жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты. 5 "В" сынып. "Елі сүйген,елін сүйген Елбасы!"
Бекітемін:
Күні: 29.11.2019 ж
Сынып: 5 «В»
Сабақтың
тақырыбы: «ЕЛІН
СҮЙГЕН,ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
Сабақтың
мақсаты:
1.Қазақ
халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,
туып-өскен, оқып білім алған, қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат
беру;
2.Елбасының
өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,
халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа,
ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт
жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі:
слайдтар көрсету, шарлар, суреттер,
буклет
«Нұрсұлтан
Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің
Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер,
Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың құрметіне арнағалы отырмыз!
(Оқушылар 4 топқа топтасып отырады)
ІІ. Сұрақ- жауап:
1.Қазақстан Республикасының алғашқы президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2.Елбасы қай жылы,қай жерде дүниеге келді?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген)
3.Елбасының есімін кім қойған? (Әжесі Мырзабала)
4.Елбасының әкесінің есімі кім? (Әбіш)
5. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы президент болып сайланды?
(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды)
6.Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? (28 жыл)
7. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
8. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қалай аталады? (теңге)
9.Теңге қай жылы енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
10.Ата Заң күні қай қүн? (30 тамыз?)
(интеративті тақтада слайдтар көрсетіледі)
Бұл аталған күндер біздің мемлекетімізде ресми мерекелік күндер болып саналады. Бір неше жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді.
Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан республикасының тұнғыш президенті.
ІІІ.
Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін
еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың
өмір жолына шолу жасайық.
1-оқушы
Қазақстан дейтін менің бар елім
.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл
даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада
атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап
келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш
қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
Қ.Аманжолов
2-
оқушы
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған.Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша
өсіруіне көмек көрсету керек болды,
шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске
алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін
сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін
есек жеккен арбамен жақын маңдағы
теміржол стансасына бару дегенің керемет
мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,
жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
3-
оқушы
Ол
ерте есейді, орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды.
4-оқушы
Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
5-
оқушы
Сол
жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда
жауапты қызметтер атқарды.
6-оқушы
Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы, Теміртау
қалалық, Қарағанды облыстық және
республикалық партия ұйымдарында
экономикалық салаға жауап беретін хатшы
болды.
7-оқушы
Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
8-оқушы
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
9-оқушы
1995 ж. сәуірдің 29 – ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
10-оқушы
1999 – ж. қаңтардың 10 – ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды
11-оқушы
2005 ж. желтоқсанның 4 – інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
12-оқушы
Қазақстанның тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда халыққа үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.
IV.Топтық
жұмыс.Оқушылар
топтасып «Елбасы» сөзіне байланысты
өз ойларын жазады.
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президенті Қазақстан халқының жүрегінде ұлы адам, дана көшбасшы, кемеңгер дара тұлға ретінде ғана емес, сондай-ақ 30 жыл бойы өз халқына тыныштық пен бейбітшілік сыйлаған Ұлт көшбасшысы ретінде тарихта аты қалды.
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті.
Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.
13-оқушы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған.
Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.
14-оқушы
1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды.
15-оқушы
1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
16-оқушы
2007-2011 жылдар аралығында ҚР Парламенті сенатының төрағасы қызметін атқарды.
17-оқушы
2011
жылдың наурызында Тоқаев БҰҰ бас
хатшысының орынбасары,
2013 жылдың 16 қазанынан бері – Парламент сенатының төрағасы.
Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.
18-оқушы
Белгілі саясаткердің хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқиды.
Бұған қоса, өзі де тоғыз кітап пен халықаралық қатынас мәселелері туралы көптеген мақаланың авторы.
V. «Ой қозғау» Болашаққа саяхат«Егер де мен Президент болсам….»
(оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады және оқиды)
Мұғалім:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?
2. Басшы адам қандай болу керек? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
Қ-
қазаққа қызмет ететін
А- арманына
жететін
З- заңды жақсы білетін
А-
алға қарай жүретін
Қ- қайырымды
елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т-
толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі:Мен
боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Сабақты қорытындылау:
Мұғалім:
Мемлекет
басқару ісі – машақатты да, мәртебелі
міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені,
елімізді басқарар білімді басшымыз
барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған
осындай керемет заманда өмір сүріп
жатқан біздің қандай арманымыз бар?
Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге
танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін
танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың
аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге
жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан
көрініп, елбасымыз қолға алған
стратегиялардың арқасында мемлекетіміз
қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның
бәрі елбасыларымыздың арқасында.
Барлығы:«Осы
тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,
бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ
елінің ертеңі, болашағы үшін жауап
беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Қош сау болыңыздар осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Ән шашу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген