400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты " Алғыс айту -парызым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде ұстаз қауымдарына қажет болар деген мақсатпен жазып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,сандықша, шарлар ,слайд т.б.

- Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

«Алғысымыз шексіз!» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

1- жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы на 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.


Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған  – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

 1-жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, Президенттің бейбітшілік пен  келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жеріне қазақ халқына терең тағзым белгісі.

Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.

Жүргізуші: Олай болса ән Ұстазға мың алғыс


1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7.
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!



Жүргізуші: Би «Қазақ биі»


Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй -деп, келесі кезекті анна туралы әнге берсек. 4 «Б» сынып оқушысы

Марлен мен Іңкардың өнерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін-
Ризашылық қой әр елде- дей келе, енді 4- сынып оқушыларының  алғыс өлеңдеріне кезек берелік.

1.  Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

2-жүргізуші Арайлым: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Попури  » биі 

1-жүргізуші:  Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ  тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау  күні болады.

2-жүргізуші: Қазақстан халқы мәңгіліке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

1- жүргізуші :

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!


Көрініс: « Үлкенге құрмет


Біз қазақ халқының шексіз дарқандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады. Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Жасасын Қазақстан!
Баршаңызға мың алғыс!

2-жүргізуші: Бейбітшілік жасасын!

1- жүргізуші : Ынтымақтастық жасасын!

2-жүргізуші : Қазақстан жасасын!

1-жүргізуші:  Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Көңіліміз әсем әнге бір толсын,
Халқымызға қыдыр дарып, бақ қонсын.
Көңіл қойып тыңдаңыз көрермендер,
Есте қалар кештердің бірі болсын - 


Туған жер» атты әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Туған жер»

Бата бергізу

1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар.
2-жүргізуші:
Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
3554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі