Ашық тәрбие сағаты 3 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Тәрбие сағаты: «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Мақсаты:

Білімділік: Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.

Дамытушылық: Еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулып, Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын дамыту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,
 
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың суреті, мемлекеттік рәміздердің суреттері, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:

Кіріспе.
Мұғалім: - Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім қадамдарыңа гүл бітсін. Білім әлеміне қош келдіңіздер.
Айқара ашқан есігін,
Қайнары білім нұрының.
Мектебің алтын бесігің,
Жылы ұяң, міне сыныбың.
Міне осы сыныпта сендер 4 жыл бойы білім мен тәрбие аласыңдар.

Ал енді Білім күніне арналған алғашқы сабағымызды бастайық. Бүгінгі алғашқы сабағымыздың тақырыбы «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» деп аталады.

Балалар біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан.

  1. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Конституциясы қабылданғаны- на да мінекей 28 жыл толып отыр.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 

Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдер мен өзендерге, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай. Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. 


Ақын – жазушыларымыз
:
Қандай сұлу, қандай көркем,
 
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.



  1. Ал қане балалар, сендер туған жерлерің қалай аталатынын білесіңдер ме ? - Ақай ауылы.

Біз жанымызда тұрған Байқоңыр қаласымен шектесіп жатырмыз.

Байқоңырдан аспанға не ұшырылады ? – Зымырандар.

Алғашқы ғарышқа ұшқан ғарышкер Тоқтар Әубәкіров болса, екінші болып ғарышқа ұшқан Талғат Мұсабаев, одан соң Айдын Айымбетов екенін есімізде сақтайық.
- Міне, осындай тәуелсіз еліміздің сендер сияқты талай бүлдіршіндері бүгін мектеп партасына отырып оқушы атанды.



Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан. – деп жырлаған ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің незігін қалаған Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын оқи отырып,
- Ал сендер мектепке не үшін келдіңдер?
- білім алу үшін, жазу үшін, оқып үйренуге, сурет салуды үйренуге т. б.

Біздің мектебімізде сендер сияқты көптеген шәкірттер тәрбиеленіп, еліміздің өсіп-өнуіне өз үлестерін қосуда.

Мектепте сендердің білім алуларың үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтатын болсақ сыныптан бастап, спорт залы, кітапхана, Акт залы, асхана, шеберхана, компьютер сыныптары жұмыс жасауда. Мектепте оқудан тыс түрлі үйірмелерге қатысуларыңа бар мүмкіндік жасалған.

  1. Ендігі кезекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім бүгінгі Білім күні мерекесімен тағы да құттықтай келе, әрбір бірінші сынып оқушысына ҚР Алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабы дайындалғанын жеткізе отырып, осы кітапты табыстауға мектебіміздің ардагер ұстазы сендер секілді қаншама шәкірттерді тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұстазымыз Шынымова Раушан апайға және осы мектептің білімді де, білікті ҰБТ-дан дайындаған оқушылары жоғары балл иеленіп, жоғарғы оқу орындарында грант иегерлері атанған тарих пәні мұғалімі Перуза Жүгінісова апайларыңа сөз кезегін берейін.

Кітапты оқушыларға табыстау.

  1. Қорытынды.

Мұғалім:
Кешегі бүлдірішіндер, қазіргі мектеп оқушылары сіздер - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектерісіздер. Сондықтан сабақтарыңды жақсы оқып, тәрбиелі де саналы азамат болып өсіп, өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі