «Бәйге» 2 бөлімнен
тұрады. 1 бөлім: «Үй тапсырмасы». 2 бөлім: «Егерде
мен...»
ІІ кезең «Жорға» (Сұрақтарға
жауап беру)
ІІІ кезең «Дода» (жұмбақтарды
шешу)
ІV кезең «Жанкүйерлер»
сайысы.
V кезең жеңімпазды
анықтау.
2.Жүргізуші: Мықты болсаң, алдағыны басып
оз
Мықты болсаң, арттағыға
жеткізбе
Мықты болсаң тайғанама көк
мұзда
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып
өт.
І.«Бәйге» кезеңін
бастаймыз.
І кезең, 1 бөілім «Үй
тапсырмасы»
(мамандық бойынша үйден жаттап
келген өлеңдерді мәнерлеп айту)
2 бөлім: «Егерде
мен...»
ІІ кезең
«Жорға»
«Сұрақтарға жауап
беру»
2
жүргізуші: Сайыскерлер сұраққа
қалайсыздар?
Сендер өтер әліде талай сын
бар,
Тапсырма ал сан қилы, сан
алуан
Дұрыс жауап берсеңдер
жарайсыңдар!
1.ҚР рәміздерін
атау.
2. Тәуелсіздікті қашан
алдық?
3. Киіз үйдің төбесі қалай
аталады?
4. Күз мезгілінің айларын
ата.
5. Дәм сезу
мүшесі?
6. Жер
серігі
7. Шай тәтті болу үшін не
қосылады?
8. Қазақтың үш
биі
9. «Әке мен бала» кімнің
әңгімесі?
10. Қиын сөзіне қарама – қарсы
мағыналы сөз
11. Орнынан қозғалмай жүретін
не?
12. Жер бетіндегі ең ірі
жануар?
13. Ең жоғары спорттық
көрсеткіш?
14. 1 тоннада неше кг
бар?
15. 200 бен 300 сандарының
қосындысын 5 есе кеміт
16. 64 пен 36 сандарының
қосындысы нешеге тең?
17. Ұзындығы 9см, ені 7см
тіктөртбұрыштың ауданы
18. Өсімдіктің мүшелерін
ата
19. Қатаң дауыссыз дыбыстарды
ата
20. Көлемнің өлшем
бірлігі
21. Малшы сөзін сөз құрамына
талда
22. Қасқыр сөзімен мәндес
сөз
23. Жерге жақын орналасқан
жұлдыз
24. Шахталар маңында бос
жыныстан тұратын төбе
ІІІ. «Дода»
кезеңі
Мұнда сендерге жұмбақтар
беріледі, жұмбақтардың шешімін үш тілде айтуларың
қажет.
1.Қабат – қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама
(кітап)
2.Футболшының алаңдағы ойын
заты (доп)
3. Жеті қазынаның бірі, адамды
қорғап жүретін досы (ит)
4. Қалқиып ұзын
құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады.
(қоян)
5. Жұдырықтай ұызыл
шар,
Тілді үйірген шырын бал
(алма)
6. Өзі айлакер , өзі бір
қу
Жүрген жері айқайда шу
(түлкі)
7. Бір қораға
қамалғандар
Жану үшін жаралғандар
(сіріңке)
8. Болсада көкте
мекені
Кездеспейді екеуі ( күн мен
ай)
9. Жылт – жылт еткен, жырадан
өткен (су)
10. Өзі қалып орнында, бізді
алға көшірді. (сынып)
ІV кезең «Жанкүйерлер»
сайысы.
-
«До»
2*2*2*2*2
-
«Ре» 1+3+2+4-2+1+5-3 мәнін
табу
-
«Ми» Қошақаным әнін қозының
дауысымен орындау
-
«Фа» Айгөлек әнін мысықтың
дауысымен айту.
-
«Соль» Батыр туса ел ырысы,
..... (мақалды жалғастыр)
-
«Ля» Бір жануарды қимылмен
келтір
-
«Си» бір өлеңді жатқа
айт
-
«До» бір
жұмбақ