Ашық тәрбие сағаты 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы

«Домалақ-ене» атындағы орта мектеп












Shape1

«Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!»







Сынып жетекшісі: Кайрамбаева Женисгуль Смайловна

Сынып: 4 «Ә»













Бекітілді:________________


Өткізілетін күні:24.05.2019ж

Өткізілетін орны:Акт залы

Тақырыбы: «Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!»

Мақсаты: балалардың бастауыш бөлімінде алған білім – білік дағдыларын бекіту. Жоғары бөлімге аттанып бара жатқандарын сезіндіру.

Міндеті:

  1. Балалардың 4 жыл бойын бастауыш бөлімінде алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы көрсету.

  2. Балаларды жоғары бөлімге барғандада тапсырмаларды сыныппен, топпен бірге ұжымдасып орындауға баулу.

  3. Балалардың дүниетанымын, өркениетін, мәдениетін, сөйлеу мәнерін, эстетикалық талғамдарын кеңейту

Әдіс-тәсілдер: ойын, дидактикалық, логикалық тапсырмалар, диалог

Көрнекілік: слайд, плакат, тірек сызба

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті

Музыка ойнап тұрады.

Жарнама арқылы бастау

(видео көрсетіледі. Музыка ойналып, оқушылар залға кіреді)

Вальс биі

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар«Аттанайық балалық - шақтан болашаққа!!!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй – тәй басып аттаған бүлдіршіндер еді. Енді міне бойларыда, ойларыда өсіп, әріп таныған бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғары сыныпқа қадам басқалы отыр. «Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!» деген тілекпен кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

(от шашу)

Хор: «Ұстаз – ана»

Айханым

Бастауыштан алдық біз білім нәрін

Бар білімнің жинадық шырын балын

Бала деген ұстазға таратады екен

Менің осы мектептен ұғынғаным

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Сәрсенбай Еркеназ

Ұстаз сөзі күн нұрына пара пар

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол

Шуақ болып жүректерге таралар

слайд арқылы үздіктер мен екпінді балалардың, таза дәптер иегерлерінің дәптерлерін, өткізілген ашық сабақтардың суреттері көрсетіледі)

Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: 

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үміт пен сенімдеріңіз сақталады

Кезекте «Оқушылар шығармашылығы»

Қазақстан

Асқарбай Айымжан

Ешенәлі Алуа

Туған жер

Асқарбай Айымжан

Рысқұл Ескендір

Ұстаз туралы

Диқанбай Мөлдір

Каналбай Айғаным

Сисехан Нұрлыгүл

Білім туралы

Сәрсенбай Еркеназ

Ешенәлі Алуа

(оқушылар шығармашылықтарын оқып жатқанда слайд арқылы шығармаларына байланысты суреттер көрсетіледі)

Ескендір:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келді

Бар асылын бізге жиып мол берді

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласындай көреді

Асқарбай Айымжан, Сейсехан Нұрлыгүл, Құралтай Айару

Би: «Лизгинка»

(барлық ұлдар билейді)

Жүргізуші:

Арманым боп аңсаған

Мәңгілік қалдым мекендеп

Өзіңе арнап жыр айтап

Ардақтап сізді өтем деп оқушылардың ұстаздарға деген жылы лебіздерін тыңдайық.

Азамат:

Анамдай мейрімді құшақ ашып

Тұрасыз Раушан апай амандасып

Әр уақыт жылы сөзі шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып

«Қамқоршы және мейрімді номинациясымен» мектеп – директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы марапатталады

Ақылбек:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты

Үйрендік ажыраттық жамандықты

Жалғастырар ақ жолың сенің салған

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты

«Байсалды, мейрімді» - номинациясымен мектепалды даярлық тобынның мұғалімі - Әлия апай марапаталады

Азамат:

Бояу сырын үйреткен

Шын көңілмен жүрекпен

Ажар апай керемет

Сабақ берген суреттен

«Алтын қалам» бағамымен сурет пәнінің мұғалімі Ажар апай марапатталады.

Ертас:

Достарым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Үнемі айтады бізге - Жандос ағай

«Ақ көңіл» бағамымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Халықов Жандос Доғдырханұлы

Нұрлыгүл:

Русскому языку от нас поклон

кто из нас В вас не влюблен?

Вы душевный и добры , и при этом так умны

Знайте , не забудет вас

Выпускной четвертый класс.

«Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен орыс тілі пәні мұғалімдері Мустакимова Гузаль Медетхановна, Искакова Әлия Алтаевна апайларымыз марапатталады.

Айару:

Ағылшын пәнінің мұғалімі - Күребаева Сая Бекбергеновна марапатталады

Мөлдір:

Музыка – атты пәніміз

Айтылар онда әніміз

Нұрдан ағай үйретсе

Шырқатамыз бәріміз

Нұрдан ағай музыкантшы дер едім

Айтыңдаршы таласады оған кім?

Еленуде бізге істеген еңбегі

Айтады шәкірттері мың алғыс

Жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып тер төккен шаруада, көкті шарлаған ғарышкерде бәрі ұстаздан тәрбие алған.

«45 минут қызығы»

(балалар 45 минуттың қызығына байланысты қойылым көрсетеді)

Ән: «Ардақты ұстаз»

Орындайтын: Жүнісәлиева Гүлназ

Гүлсезім:

Әкешім тілеуімді тіліп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық к.ннен

Шаршайсың жұмыс істеп бірдер үшін

Ақылды балаларың оны білген

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Нұрлыгүл:

Ән: «Әке – ана»

Орындайтын:

Нұрлыгүл

Би: «Өзіңше болма!»

Орындайтын: қыздар тобы

Ән: «Ата-ана»

Орындайтын: Гүлсезім

(балалар орындап жатқанда балалардың отбасымен түскен суреттері көрсетіледі, ата-аналарды марапаттау)

Бегнұр:

Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат

Тай-құлындай бірге өскен достар қымбат

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

Ән: «Бастауышпен қоштасу!»

Орындайтын: Бәктірхан Ерасыл

Сынып жетекшісі:

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар

Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар

Бастауыштан алған нұрлы білімді

Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
1234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі