Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
Балалардың
ойлау,
қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Грамматикалық
талғада
жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін
көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен
бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Наурыз мерекесіне арналған
суреттер,
интерактивті
тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел,
бесік.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезені
—
Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар,
балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз
мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың
ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
—
Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз
жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен
күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға
бөлеп міне жатыр манайды!
Мал
біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат
болып қанымызға тарайды.
Төрт
түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің
күмбірлеген күйі еді.
«Аман
ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі
құшақтасып сүйеді.
—
Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап,
бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,
Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз
– Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ
мол болсын!
Жаңа
жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ.
Әңгімелесу
Наурыз
шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп
саналады. 21-22 наурызда күн мен түн
теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»
— жаңа, «руз» — кун деген сөздерден
алынып, жаңа жыл деген
ұғымды
білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады.
Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды.
Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде
дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп,
ойын ұйымдастырады.
—
Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты
болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка
қосу)
—
Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың
ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың
белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге
гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
—
Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз
наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын
ұсынады.
ІІІ.
Тақпақтар
1-ші
бала: Бата беріп атамыз,
Бата
беріп апамыз,
Тәтті
болып жасалған,
Наурыз
дәмін татамыз.
2-ші
бала: Көктем келді бүгін,
Күнім
төкті нұрын
Сайрап
барлық құстар,
Ән
салуға құштар.
Тәрбиеші:
Көктемнің алғашқы күндерінен бастап
жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер
өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері
деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын,
қызғалдақ. (интерактивті тақтамен
жұмыс)
3-ші
бала: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер
шықты жайнап.
Қызығып
ылғи барамын,
Қырға
шықты ойнап.
4-ші
бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз
тойы жырымен,
Көңіл
гүлдей жайнасың.
5-ші
бала: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек
қырда қаптады.
Қызығып
ылғи барамын,
Үзуге
бірақ батпадым.
6-шы
бала: Күн мен түн теңеледі,
Жер
шуаққа бөленеді,
Соны
тойлар ел енді.
7
бала: Наурыз тойы — салтымыз,
«Көгерсін»
— деп халқымыз,
Көшеге
тал егеміз.
Тәрбиеші:
Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір
кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн
қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды.
Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды.
Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті
тақтадағы суреттерді көрсету)
8
бала: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем
келді еркелеп.
9
бала: Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра
бұлақ еркелеп,
Көкте
бұлттар күркіреп,
Жерге
төкті өрмегін.
10
бала: Қар су болып жөңелді,
Қалды
дала жалаңаш,
Күн
нұрына кеңелді.
11
бала: Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада
ән салды.
Оларды
жас достары,
Ұя
жасап қарсы алды.
12
бала: Сүті көп те, көмірі аз,
Болады
ғой Наурыз!
13
бала: Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз
бәріміз.
Жарасу
бар, жаулық жоқ,
Қандай
жақсы Наурыз!
14
бала: Көкке бояп өңірді,
Көктем
келді көңілді.
Бау-бақшада,
орманда,
Құстар
әні төгілді.
15
бала: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз
келді – жыл басы.
Шуақ
төкті жарық күні,
Мейрамында
халықтың.