400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты " Тәуелсіз елім – тірегім" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының өткен тарихына шолу жасай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған тілін сүюге баулу, елі үшін құрбан болған ата-баба рухын құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәуелсіз елім – тірегім


Мақсаты: Қазақ халқының өткен тарихына шолу жасай отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған тілін сүюге баулу, елі үшін құрбан болған ата-баба рухын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: туған жері, тіл туралы, Отан туралы, ерлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, буклеттер, оқушылар салған сурет көрмесі.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

1ж: Армысыздар, Отандастар! Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

2ж: Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай 4Ә-сыныбында өтіп жатқан «Тәуелсіз елім – тірегім» атты ашық тәрбие сағатына хош келіпсіздер!

Жыршы: Тәуелсіздік туының бейбіт аспан астында еркін желбірегеніне биыл 26 жыл толды. Бұл бабаларымыздың асыл арманы, тәтті қиялы еді.

Мен қазақпын, кеңмін мен байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ж: Қазақ елі – сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, үндіні билеген Бабырдың елі.

Жыршы: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.


Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ жері - өнерлі, өсиетті.

Мысырды билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасиетті.


Қорлаған жау – басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстай

Қорғап қалды ел бағын алыптарым.



Тарихшы: 1723 жыл ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі қаннен – қаперсіз, шат-шадымен жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырын халық ақ табан болды. Аңдыздаған жұрт қасиетті Қаратауға көштің бетін бұрып, бас сауғалады.


Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған қиын екен,

Қара көзге мөлтілдеп жас келеді-ай.


Т: Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің-елдігін, ердің-ерлігін соңғы рет сынайтын күн келді. Жауға соққы беріп, жалпы жұтты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.


«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.»

«Туған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік,

Бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!» - деді Төле би атамыз. Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді.


Жүргізуші: Халық бір тудың астында, «Сабалақ батыр» аталған Абылайды хан көтерді.

«Абылайлап» Сабалақ қол бастады

Абылай хан атанып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.


Ат ауыздығымен су ішкен,

Ер етімен су кешкен заман болды. Қалың елді Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастап, жауды Аңырқайда аңырата жеңді.


Жаугершілік заманда ел мен жерді қорғауда ерекше көзге түскен Сартай батыр мен оның мың баладан жасақталған қолының ерліктері олардың рухын асқақтатты.


Қаралы қалмақ қырғынынан соң, ес жиған елді есеңгіреткен, ердің намысын өртеген тағы бір оқиға – Қоқан хандығының жүгенсіздігі болды. Елім деп туған ер Сыпатай халық бірлігін қорғап, туын көтерді.


«Мықтымын» деп қоймаған қоқандауын,

Ықтырды көп Сыпатай Қоқан ханын.

Ойран етті ниетін басқыншының,

Ойлап өтті бірлікті – Отан халін.


Т: ХVIII-ХIХ ғғ. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек күткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлады. Оған қарсы қазақ шаруалары ызаланып, кек көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі сәтсіз болса да, ел намысының айғағы еді.

Орнатам деп Исатай бостандықты,

Ордадан кек, құптауды достан күтті.

Жаңғырған мың шаруа күресінен

Жәңгір хан мен Ақ патша жасқаныпты.


Т: 1916 жылы қазақ даласында ұлт –азаттық көтерілісі болды.

Ардагер Амангелді ердің ері,

Кең өріс, жалпақ дала туған жері.

Елі мен мекенінің туын ұстап,

Жол бастап қан майданда аққан тері.


Т: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.


Т: 1941-1945 жылдарды қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

Батырлықты халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы бастады. Аяулы қыздарымыз да ерен ерлік көрсетті.

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне.

Ұрпақтары қаһарман бабалардың

Тәуелсіз қамалын көрді, міне.


Т: 1986 жылы 16 желтоқсанда бұрынғы астанамыз Алматы қаласында «Желтоқсан оқиғасы» болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. «Желтоқсан желі» дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. «Құйын» операциясы көптеген жастарды мерт қылды. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең атыңдар.


1 Ж: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2Ж: Иә, сонау дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жері үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

Енді найзаның ұшымен, білектің күшімен елін, жерін қорғаған, тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз!


1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

1991 жылы 1желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Міне, содан бері қанша уақыт өтті. Қазақ халқы елбасы Н.Назарбаевтың көшбасшылығымен әлемде өзіне лайық орын алу үшін аянбай күресуде. Ал енді осы 22 жылда жеткен жетістіктерімізге тоқталайық.


1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктер, жылдар бойынша айтылады.


Тәуелсіз ел атандық, биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі мәлім атың.

Ата-баба қанымен, келген бізге.

Тәуелсіздік құт болып, қонды еліме.

Қорғап сені өтетін өле-өлгенше,

Мақтанамын әлемге мен – азатпын.


Өмірімізді өзімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

Бұл «қазақ» дейді.


Ән: «Атамекен» Қолдарында жалаушалар, гүлдер, шарлармен әнді орындайды.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
941
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі