|
Сабақтың
басы
|
-Сәлеметсіңдер ма,балалар?
Бүгінгі тәрбие сағатын сендерге мен жүргіземін. Менің аты-жөнім
Балмагамбетова Гульназ Есимхановна.
Танысып болсақ сабағымызды
бастаймыз.
Назарымызды экранға
аударайық.
Көрініс: Ата мен
бала
Атасы отырады. Бала кіріп
келеді.
Немересі:
-Ата,ата
Атасы:
-Ау қарағым, не
болды?
Немересі:
Ата, Отан деген
не?
Атасы:
Отан
деген сенің туған өлкең,
ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер.
Немересі:
-М мммм. Ата, Отан неден басталады?
Атасы:
Балам, оны білу үшін сыныптастарынмен
«Шатасқан әріптер» ойының ойнап көріңдер.
Отан - отбасынан басталады
деген мақал шығады.
-Балалар, Отан отбасынан
басталады дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың
жауаптары)
Отбасы кімдерден
құралған?
-Дұрыс айтасыңдар. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің
жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін
сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр
адамның жүрегінен орын алуы керек. Отанымыздың, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму
деңгейі осы отбасынан басталады.
-Жақсы, сабағымызды әрі қарай
жалғастыру үшін келесі тапсырманы
орындайық.
|
Интербелсенді тақта. видео
Таратпа
материалдар
|
|
Сабақтың
ортасы
|
ЖЖ.ТЖ.
Боя:
-Қазыр
сендерге ақ парақтар таратамын жұппен отырып бояйсыңдар. Бояп
болған соң шықан суреттердің кескіндерін топтарында талқылап,
тақырыбын анықтайсыңдар және топтан 1 бала шығып қорғайсыңдар. Әр
баладан кейін өзім толықтырып отырамын.
1. 1938 Балқаш кен-металлургия
комбинаты болып құрылған. Мұнда мыс
шығарады. Сонымен қатар, алтын, күміс, платина
және
басқа түсті металлдар шығарылады. 1997 жылы Балқаш кен-металлургия
комбинаты «Қазақмыс» корпорациясының құрамына
кірді.
2. Сазан-
Біздің қаламыз Балхаш көлімен және ондағы балықтарымен мақтана
алады.
3.Ескерткіштер. Біздің қаламыз күннен күнге көркейіп келе
жатыр. Балқаштықтар қаламыздағы мәдени ошақтарымен де мақтана
алады.
-Дұрыс
айтасыңдар, балалар. Бұл суреттер біздің кіші Отанымыз Балқаш
қаласына байланысты болатын.
-Балалар,шаршап қалған боларсыңдар. Бір сергіп алайық. Олай
болса қазыр, бәріміз кіші Отанымыз Балқаш қаласының жаңбырының
жауысын салып көрейік.
1.Алақанды уқалау
2. Қолды
шатырлату
3. Тізені
ұрғыштау
4. Қолды
шатырлату
5.
Алақанды уқалау
-Ал
сергіп алған болсақ,келесі тапсырмамызға көшейік
ТЖ
Құрастыр!
Әр топқа
суреттер беріледі, олар құрастырады. Шыққан суретті топта талқылап,
бір оқушы қорғайды.
1.Астана
қаласы –еліміздің жүрегі, яғни,
астанамыз. Биыл астанамыз Астанаға 20 жыл толды. Мұны жазда тойлап
өткен болатыңбыз.
2. Біз достығымыз жарасқан көп ұлтты
мемлекетпіз. Біздің елде 130 астам ұлт өкілдері тұрады.
3.Рухани жаңғыру деген жан дүниеміздің ,
санамыздың тазаруы және ұлтық дәстүрлерімізді жаңғырту. Сонымен
қатар тарихи -мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырту болып
табылады.
-Өте жақсы,балалар. Бұл мәліметтердің бәрі үлкен
Отанымыз Қазақстан туралы болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын
жүзеге асырып, одан әрі дамытатын білімді ұрпақ деген болатын .
Сондықтын әр оқушы білімді болуға, әр адам,өз Отанын қорғауға,
сүюге және оның өркендеуіне өз үлестерін қосуға міндеті.
-Ал, сендер болашақта Отанымыздың өркендеуіне
қандай үлес қосасыңдар?
|
Слайд, ақ
қағаздар, бояу, қылқалам ,су
Слайд,
таратпа қағаздар, желім
|
|
Сабақтың
соңы
|
Рефлекция:
«Бірлік»
-Келіңдер,ортаға шығып бір-біріне қарама-қарсы тұрыңдар.
Қазыр,сендер мына жіпті бір-біріне бересіңдер және өздеріннің
болашақта Отанға қосатын үлестеріңді айтасыңдар. Мысалы:мен
оқушыларды білімді азамат етіп шығарамын.
-Балалар.
Жіп бізді не істеп тұр? Біріктіріп.
-Дұрыс
айтасыңдар, біз әрқашанда бірігіп жұмыла жұмыс жасасақ үлкен
белестерді бағындыра аламыз.
-Сабақ
осымен аяқталды.Рахмет
|
жіп
|