Ашық тәрбие сағаты . 3 сынып. Тақырыбы: Дәрумендер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты . 3 сынып. Тақырыбы: Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық тәрбие сағаты

4-сынып

Тақырыбы: Дәрумендер – біздің достарымыз

Мақсаты:

Балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністерді, жемістерді, жидектерді және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттілігі туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту;

адам үшін олардың мәнін ашу;

салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде рационалды тамақтану туралы түсінік беру.


Сынып сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Мұғалім: Сәлеметсіз бе, құрметті балалар. Бүгін бізде ашық сынып сағаты.

Менің сіздерге бірінші сұрағым- денсаулық дегеніміз не? (балалардың жауабы).

Мұғалім: барлығыныз , әрине, дұрыс айтасыз. Сау болу, күшті, төзімді, епті, әдемі болу. Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық.

"Ақша жоғалттың-ештеңе жоғалтқан жоқсың, уақыт жоғалттың – көп нәрсе жоғалттың, Денсаулық жоғалттың – бәрін жоғалттың»

Дұрыс тамақтанудың маңызды өмірлік қажетті компоненті -дәрумендер болып табылады.

Сондықтан біз сынып сағатын дәрумендерге арнадық.

«Ғажап дәрумендер!» өлеңі (оқушы оқиды)

Мұғалім: - Сонымен, бүгінгі біздің қонақтарымыз кім? (дәрумендер) .

Ал оларды қайдан алуа болады? (жемістерден,көкөністерден, басқа да азық-түліктерден)

СЛАЙД

А дәрумені.

А – маңызды дәрумен,
Бұл –  каротин.
Егерде кешке қарай сіздің көру қабілетіңіз төмендесе,тісіңіздің эмалі жұқарса,сізге мен керекпін.Менімен азаңызды қалай толықтыруа болады?Бар болғаны А дәрумні бар азық-түлікі жеу керек.


Витамин В.

Мен В дәруменімін!
Мен жалғыз емеспін, біз бір толық отбасымыз!

Егерде сіз әлсіреп, тәбетіңіз нашарласа,үнемі ренжіп,себепсіз жыласаңыз-сізге мен жетіспеймін! Үнемі көңілді болып, теріңіз кеппесін десеңіз- мені жеңіз.Ал мені қайдан табуға болады?

СЛАЙД

С дәрумені.

Мен дәрумен!
Көңілді – аскорбин!

Мен өте танымал дәруменмін.Мен барлық балғын жемістер мен жидектерде кездесемін. Мен болмасам, сіз жиі және ұзақ уақыт бойы ауырасыз, ал сіздің ағзаңыз ауруға қарсы тұра алмайды . Мен сізге суық тиюден қорғануға көмектемін.

Сіз мені қайда таба аласыз?

Д дәрумені

Менсіз өмір сүру мүмкін емес

Сүйектерің осал болады

Д дәрумені пайда болу үшін

Ультрафиолет қажет болады!

Мен ,аса маңызды дәрумендердің бірімін. Менсіз сіздердің бойларын өспейді,сүйектерің қатаймайды. Менімен жазда ,күннің көзінің астында кездесуге болады.

Мұғалім: Сіздер не байқадыңыздар? (барлық дәрумендер өзара тату , азық-түлікте бір ғана дәрумен емес,бірнешеуі бірақ кездеседі)

Ия, дәрумендер адамдарың көңіл-күйлерін көтеріп, денсаулыықтарын нығайтады, ал бұл-ең маңыздысы.

Сергіту сәті

Егер біз жердің астында өсетін көкөністерді жесек- отырамыз, жердің үстіндегісін жесек- қолымызды жоғары көтеріп, тұрамыз. (Картоп, сәбіз, қызанақ, қызылша, қияр, шалқан,бұршақ, асқабақ).

Конкурс «Дәруменді тап»

  1. Бұл дәрумен көздің көруін жақсартады, өсуге ықпал етеді, ағзаның ауруларға қарсы тұруын арттырады, теріні сауықтырады .(А дәрумені.)

  2. Бұл дәрумен ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын арттырады, қан тамырларын нығайтады, жараның жазылуына ықпал етеді, қызыл иектің, тістің мықты болуына жағдай жасайды. ( С дәрумені.)

  3. Бұл дәрумен ағзаның өсуі үшін қажет, әсіресе балалардағы сүйек пен тістің қалыпты өсуі мен дамуы үшін маңызды .( D дәрумені.)

  4. Бұл витамин-тағамды сіңіруге көмектеседі, теріні сауықтырады, ағзаның өмірлік күшін белсендіреді, қартаю процесін баяулатады. ( Е дәрумені.)

Қай дәрумен қай тамақта кездеседі?

1. Қара қарақат, тимұрын, апельсин, қызыл бұрыш, қызанақ, орамжапырақ ,жасыл пияз. (С дәрумені.)

2.Қара нан, салат, сәбіз, картоп, ашытқы. (.( Вдәрумені.)

3.Жұмыртқа , сұйық май, қара мал бауыры, арахис, шырғанақ, итмұрын. (Е дәрумені.)

4.Сәбіз, май, сүт, жұмыртқа, балық майы, бұршақ, орамжапырақ. ( А дәрумені.)

Конкурс «Мәзір құрастыру»

Сіздердің міндеттеріңіз алдарыңда жатқан сөздерден мәзір құру:

«ТАҢҒЫ АС» командасы - таңғы асқа қажет азық-түліктердің мәзірін құрайды.

«ТҮСКІ АС» командасы- түскі уақытта, түскі асқа қажет азық-түліктердің мәзірін құрайды.

«КЕШКІ АС» командасы - кешкі ас кезінде пайдаланылатын өнімдерден мәзір жасайды.

Қорыту.

Мұғалім: Бүгін біз витаминдердің пайдасы туралы, олардың ең көп мөлшерде кездесетін өнімдер туралы білдік. Қайталайық:


А дәрумені сүт, жұмыртқа, бұршақ, шырғанақ, сары майда бар. Әсіресе сәбізде көп. А витамині көру үшін өте маңызды.


В дәрумені дәндерде, бидай нанында, жаңғақ, ет, картоп, бұршақта бар. Ол жүректің жақсы жұмыс істеуі үшін қажет. В витамині жақсы көңіл-күй болуына жауап береді .


С дәрумені лимон, апельсин, тәтті бұрыш, мүкжидек, қырыққабат, пиязда бар. С витамині суық тию, тұмай аурулармен күресуге көмектеседі, адамды күшті және төзімді етеді .


D витамині балық майы, жұмыртқа, сүт, кілегей майында көптеп кездеседі. D дәрумені күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында пайда болуы мүмкін. Ол ағзаның өсуі, сүйек пен тістің дамуы үшін қажет.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.03.2019
3311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі