жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты " Отбасындағы әкенің рөлі" 10-сынып
Ашық тәрбие сағаты
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы
Уткелбаев Аман Аманжолович
Сабақтың тақырыбы: " Отбасындағы әкенің рөлі" .
Сабақтың мақсаты: Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым- қатынысты нығайту. Мектеп ұстаз және ата-ана бірлігін нығайту.
Сабақтың түрі: шығармашылыяқ ізденіс.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, пікірталас
Жабдықталуы: интерактивті тақта, шарлар. Көрнекіліктер: Қанатты сөздер. "Ата көрген -оқ жонар, ана көрген -тон пішер", түрлі түсті қағаздар ,түрлі түсті ленталар ,АКТ , нотбук ,маркер, бейне ролик, күннің макеті. "Әрбір отбасында ырыс болсын , ырысы жұртқа жұғысты болсын"
(Н.Ә.Назарбаев)
1) Ұйымдастыру.
Бүгінгі
сабағымызда мынадай жоспар бойынша
орындаймыз:
I.Кіріспе
бөлім
II.
Бейне ролик
III. « Кім жылдам»
ІV
Сыр-сұхбат бөлімі
V.
«Жалғасын тап»
VI.Қорытынды
Әкеден
артық арман жоқ,
Әкеден артық қорған
жоқ,
Әкеден артық дана жоқ,
Әкеден
артық пана жоқ.- дей отырып, «Отбасындағы
әкенің рөлі» атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі
тәрбие сағатымызда әкелер туралы ой
қозғалады.
Енді сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз ортаға шығып топқа бірігейік. Балалар мына тұрған шеңбер неге ұқсайды.Сол кезде оқушылар шаңырақ деп жауап береді.Ия балалар шаңырақ ненің симвылын білдіреді . Жанұяның және отбасының деп жауап береді.Ал балалар онда біздің бүгінгі сабағымыз Отбасындағы әкенің рөлі туралы болмақ.
Оқушылар екі топқа орналасады. Топтың аты (Шаңырақ тобы және Отбасы тобы )
I.Кіріспе
бөлім
«Әке
- шаңырақтың негізгі тірегі» Әр шаңырақта
әкенің орны ерекше.Әке отбасының
асыраушысы,отбасы мүшелерінің
тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез
құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері
мен білімі - баланың көз алдындағы
үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін
нысанасы,оның тәрбиелік рөлі өте зор.«Әке
- балаға сыншы»дейді халқымыз.
Ер
бала әкесімен сырлас,дос,жолдас.Ол
әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі
әкесімен сырласады.Ер баланың
өсіп,жетіліп,өз алдына жеке тұлға болып
қалыптасуына,қоғамдағы өз орнын дұрыс
табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Иә, әке – үйдің патшасы. Дегенмен бала
тәрбиелеудің бабалардан жетіп, алайда
қаймағы бұзылғалы тұрған тағы бір әдісі
бар. Ол – қас-қабақпен басқару, тәрбиелеу.
Яғни, «әке мысы», «сесі», «қатулығы».
Оның бұл қаталдығы, талапшылдығы баласын
жек көргенінен емес. Түздегі әке
перзентін, ұрмаса да, ұрыспаса да, бала
содан қаймығып сескеніп, құрметтеп өсуі
тиіс. Еркек образының жиынтығын әкесінен
көргені абзал. Ол үшін аналарымыздың
көмегі қажет.
Олар
балаларына «әкең біледі», «әкең шешеді»
«әкеңмен ақылдас», әкең ренжиді, әкең
рұқсат бермейді» дегенді жиі айтып, өзі
де күйеуіне патшадай құрмет көрсете
білуі тиіс.
Қазақ
халқында «Бір
бала бар әкеге жете туар, бір бала бар
атадан өте туар, бір бала бар атадан
кері туар»деген
тұжырымға, баланың қандай болмағына
негіз қалайтын да әкенің өзі.
Бірде
қарт Құнанбай баласы Абайды шақырып:
«Балам, сен әкеңе жете туғансың ба,
өте туғансың ба?» деп сұрайды. Сонда
Абай: «Әке, мен өте туғанмын, өйткені
мен ақын болдым» деген екен. Аз ғана
ойланған дана Құнанбай: «Жоқ, сен маған
жете тудың. Өте туу үшін Абай секілді
бала тәрбиелей алуың керек» деп жауап
қатқан деседі
— «Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
II.Бейне
ролик
көрсету.
Бейне
роликте ата-анасы туралы және баласы
туралы өз ойларыңызды айтасыздар ,
Ал
ата-аналар өздеріңіз де өз ойларыңызды
айта отырыңыздар.(Айтып болған соң)
.
Енді
мынандай сұрақтарға жауап беріп
көрейік.
1.Әке баласына неге
ренжіді?
2.Баланың орнында сендер
болсаңдар әкеңізге қалай жауап берер
едіңіз?
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» - деп Әл - Фараби асқан көрегендікпен айтқан
IІІ. " Кім жылдам" әдісі арқылы Тест сұрақтары қойылады.
Тест сұрақтарына жауап береміз. 10 сұрақ. Отбасына байланысты сұрақтар қойылады.
1) Отбасының басты тірегі кім ? а) Ана в) Әке с) Ең үлкен бала
2) Әкеден балаға берілетін зат ? а) Үй в) Мұра с)Қазына
3) Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз? а) Ана в) Әке с) Екеуінің де
4) Бес дұшпанды атаңдар? жауап а) өсек, өтірік, мақтаншақ еріншек,бекер мал шашпақ
5) Әр адамның бір-біріне адалдығы а) қарым -қатынас в) достық с) жақсы сөз
6 Бала сізден шығарма жазуға көмек сұрайды а) Өзің жаз сонда ғана үйренесің в)мазмұнына оқып нұсқау беруге қол ұшын бересіз с) Өз ойымен жазады
7) Егер сіз баланы жазаладыңыз , содан кейін сіз дұрыс істемегеніңізді сезіндіңіз а)өз беделіңізді түсірмеймін деп үндемейсіз в)Кешірім сұрайсыз с) Үлкендердің қателесетінін түсіндіріп айтасыз,
8) Тәрбие мен білімнің ордасы а) Отбасы в) мектеп с) балабақша
9) Бала сізді сұрақпен жаудырып ,сұрақ сұрап жатыр сіз шаршап тұрсыз. а) бір сәт демалайыншы в) Ойланбастан жауап беремін с) шаршағаныңызды түсіндіресіз
10)
Бала сыныптасымен төбелесіп қалды
,сізді тез арада мектепке шақыртып
жатыр, не шара қолданасыз ? а) Ызалықпен
жазалайсыз в)Ең алдымен сынып
жетекшісімен сөйлесесіз с) жөн сұрап
,қай себеппен төбелес шыққанын , содан
кейін шешім қабылдайсыз.
дұрыс
жауапты А,В,С нұсқалары арқылы
көрсетесіздер.Интербелсенді тақтаны
қолданып көрсетемін.
"Тығырықтын шығу"әдісі бойынша ситуациялық сұрақтар қойылады.
1.Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз сіздің өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істейсіз?
2.Сенің өзіңнің адал досың бар бірақ онымен ата -анаң дос болуға қарсы.
Сен не істейсің?
3. Егер балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз балаңызға қандай шара қолданар едіңіз?
4. Пән мұғалімдарі сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың ,не істейсің ?
IV.Сыр-сұхбат бөлімі
Әкелерге ой қозғау үшін мынадай сұрақтар. Назар аударыңыздар.
1. «Әкеге қыз бала жақын» дейді. Осы пікірге қөзқарасыңыз?
2. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде болуына қалай қарайсыздар?
3. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
4. Қызыңызды тәрбиелеуде қандай қағиданы ұстанасыз?
V.
«Жалғасын тап»
Ал
балалар ана,әке туралы жырламаған
ақын,жазбаған жазушы жоқ шығар.Олай
болса,қане оқушылар әке туралы мына
мақалдардың жалғасын тауып көрейік.
1.Атаға
қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5. Әке - бәйтерек,бала...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Әкеден - ақыл,анадан...
8.Әке - балаға...
9.Әке
тұрып бала сөйлесе - ер жеткені,
Шеше
тұрып қыз сөйлесе -...
10.Әке
көрген оқ жонар,...
Күннің шуақтарын әкеге теңеу ретінде толтыру.Оқушылар тақтаға шығып күн шуақтарын толтырады.
Ия,оқушылар
дұрыс айтасыңдар Дүниедегі адамзат
үшін ең ардақты адам - Әке.
Солай
емес пе балалар?!
Олай
болса,өзіміздің әкемізге деген
махаббатымызды өлеңмен жеткізіп көрейік
а)Сыныбымыздың үздік оқушысы Махашева Нұрсұлу өз отбасы туралы шағын әңгіме жазып келген екен , соны тыңдап көрейік.
б) Сыныбымыздың жас ақындары Темірбеков Жақия мен Файзулла Дінмұхаммед өз шығармаларынан өлең жазып келген екен тамашалайық.
в) Сыныбымыздың оқушылары ата-ана туралы хадистер мен дана сөздер оқиды
Рефлексия
Біз бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздан нені ұқтық және бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Алдарыңдағы стикерлерге сабақ туралы нені меңгердіңдер соны жазып үміт ағашына барып жабыстырамыз
Қане барлығымыз бірге бүгінгі сабағымызды баршамызға белгілі «Әке туралы жыр» әнімен аяқтайық.Караокеге қосылып айту
Сабақтың соңы:
Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Көңіл бөліп келгендеріңізге көп,көп рахмет ,
Кездескенше күн жақсы болғай, сау болыңыздар.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Отбасындағы әкенің рөлі»
Сыныбы: 10
Өткізген: Уткелбаев Аман Аманжолович
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген