400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты " Менің Отаным Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан! Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

Отансүйгіштік,патриоттық тәрбие беру.Ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға

тәрбиелеу Қолданатын әдіс –тәсілдер: топтастыру стратегиясы, миға шабуыл,қарлы боран әдісі,уақыт шеңбері әдісі,

бұлттар әдісі,топтық жұмыс, поэзия минуты,галерея әдісі. Көрнекілігі: қанатты сөздер,шарлар кестелер А4форматты қағаздар,маркер

Барысы:

1.Шаттық шеңбер Бақыт,тірлік-күн талабы, Тоқтамайды шаттық әні, Мәңгі бақи шырқалады Республикам Әнұраны. ҚР мемлекеттік Гимн орындату

2.Топқа бөлу. 1-топ «Астана» 2-топ «Алматы» 3-топ «Қызылорда» 4-топ «Шымкент»

3. Миға шабуыл «Әріптерден сөз құрау»

Менің Отаным Қазақстан Тәуелсіздік

4.Кіріспе сөз Қазақстан біздің сүйікті –Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары-осының бәрі Алтай, Атырау,Арқа мен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп,жасанып-жасарып жатыр.Осы Отанымыздың жерін сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ,бізге жеткізді. «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай,Отан-кең мағыналы, қасиетті ұғым.Әр адам өз Отанын,елін,жерін,тілін сүйеді

5.Топтастыру стратегиясы: -Балалар,Отан дегеніміз не?

Shape1

Отан





6. «Қарлы боран» әдісімен жұмыс: Қазақстан-ол біздің еліміз,жеріміз,туып өскен ауылымыз,ата-анамыз, бауырларымыз, туыстарымыз, достарымыз екен. Олай болса осы Отанымыз туралы не білеміз,біраз сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды? (1991ж16-желтоқсан) 2.Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана) 3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?(қазақ тілі) 4.Еліміздің Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев) 5.Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран) 6.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында? (9) 7.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5) 8.Қазақстанда неше облыс бар? (14) 9.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров) 10.Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? (теңге) 11.Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 ж 30 тамыз) 12.Біз Қазақстанның қай облысында тұрамыз? (Оңтүстік Қазақстан облысы)

7. Топпен жұмыс: Отан туралы мақал-мәтел жаздыру Мақал мәтелдің мағынасын ашу

8.Топтастыру стратегиясы: Патриот дегеніміз кім?

Shape2

Патриот дегеніміз кім?







9.Поэзия минуты (үш тілде өлең оқу)

1-оқушы Менің елім-Қазақстан,жүрегім, 3-оқушы Оан эмоңг мэни коунтри

Тек өзіңсің Отан-Ана,тірегім. Натив ланд мазе

Аман болсын елім,жерім,ұрпақтар, Натив ланд юниверс

Тәңірден осы менің тілерім. Натив ланд Казахстан

2-оқушы Менің елім-Қазақстан,Отаным, 4-оқушыКазахстан из май коунтри

Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын Казахстан из май ланд

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел, Ай лив хие өиз май фриндс

Арта берсін абыройың,атағың.

Жаса елім, жаса достық,бірлікпен,

Көштен қалма,қалма және тірліктен.

Елім менің-Қазақстан,Отаным,

Алға өрле үшінші мыңжылдықпен

5-оқушы Елімнің атын айтсам-Қазақстан, 6-оқушы Мерейім нұрлана бер,азат күнім,

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан Көрейін бақытымның азаттығын.

Қойнауы қазынаға толған мекен, Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Байлығын атын айтсам-Қазақстан! Танылды бар әлемге қазақ бүгін

7-оқушы Милые с детства места Детство-чудесный край,

Родиной мы зовем. Вечно цветущий май.

Это моя земля, Детство –мой добрый друг,

Это мой отчий дом. Радостный сердца стук

8-оқушы Дружба нам-помощница Мы любимой Родины

В каждом деле-каждому. Молодые граждане,

Всем нужны хорошие, Школьники и школьницы-

Верные друзья. Дружная семья.

9-оқушы Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерімізді-қыранымыз.

«Талап,еңбек,терең ой,қанағат қыл,

Рақым ет» деп Абай айтқан-ұранымыз.

10. Мұғалім сөзі:

Жыр айтқан балалардан айналамын, Елім деп еміренсе жанданамын, Жүректер «Қазақстан» деп күнде соқса, Марқаямын,мақтанам,қуанамын!- сендерді болашақта жақсы білім алып еңбек етіп Қазақстанның көркеюіне өз үлестеріңді қосады деп сенемін

11.Бұлттар әдісі бойынша жұмыс: «Адасқан әріптер» (сөздерді мағынасына тоқталып өту,үш тілде айту)

САНАТА(Астана) АҚҚАЗ ( қазақ) ТАҚЗАСҚАн (Қазақстан) ТАНО (Отан)

12. Топпен жұмыс: «Сөзден сөз шығару» «Қазақстан»

13. Галерея әдісі бойынша жұмыс: Жас суретшілер галереясы Оқушылардың салған суреттерін көрсету.

Қорытындылау:

1.Уақыт шеңбері»әдісі бойынша жұмыс: Оқушыларды шеңберге тұрғызу,қолдарына доп беру,шеңбер бойымен « Мен Отанымды сүйемін, өйткені......» деп өз ойларын жалғастырады.

2. Мұғалім сөзі

Қазіргі заман-білімділердің заманы.Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы,білім ал,Отаныңа адал қызымет етіңдер дей отырып «Атамекен» әнімен сабағымызды аяқтайық.





Тексерілді: 13. 12. 2016ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі