400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық Тәрбие сағаты -“Мақал–сөздің азығы,жұмбақ – ойдың қазығы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптағы оқушылармен мақал-мәтелдердің мағынасын ашып,ойындар ойнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы
10 Жалпы білім беретін орта мектебі












Тәрбие сағаты



Тақырыбы: ««Мақал–сөздің азығы,

жұмбақ – ойдың қазығы»»




Өткізген практикант:Жумабаева Гулжайна
Сынып:6 “В









Ақтөбе,2024
 

Тақырыбы: ««Мақал–сөздің азығы,

жұмбақ – ойдың қазығы»»

Мақсаты: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тіл – қай ұлтта қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Ана тілімізді дамытып, орыс тілін қолданып, ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Міндеті: Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету, салауаттылыққа тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Барысы: 

Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.

Таза терең өткір, күшті, кең тілім.

Таралған балаларын бауырына

Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.

Жұмбақтар:

1 - топ: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)

1 - топ: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)

1 - топ: Бір кісі бар дүниеде,

Шемішке шағып тұрады.

Бұл кісіден әр уақыт,

Әркім мезгіл сұрайды.(сағат - часы - watch)

1 - топ. Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен (ай - луна - moon, жұлдыздар - звезды - stars)



2 топ. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler)

2 - топ. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц - rabbit)

2 - топ. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка - cat)

2 - топ. Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,

Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.

Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,

Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон - telephone )

2 - топ. Жаны жоқ, болса да,

Ақылды адам ісін істейді. (кітап - книга - book)



3 - топ. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук - onion)

3 - топ. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса - fox)

3 - топ. Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга - book)

3 - топ. Өзі кірді ашады, суға салсам қашады.(сабын - мыло - soap)

3 - топ. Жел соқса жайқалып толқиды.

Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең - песня - song)

Мақалдарды эмоджимен табу:

1.????,??????

2. ???

3. ??3⃣????‍♂

4. ????????

5. ????

1.Гүл өссе жердің көркі,қыз өссе елдің көркі

2.Ойыннан от шығады

3.Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаңда парызыңнан құтылмайсың

4.Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді 

5.Бала тілі бал

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.08.2025
128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі