400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты " Татулық –достықтың киелі бесігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

Директордың ТІЖ орынбасары: __________


Мектеп: Ш.Құдайбердиев № 32 ЖОМ

Күні: 7.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні :Ахмеиова Ф

Сынып: 3 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың бас ақыны Абайға 175 жыл

Осы сабақта қол жеткізілетін тәрбиелік мақсаттар

Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Абай Құнанбаевтың ұлы ақын екенін біледі

Оқушылардың көпшілігі:

  • Абайдың шығармаларын жатқа айта алады

Кейбір оқушылар:

  • Алған білімдерін өмірде қолдана алады


Жетістік критерилері

Негізгі ой мен тақырыпты анықтай алады.

Сөздік қор

Абай Құнанбаев

Құндылықтарды дарыту

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет,тарих,өзін –өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Абай туралы және оның шығармалын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



7 минут

  1. Шаттық шеңбер

Достарымның барлығын

Сыйлап жақсы көремін

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін-деп өлеңді бірге хормен айту












Сабақ ортасы 25 минут






Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.

Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл - қыз дарынды,
Халқының әдет - ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.

Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.
Жазира, дархан бел еді.


2.Топтық жұмыс

1-топ Абай кім?

2-топ Абай қандай шығармалары бар?

3-топ Абайдың қандай аудармалары бар?



3. Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу - білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.


Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!


Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді.
Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық.


Оқушылар Абайдың өмірбаянын айтып шығады

  1. Абай – ақын.
    - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
    - «Қыс»
    - «Жазғытұры»
    - «Жаз»
    - «Күз»
    - «Ғылым таппай мақтанба»


  1. - Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
    Абай – сазгер.
    - Абай қазақтың ән - күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

    • Тәңір қосқан жар едің сен
    • Сегіз аяқ
    • Көзімнің қарасы
    • Қор болды жаным
    • Бойы бұлғаң
    • Айттым сәлем, Қаламқас
    • Біреуден біреу артылса
    • Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
    • Сен мені не етесің?
    • Ата - анама көз қуаныш
    • Сүйсіне алмадым сүймедім
    • Желсіз түнде жарық ай

    Ән «Көзімнің қарасы»



  1. Абай – ойшыл.
    - Абай - ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
    Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
    Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
    (Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)



  1. Абай – аудармашы.
    - Абай орыс ақыны А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М. Ю. Лермонтовтың, И. Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И. А. Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
    - Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»













Кітап


























А4 форматты қағаз,маркер






Абай суреттері
































Ноутбук



















Ноутбук

Сабақтың соңы

8 минут

Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең - өзені.

Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар - ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!

- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
1539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі