Ашық тәрбие сағаты . Тақырыбы "Ана тіршілік тірегі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты . Тақырыбы "Ана тіршілік тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты «Ана – тіршілік тірегі» тақырыбында ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ананың қоғамдағы және отбасыдағы рөлін түсіндіру, құрмет пен қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : « Ана- тіршілік тірегі»

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

1 - жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


2 - жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.


1- жүргізуші:

Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!


2 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыттайды, -
дей келе 8 «А» сынып оқушыларының

« Ана- тіршілік тірегі» атты мерекелік тартуларын қабыл алыңыздар.


1 - жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, –
дей келе құттықтау сөз кезегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құлмағанбетова Бақыт Зиғалладинқызы- на беріледі.

2 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, -
деп ақ жаулықты әжелеріміз бен абзал аналарымыздың құрметіне «Мама» атты әнін Ерғали Айнамкөз бен Уалиева Шахназдың орындауында қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім - кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.


2 - жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл - қыздарыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар!
Көрініс « Кешірші мені, ана!»


1 - жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, -
дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.


2 - жүргізуші:
Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Ана» Орындайтын: Мұхамбетқази Таңнұр


1 - жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар
деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз. Аналарымыздың балаларына көп қолданатын сөздерінен узінді


2 - жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, -
дей отырып Бақтыбайқызы Айкөркемнің жүрек тебірентер « Жетім қыз» атты монологын қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.


2 - жүргізуші:
Қамымды ойлар күн - түні,
Анам - менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, –
дей отырып Ерғали Айнамкөздің аналарға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!


1 - жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Жігіттер мен ару қыздар

келді міне толқып, тасып. Жігіттеріміз бен қыздарымыздың коунтри биін тамашалаңыздар!


2 - жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?


1 - жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті емес пе?


2 - жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, –
деп келесі кезекте өздеріңізбен бірге бір ойын ойнасақ қалай қарайсыздар?


1 - жүргізуші:

1-ойын «Жылы алақан» деп аталады. Ортаға ұлдарымыз бен ұл балалардың аналарын ортаға шақырсақ. Ойынның шарты: ұлдарыңыз сіздердің алақандарыңызды ұстап өз анасының алақанын табу керек.

Бұл ойынның түйіні құрметті ата –аналар: « Ананың алақаны -бала үшін жұмақтың бір бөлшегі». «Жылы алақан» ойыны арқылы бала анасының жылуын сезініп, өзін қауіпсіздікте сезінеді, ананың алақаны -бала үшін ең тыныш, ең мейірімді мекен. Осылайша біз баланың жүрегіне мейірім егіп, оның жан дүниесін шуаққа бөлейміз, Балаларыңыздың қолынан жиі ұстаңыздаршы, өйткені сол жылу оған өмірдің кез келген суығында қуат береді.


2 - жүргізуші:

Ендігі кезекте ару қыздарымыздың аналарын ортаға шақырғымыз келіп отыр. 6 қыз баланың анасы шықса . Ойын « Анасы баласының дауысынан тану» деп аталады. Ойынның шарты: көптеген дыбыстардың ішінен өз қыздарыңыздың үнін жазбай тану.

Ойынды қорытындылай келе көптеген дыбыстардың ішінен өз баласының үнін жазбай тану- тек анаға тән қасиет. Себебі ,баланың даусы ананың құлағында емес, тікелей жүрегінде жаңғырады. « Ана жүрегі –сезгіш, ана көңілі- дария». Көз жұмулы болса да , көңіл ояу екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Өз перзентінің үнін жазбай таныған аналардың сезіміне тәнтіміз. Осылайша бір- біріңізді әрқашан сөзсіз түсініп, дыбыссыз сезіне беріңіздер.


1 - жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. –
дей келе көрініс: « Әжесі мен немересі» , «Дүниеде не қымбат?» . Ортаға Сұлтанмұрат Ақниет пен

Сәйдім Бибінұрды шақырамыз ,қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!


2 - жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары


1 - жүргізуші:

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.


2 - жүргізуші:

Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.


1- жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.


2- жүргізуші:

Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана.


1- жүргізуші:

Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

Хор: « Анашым-ай» әні.


2 - жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Ана- тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!


1- жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осыменен концертіміз аяқталды.

Сау -саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі