жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты « Қызым –қызғалдағым, ұлым –ізгі арманым»
Ашық тәрбие сағаты : « Қызым –қызғалдағым, ұлым –ізгі арманым»
Мақсаты: қазақ қызы мен ер баланың бойына тән қасиеттерімен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстырып, өзара сыйласымдылықты, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі : слайд –шоу, мақал мәтелдер
ҚР гимні орындалады
Мұғалім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар және оқушылар «Қызым –қызғалдағым, ұлым –ізгі арманым» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
«Белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен білім ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген”,- деген Г.Н.Филоновтың пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Жүргізуші :
Қыз бен ер баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ер баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды , ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына , қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін , алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайын сіңлілерін , қайындарын атымен атамай еркелетіп Еркежан, Шырайлым, Төре жігіт деген сияқты аттар қойған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болған , баратын жеріне шығарып салу әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» дей отырып, осы қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.
Міне , біздің ата бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келді. Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып , сонымен бірге ата- анасы да үлкен мән береді. Олар қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға үйретіп , жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау , оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу,көрпе көктеу т.б. өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып -ақ үйретген.
Ата бабамыз қыз бен ербала тәрбиесінде оның үй ішінде өзін ұстауына көңіл бөлген. Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі.
Ол адамды адам етіп тәрбиелейді, ана тілінде сөйлетеді. Халқымыз «Қызға қырық үйден, қала берсе қара күңнен тыйым» деген мақалда қаншама философиялық ой сыйғызған. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінде тек қана анасы, әкесі жауапты емес, бүкіл ауыл , ел жауапты болып отыр.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әбунасыр әл Фараби айтқандай, мектеп жасындағы қыз бен ер бала тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.
Слайд көрсету .
А) Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты –тазалыққа,ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып баланың көп білуге құштарлығын арттыру .
Ә) 5-8 сыныптарда тәрбие әрі қарай дамиды. Жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала бәрін анасына айтады. Сол шыншылдығы баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық ,үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу , тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты міндет.
Б) 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала ата анасын ,туыстарын, ұстаздарын, ұстаздарын сыйлап қадірлей білуді үйренсе,болашақта елін, жерін, халқын сүйетін , өз шаңырағын ардақтайтын , балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз.
Қазір жасыратыны не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесінде, қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады. Ал қоғам сіз бен бізден, ата- аналардан ,ұстаздардан құралмай ма?
Қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио ,теледидар, газет- журналдар, кинолар, дискотекалар жан жақты әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да , жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата аналары күнұзақ жұмыста , бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт аз.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық .
Қыз емес , қыздың аты қызыл- алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, - дегендей біздің халқымыз қыз деген сөздің өзі әдеміліктің , әдептіліктің , жан жақты сұлулықтың рәмізі ретінде
қолданылады.
Қыздар сөйлейді
1 оқушы:
2 оқушы:
3 оқушы:
4 оқушы:
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді?( Слайд көрсету)
- нәзіктік, сұлулық
- ұяңдық , инабаттылық
- сыпайлық, ұялшақтық
- өнерлік ,іскерлік, шеберлік
- ақниеттілік, ақкөңіл қасиеттер
Слайд көрсетіледі
Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлген
1) Әдемі қыз – баппен сөйлеп,биязы күліп, жақсы жаманның жөнін біліп тұратын.
2) Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып, баурап алатын,бірден көзге түсе қоймайтын.
3) Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
4)Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы , сөзі салмақты,ісі тиянақты.
5)Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал бұл жанған, тәні шымыр.
6)Ару қыз- бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.
Нағыз жігіт қорған болар халқына,
Нағыз жігіт берік болар антына.
Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрді ,
Адал болар ата -баба салтына , -дей келе ұлдар жайлы өз ой толғаныстарымызды ортаға салайық.
Ұлдар сөйлейді .
Сөз кезегін қонақ болып келген ата- аналарға берейік.
Сіздің
пікіріңіз.
Ата – аналармен өткізіледі.
1.
Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай
деп ойлайсыз?
2.
Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл
бөлер едіңіз?
3. Ұсыныстарыңыз
Сыңарын
тап
Ата
–аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын
мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды…………
(ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл
сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз
сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап
тал өсер…………… (қатарына қарап бала
өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың………….
(көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1.
Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2.
Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3.
Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4.
Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз
бала сорлы бала)
5. Ұяда не
көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
Қыздар деген -қызыл гүл ғой,
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген- жігіттердің
Асыл арман ,ақ таңы
Қыздар деген әсем ән ғой
Қыздар деген- бақыт құсы
Қолға оңай қонбаған.
Қыздарды сыйлай білетін,
Жөн сөзді тыңдай білетін,
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлдарымыз, -дей отырып қыздар мен ұлдар өздері дайындаған сыйлықтарын бір- біріне сыйласын.
Мұғалім келген ата аналарға сыйлық береді.
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Мұғалім сөзі : Құрметті ұстаздар және оқушылар , бүгінгі тәрбие сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бұл -әрбір
адам болам , азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін, ата аналары әрқашан да бірге болсын деген тілекпен тәрбие сағатын аяқтаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген